Тест сұрақтары
-
Сүйір бұрышы 30° тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрінен ұзындығы 6 см болатын жазықтыққа перпендикуляр тұрғызылған. Перпендикулярдың жазықтықтан тыс жатқан ұшынан үлкен катетке дейінгі қашықтық 10 см. Үшбұрыш гипотенузасының ұзындығын табыңыз.
-
Ох осін А(-6;0) нүктесінде жанайтын және В(-10;4) нүктесі арқылы өтетін шеңбердің центрі мен радиусын табыңдар
-
Конус биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 cм. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.
-
Табанының қабырғасы 9 см және биіктігі 10 см болатын үшбұрышты дұрыс пирамидаға сырттай шар сызылған. Шардың радиусын табыңыз.
-
A(1; 3), B(5; -7), C(-1; 9) төбелері болатын ABC үшбұрышының BM медианасы жататын түзудің теңдеуін табыңыз:
-
Төбелері A(3; 4; -1), B(2; 3; -1), C(2; 4; 0) болатын үшбұрыштың АС табанындағы бұрыштарының қосындысын табыңыз.
-
Пирамиданың табаны - қабырғалары 40 см, 25 см, 25 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Оның биіктігі 8 см және үшбұрыштың 40 см қабырғасына қарсы жатқан бұрыштың төбесі арқылы өтеді. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
-
Конустың көлемі V-ға тең. Конусќа іштей сызылған үшбұрышты дұрыс пирамиданың көлемін табыңыз:
-
Егер A(2; -5; 8), B(10; 3; 4), D(3; -5; 6) нүктелері ABCD параллелограмының төбелері болса, онда AC диагоналының ұзындығын табыңыз:
-
Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе үлкен. Ұзындығын 20%-ке, ал енін 40%-ке кеміткенде, тік төртбұрыштың периметрі қанша %-ке кемитінін табыңыз:
-
Егер дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы 1440° болса, онда осы көпбұрыштың бұрыштарының саны қанша болғаны?
-
Тік конустың жасаушысы 4 см-ге тең және ол табан жазықтығына 30° бұрыш жасай көлбеген. Конустың көлемін табыңыз.
-
Дұрыс тетраэдрдің биіктігі h-қа тең. Оның толық бетін табыңыз
-
Радиусы R-ға тең болатын дөңгелектің 240°-қа тең центрлік бұрышқа сәйкес секторының ауданын табыңдар.
-
Конустың жасаушысы 5-ке тең, биіктігі 4-ке тең. Конустың көлемін табыңыз.
-
Пирамиданың табаны - диагональдары 6 м және 8 м болатын ромб, пирамиданың биіктігі ромбтың диагональдарының қиылысу нүктесі арқылы өтеді және 1 м-ге тең. Пирамданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.
-
АВС үшбұрышы АС=ВС=10 см, В=300. ВD түзуі үшбұрыш жазықтығына перпендикуляр. ВD=5 см. D нүктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
-
АВСDА1В1С1D1 тікбұрышты параллелепипедте АD=2, А1В1=3, СС1=5 болса, АС1 –ні табыңыз.
-
Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдарын көрсет
-
«Қазақ» газетінің тұңғыш шығарушысы
-
"Абай жолы" романының авторын көрсет
-
"Автобиографиялық әңгіменің" авторы
-
"Ақбілек", "Қарқожа" романдарының авторы
-
"Анамыздай жер бізді мәпеледі" үзіндідегі көркемдеуіш құралдың қандай түрі берілген
-
"Аңыздың ақыры", "Үркер", "Елең-Алаң" романдарының авторы
-
"Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін,"-деген өлең жолдарының авторы
-
"Бақытсыз Жамал" романының авторы
-
"Ботагөз" романының авторы
-
"Драматург" деп кімді атаймыз?
-
"Еңлік-Кебек" тақырыбына Шәкәрімнен басқа қалам тартқан ақын
-
"Әдебиет танытқыш" еңбегінің авторы
-
"Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен аспан жерге" үзіндідегі көркемдеуіш құрал қандай?
-
"Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім,"-деп жазған Абайдың шәкірті
-
"Кім жазықты?", "Қамар сұлу" романдарының авторы
-
"Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,"-деген өлең жолдарындағы көркемдеуіш құралды табыңыз
-
"Қазақ салты", "Қазақ қалпы" өлеңдерінің авторы
-
"Қазақ хрестоматиясының" авторы
-
"Қазақтың бас ақыны" атанған ұлы тұлға
-
"Қалқаман - Мамыр" поэмасының авторы
-
"Қалың мал" романының авторы
-
"Қамар сұлу" романындағы ауқатты ортадан шыққан, аса сұлу, шешен ақын қызды белгілеңіз
-
"Құлагер" поэмасында кімнің асы суреттелген?
-
"Қыз - көктем көл басына асығады" үзіндідегі көркемдеуіш құрал қандай?
-
"Қырық мысал" аудармасының авторы
-
"Қыс", "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай" өлеңдерінің авторы
-
"Ләйлі-Мәжнүн" поэмасының авторы
-
"Масғұт", "Ескендір", "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының авторы
-
"Медғат - Қасым" поэмасының авторы
-
"Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін" деп жырлаған ақын
-
"Оянған өлке", "Қазақ солдаты" романдарының авторы