Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Скачать

1.    Электронды оқыту дегеніміз не?

2.    Электрондық оқытудың маңызы?

Зертханалық сабақ № 8.

Тақырыбы «Информатиканың базалық курсының оқу бөлімінің тақырыбы бойынша тапсырмаларды электрондық нұсқада жасау»

Дидактикалық мақсаты: ізденушілік.

Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.

Оқыту технологиясы мен әдістері:оқыту-методикалық жоба

Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу.

Теориялық негіздемелер

Студенттерді сабақ айтуға тартудың түрлері мен тәсілдері көп. Олардың кейбіреуін абыройлы  деп атауға болады («мен айтқандай істе әйтпесе жаман баға аласын»), басқалары  — либеральды («істегін келсе — істе, ұнамаса —істеме, бірақ, саған сол материал керек болған кезде, сен оны білмесен, онда ешкімді айыптама»), үшіншілері— серіктестік («сенде бәрі орындалу үшін бірге істейік»)және т.б..

Оқыту тәсілдерін қолдану материалдық және техникалық базасымен бекітілген әртүрлі білім беру тәсілдеріне сүйенеді. Оқытудың сапасын арттыру үшін ортанғы буын мектептерінін ұстаздары көңіл аудары элементтерін қолданады, жаңа сабақты ойын, кроссворд арқылы түсіндіреді.

Мектеп оқушыларының жасы өскен сайын көңіл аудару ойын элементтерін қолдану азаяды. Оның бірден бір себебі ол оқушылардың болашақ мамандығына акцент түсіру болып табылады. Бірақ көіәл аудару және ойын элементтерін сабақ түсіндіру барысында жоғары сынып оқушыларына қолдану керек. Ойын элементтерін қолдану мамандық таңдаумен ұштастыруға болады: егер де төменгі сыныптарда ойын элементтері обьект болса, қазір олар ойынның обьектілері ретінде өздері немесе қоршаған ортаның кез келген обьектісін ала алады. Ондай тәжірибе болашақта ұстаз болам деген оқушыларға, және сонымен қатар болашақта журналист, тіл маманы және тағы басқа сала қызметкерлері болам дегендерге өте керек. Бұл тәжірибені оқушылар мектепті бітірер кездегі «Компьютерде ойын обьектілерін құру» курсында таңдай алады..

Материалдарды құру үшін және безендіру үшін Word текстік редакторы, Paint, Corel Draw графикалық редакторлары, Adobe Illust rator, электронные оқулықтары және CROSSWORDS & WORD GAMES сынды арнайы бағдарламалық жабдықтар қолданылады.

Оқыту мақсаты және курс тапсырмалары

• ойын сабақтарының материалдарын құру және безендіру мүмкіндіктерін компьютердің қолданбалы бағдарламалары арқылы жасау;
• ойын сабақты қоршаған адамдарға дұрыс жеткізу білу машықтығын дамыту;
• ойын сабақтың элементтерін жасауға арналған компьютерләк бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету;

• болашақ мамандықты таңдауға көмектесу;

• қолданбалы бағдарламаларды көбейту.

Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың формалары

Сабақ дәріс және компьютерлік практикум түрінде өтеді. Дәрістік бөлімде мұғалім қызықтыру элементтері және олардың қасиеттері жайында айтады, және айтқаның мысалдар арқылы бекітіп отырады. Негізінен назар қызықтыру материалдарын компьютерде жасауға бөлінеді. Тапсырмалар практикум кезінде орындалады. Практикум кезінде информатиканың базалық курсында өтпеген қолданбалы программалармен де жұмыс жасайды.

Сабақтың басы сабақтың мүмкіншіліктерін айтумен басталады. Курстың негізгі матифтері мамандық таңдауда жеңілдік болатындығы жайында және қоршаған ортаған қызықты адам болу.

Курс блоктарға бөлінеді, әр блок бір қызықтыру компонентін қарастырады. Блок дәрістен басталады. Оған бөлінетін уақыт түсіндірілетін материал көмелімне, программалық жабдықтарына және т.б. қарап бөлінеді.егер мұғалім айтқан бағдарлама оған таныс болмаса, онда мұғалім ол туралы методикалық материал беруі тиіс. Бағдарламаны меңгеру негізінен практикумға сүйенеді. әрбір блок шығармашылық тапсырмамен аяқталады, онда әрбір оқушы өзіндік қызықтыру материалын жасап шығарады.

Оқушы:
• әртүрлі ақпаратты өңдеу мүмкіндітерін біледі;
• Word мәтіндік редак торында жұмыс жасай аладыж жәнеграфикалық редакторлардың бірінде жұмыс жасай алады;

• компьютердің жұмысындағы бағдарламалардың атқаратын қызметін біледі.

Оқыту мазмұны

Қызығушылық: шартқа байлнысты оқу.

Қызығушылық дегеніміз не? Қызықтырушы элементтер. Олардың классификациясы.

Крассвордтарды құрастыру және әшекейлеу.

Крассворд түрлері. Құрастыру және орындау ережелері. Электронды энцеклапедиялар арқылы оларды шешу. Кирилла және Мефодия энциклопедиясы.

Және оларды автоматтандырылғани арнайы  бағдарламалар арқылы құру. («Кроссворд генераторы», CROSSWORDS & WORD GAMES, «Классикалық кроссворд», «Кроссшебері»).

Word мәтіндік редакторымен крассвордттарды форматтау

Ребустарды құрастыру және әшекейлеу.

Ребустарды құрастыру және әшекейлеу.

Ребус суретпен шифрлау тәсілі. Ребусты құру және шешу тәсілдері.

Ребустарды жасау шығармашылық жұмыс.

Ребустарды Word мәтіндік процессорында өңдеу және графикалық редакторлармен өңдеу.

Қызықты тапсырмаларды жасау және өңдеу.

Қызықты тапсырмалардың түрлері. Олардың артықшылықтары. Жасаудың шарттары. Тапсырма-суреттерді Word мәтіндік редакторында өңдеу және графикалық редакторлардың көмегімен.

Сөздік шарадаларды жасау және өңдеу.

Анаграммалар, метаграммалар, логогрифмдер.

Сөздік шараларды құрастыруда программалау тілдерін қолдану.

Сканвордтарды жасау және өңдеу.

Сканворд кестелі-сөздік кодтау. Сканвордтарды құру және шешу тәсілдері.

Сканвордтарды құруды автоматтандырудың негізгі бағдарламалары. (CROSSWORDS & WORD GAMES).

Word мәтіндік процессорының көмегімен сканвордтарды безендіру.

Криптограммаларды құру және өңдеу.

Криптограмма кестелік-цифрлік кодтау. Криптограммаларды құру және шешу технологиясы.

Word мәтіндік редакторының көмегімен криптограммаларды құру және өңдеу.

Қызықты тематикалық материалдарды профиль бойынша құру.

Оқытудан күтілетін нәтижелер.

Курсты бітірген соң оқушылар төмендегідей білімдерді меңгереді.:

• қызығушылық дегенін астарында не жатқанын түсінеді;
• арнайы және жалпылама бағдарламаларды меңгереді;

• қызықты материалды қоршаған адамдарға түсіндіре алады;

Пәнаралық байланысты түсінеді, информатика мен басқа сабақтар;

• Өнімді және нәтижелі жұмыс істей алады.


Скачать


zharar.kz