1. Қолдану саласы Музыкалық білім жалпы тарихи процеспен, ғылым мен мәдениеттің оқиғалы уақыттарымен, өнердің басқа түрлеінің дамуымен өзара байланысты. Болашақ педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының қалыптасыуы. Бұл пән «педагогика», «психология», «этнопедагогика» пәндерімен байланыста оқытылады.
2. Нормативті сілтемелер
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы білім беру тұжырымдамасы. /Егемен Қазақстан, 18.08, 2005.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауы. Алматы, Білім баспасы, 1998, 175 б.
3. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы./Егемен Қазақстан. 26 ақпан, 2005 ж.
4. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. – Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 тамыз. – Б.5-8.
5. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлкеттік бағдарламасы: ҚР президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген № 1277. Астана, 2004. – 132б.
6. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Орталық Қазақстан, 28 қазан, 2004. –
7. Б. 4-7.
8. Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 32б.
9. 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Педагогика тарихы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.35-55.
10. 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Жалпы педагогика негіздері» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.3-13.
11. 050103 – Педагогика және психология мамандығы бойынша «Педагогика тарихы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.26-40.
12. 050103 – Педагогика және психология мамандығы бойынша «Педагогика» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.10-25.
13. 050102 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Этнопедагогика» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.56-65.
14. 050103 – Педагогика және психология мамандығы бойынша «Этнопедагогика» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру. – Алматы, 2006. – Б.41-54.
15. 050106 – Музыкалық білім беру мамандығы бойынша пәнінің типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіби білім беру.
16. Музыканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін 1-2-сынып мұғалімдеріне арналған. ҚР Білім, мәдениет және денсулық сақтау министрлігі ұсынған. Ш.Құлманова, М. Оразалиева, Б.Сүлейменова. – Алматы: Атамұра, 1998. – 80 бет.
17. Музыканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін 3-сынып мұғалімдеріне арналған. ҚР Денсулық сақтау, Білім, және спорт министрлігі ұсынған. Ш.Құлманова, М. Оразалиева, Б.Сүлейменова. – Алматы: Атамұра, 1999. – 64 бет.
18. Музыканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін 4-сынып мұғалімдеріне арналған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Ш.Құлманова, М. Оразалиева, Б.Сүлейменова. – Алматы: Атамұра, 2000 – 80 бет.
3. Жалпы ережелер
Педагогика (грек. рaidos – бала, ago – тәрбиелеуші, жетектеуші) – жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.
Педагогика – адамды қоғам өміріне аралстыру бойынша ерекше, әдеуметтік және тұлғалық жетекші іс-әрекетті зерттейтін ғылым, бұл іс-әрекеттің түрі тұлғаның әлеуметтік тәжірбиені және өзінің дамуын меңгеруге бағытталған.
Педагогика – бала туралы, өскелең ұрпақтың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына ықпал ететін тәрбиелік, қоғамдық қатынастырдың даму заңдары туралы барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың тоғысуында қалыптасқан күрделі қоғамдық ғылым болып табылады.
Педагогика – адам өмірінің барлық кезеңдерінде дамудың құралы мен факторы болып табылатын педагогикалық процестің (білім беру) мәнін, заңдылықтарын, даму үрдістері мен келешегін зерттейтін ғылым болып табылады.
Педагогиканың әдіснамасы – бұл тек педагогика ғылымының негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімге қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерінің принциптері туралы білім жүйесі ғана емес, ол осындай білім алуды және арнайы ғылыми педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық қамтамасыз етуді, жаңа әдіснамалық білім алуды көздейтін ісм-әрекет жүйесі.
Халықтық педагогика – халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Халықтық педагогика – тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақты ата-бабалар тәжірбиесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.
Халық педагогикасы – ұлттар мен ұлыстардың әлденше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеуіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау жүйесінің эмпирикалық негіздегі озыө үлгілерінің жиынтығы, этнографиялық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілерінің, ұлттық ойын түрлері мен отбасы, ауыл-аймақтық қарым-қатынастан берік орын алатын адам мінезін, іс-әрекетін қалыптастырудың әлеуметтік белгілік нормасы.
Этнопедагогика – жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірбиесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы туралы, отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым, этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірбиесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы, ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім-тәрбиелік тәжірбиесінің (дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, т.б.) қыры мен сыры туралы ғылым.
Қазақ этнопедагогикасы – педагогика ғылымымен қазақ философиясы, этнопсихология, этнос теориясы, педагогика тарихы, қазақ тарихы, этнография, фольклористика нысанасы қазақ этностық тәрбие жүйесі болып табылатын мәдениеттану түйісер тұста қалыптасқан біртұтас жүйелі білім беру болатын, адам өмірінің өн бойында, отбасында және білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын дербес педагогикалық оқу орны.
Оқыту – адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы.
Таным – сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерін, мәнді қатынастарын адам санасында иделды образдар жүйесі ретінде бейнелеудің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән.
Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.
Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.
Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.
Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.
Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.
Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.
Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.
Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.
Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.
Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.
Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.
Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.
Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.
Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, Батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым.
Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыанттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.
Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса – трио, төрт кісі орындаса – квартет, бес кісі айтса – квинтет, алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі қосылса – септет, сегіз кісі қосылса – октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.
Ария – итальян тілінде ән деген сөз. Ария – опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Орыстың классикалық опера музыкасында шығараның идеясын ашып, бас кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың «Иван Сусанин» операсынан Сусаниннің ариясы, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариялары; ал қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың арияларын айтуға болады. Ария тек қана операда емес, оратория мен кантатада да кездеседі. Ал кейде, ария жеке адамның айтуы, аспапта орындау үшін де жазылады.
Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.
Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.
Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.
Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа музыкадағы романтизм ағымымен байланысты XIX ғасырда туған жанр. Жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.
Вариация - латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.
Вокальдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.
Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке немесе көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.
Кантата - әдетте көп бөлімді болып келетін, жалғыз орындаушы мен/немесе хор және оркестр сүйемелімен орындалатын шығарма, вокалды музыка негізгі жанрларының бірі. Ораторияға қарағанда көлемі ықшамдау болады.
Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.
Капелла – ешбір музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын көп дауысьы хор.
Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.
Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.
Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.
Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.
Марш - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.
Нота - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға бөліп, ноталардың астына жазады.
Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.
Оратория - драмалық мазмұны бар және концерттік оррындалуға арналған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық шығарма. Итальян тілінде «айтамын» деген мағынаны білдіреді.
Речитатив – операда, ораторияда және кантатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, тақпақтатып айту. Операда речитатив тек тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып, сәл әндетіліп те айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды.
Романс - аспаппен (көбінесе фортепиано) сүйемелденетін дауысқа арналған камералық шығарма. Романс текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б. Әнге қарағанда музыкалық құрылымы өте күрделі. Романстың жанрлық түрлері: баллада, элегия, баркарола.
Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.
Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.
Симфониялық поэма – оркестр үшін музыкалық поэтикалық шығарма. Симфониялық поэма көбінесе үш бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады. Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» сифониялық поэмасы мысал бола алады.
Увертюра – бастау деген ұғымды білдіреді. Увертюра – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Көлемді музыкалы драмалық шығармалар – опера, оратория немесе драмалық пьеса басталардың алдында алдында орындалады.
Операның кіріспесі ретінде орындалатын увертюра сол музыкалық шығарманың қысқыша мазмұнын баяндайды, операдаға болатын оқиғаны қысқыша түсіндіріп береді.
Он жетінші – он сегізінші ғасырларда алғашқы увертюраны жазған батыс композиторлары Монтеверди, Люлли, Глюк болды. Бұл жанрды кейін Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков классикалық увертюраға дейін жеткізіп, дамыта түсті.
Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу үшін жазылған музыкалық шығарманы хор дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден, кейде бәрі араласып та құрылады. әнді хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.
Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе, оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно, екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын – сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор, төртіншісін бас дейді. Хор операда, ораторияда, кантатада үлкен орын алады.
Шежіре - қазақ халқының өткені туралы тарихи жазба, эпос, аңыз-әпсана және музыкалық шығармаларда сақталған мәліметгер.
Фортепиано (рояль және пианино) - Рояль және пианино клавишалық музыка аспатарына жатады. «Клавиша» деп рояль немесе пианиноның саусақтамен басып ойнайтын тілдерін айтамыз.
Фортепиано алғаш рет Италиядағы Флоренция қаласында 1711 жылы шыққан. Әуелі клавикорд деген музыка аспабы шыққан. Бұл да клавишалы музыкалық аспап, бірақ дыбысы өте нәзік. Клавикордты үйде ғана ойнауға қолданған. Мұнан басқа клавицимбал деген музыкалық аспап бар. Клавицимбалдың дыбысы қатты да жағымсыздау болған. Бұл музыкалық аспаптар жетілдіріліп, рояль мен фортепиано болып аталып екі аспап болып тарала бастайды.
Скрипка-Ерте заманда Италияда виола деген музыка аспабы пайда болған. Бұл виоланың жетілдірілген түрінен скрипка шығады. Скрипканың қазіргі түрі алғаш 16 ғасырдың орта кезінде Италияның Бреша және Кремона қалаларында жасалып шығады. Скрипканы ысқышпен (смычок) тартып ойнайды. Сондықтан оны ысқышты музыка аспабы дейдй. Ысқышты музыкалық аспаптарға скрипкадан басқа альт, виолончель және контрабас жатады. Скрипка жасауда Кремона мектебінің негізін салушы Андреа Амати және Антонио Страдивариус көп еңбек сіңірген.
Гармонь-1860 жылы Тула қаласының музыка шебері Сизов пен Белобородов немістің жеті тілді гармонымен танысып, оны тез арада даматып, халыққа тарата бастайды. Олар гармоньның сыртқы көлемін үлкейтіп, дыбыс шығаратын тілдерін де көбейтті. Оның дауысының шығуын, дыбыс бояуын орыс әндерінің әуеніне лайықтайды. Кейін гармонь Саратов қаласында жасалып шығады. Оны «Саратов» гармоны детйін болды.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) – қазақтың педагог-ағартушысы, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ғылыми түрде зерттеп, мән-мағынасын ашқан.
Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғұлама ақын, ағартушы-педагог, композитор, өнерді аса жоғары бағалап, ерекше құдірет тұтқан адам.
Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнетану ғылымының докторы (1943), профессор (1948).
Мұқан Төлебаев (1913-1960 ж.ж.) - қазақтың аса көрнекті сазгері, қоғам қайраткері, ҚСРО халық артисі (1959), КСРО Мемелкеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.
Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 ж.ж.) – аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі.
Әміре Қашаубаев (1888-1934 ж.ж.) – қазақтың атақты әншісі, өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған.
Жұмат Шанин (1892-1938 ж.ж.) – режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ ССР халық артисі (1931).
Қалибек Қуанышбаев (1893-1968 ж.ж.) – сахна өнерінің саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі, қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты.
Елубай Өмірзақов (1899-1974 ж.ж.) – қазақ кеңес актері, домбырашы-әнші, киноактер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі.
Манарбек Ержанов (1901-1966 ж.ж.) – қазақ кеңес әншісі (тенор), актер, мелодист-сазгер. Қазақ ССР халық артисі. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрын ұйымдастырыушылардың бірі.
Жүсіпбеков Елебеков (1904-1977 ж.ж.) – қазақ кеңес әнші-артисі (тенор), қазақ ССР Халық артисі, Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936- 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен қытай халық республикасында (1950, 1955), Монғол Халық республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. 1967 жылдан бері қазақ эстрада студиясында (Алматы) педагог.
Құрманбек Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (1934 ж.., қазіргі Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры) ірге тасын қалаушылардың бірі.
Күләш Байсейітова (1912-1957 ж.ж.) – қазақтың әйгілі (лирикалық-коларатуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.
Шара Жиенқұлова (1912-1991 ж.ж.) – биші, педагог, Қазақстанның Халық артисі, сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шеңдестіре білді.
Шәкен Айманов (1914-1970 ж.ж.) – қазақтың әйгілі актері, режиссері, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ драматургиясында да, қазақ киноөнерінде де қайталанбас дара жолы бар тума талант.
4. Әдебиет және қорлар
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе. М., 1983.
2. Қосымша әдебиеттер:
3. Арисменди А.Л. Дошкольное музыкальног воспитание в школе М., 1989
4. Жалпы музыкалық білім беретін бағдарламалар және «Мұрагер», «Елім-ай» бағдарламары. 1990, Алматы, Өнер баспасы.
5. Балтабаев М.М. Основы музыкальнно-эстетического воспитания учащейся молодежи средствами педагогической традиционной художественной культуры: Автореф.дисс. Докт. Пед. Наук в форме научного доклада. Алматы, 1994, 68 стр.
6. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы: РОНД, 2009.
7. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Мектеп алдындағы дайындық. – Алматы: РОНД, 2009.
8. Бағдарламалар 1-4 сыныптар Алматы. 2003.
9. Музыка оқулықтары 1,2,3,4 сынпытарға арналған., авторлар: Құлманова Ш., Сүлейменова Б., Алматы. Атамұра баспасы. 2001-2007ж.ж.
10. Ю.Б.Алиев. настольная книга школьного учителя-музыканта Москва: Дладос, 2000
11. Қазақ музыкасының тарихы. Алматы, 1999
12. Сейдімбеков А. Күй шежіре. А,. 1989
13. Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі. Алматы: дайк-Пресс, 2001
14. Жұбанов А.Қ.Замана бұлбұлдары. Алматы: дайк-Пресс, 2001
15. Ән-күй бағдарламасы мен нұсқаулар. 1-2 сынып, Алматы: РИК, 1996
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Э. Б. Абдуллин, Е. В. Николаева. Теория музыкального образования. М., 2004.
Музыкалық әдістемелер 1-6 сынып бойынша 2007 ж, Атамұра баспасы.
1. Р. Қ. Дүйсембінова. Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған, 2006.
2. С. Мирсеитова мен Ә.Іргебаева редакциялаған. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Қазақстан Оқу Ассоциациясы. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
3. А. Райымбергенов, С. Раймбергенова, Ұ.Байбосынова. Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. / - Алматы: Атамұра, 2006.
4. Загвянский В.И. Методология и методика дидактического исследования. – М., 1982.
5. Сұлтанова Н.К. Бастауыш мектептегі музыка теориясының тәрбиесі мен технологиясы. Оқу құралы. Семей. Интеллект. 2011.
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
№ |
Дәріс сабақтарының мазмұны |
Тәжірбиелік сабақтардың мазмұны |
1 |
Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары, музыка пәнінің алатын орны, музыканың басқа пәндермен байланысы, көркемдік-шығармашылық қабілеттері жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктері |
Музыка өнер сабағы – бастауыш мектепте музыканы оқытудың негізгі формасы балаларға арналған музыкалық аспаптар: жіктелуі, сипаттамасы, музыкалық аспаптар мен ойыншықтарды таңдаудағы талаптары, балалардың аспаптық музыкаға әуестенуіне |
2 |
Музыка өнері түрі және тәрбиелеу пәні ретінде. Музыка өнері және ерекшеліктері, балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы, бастауыш мектеп балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны |
Музыканың оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, балалардың музыкалық оқыту мен әдістердің түрлері, мектепке дейінгі балалардың музыкалық шығармашылық мәселелріне Б.М.Теплов, Л.С. Выготскийлердің және т.б. көзқарастары |
3 |
Отандық және шетелдік музыкаға тәрбиелеу жүйесі Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесіне кешендік ықпал жасаудың негізгі принциптері, мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбие берудегі жүйелердің сипаттамасы (Д.Б.Кабалевский, Д.В.Огородов, Ы.А. Алтынсарин, А.Жұбанова, М.Балтабаев, А.Райымбергенов т.б.), шет елдердегі балалардың музыкалық тәрбие туралы теориялары және жүйелері (З.Кодай, К,Орф, Пьер, ван Хаувелер), қазіргі таңдағы мектептке дейінгі балалар музыка тәрбиесінің бағдарламары |
Өзіндік музыкалық іс-әрекет. Бастауыш мектеп балалардың музыкалық қызметтерін ұйымдастырудың басты формасы – музыкалық сабақтар. Музыкалық сабақтарының түрлерінің жалпылама сипаттамасы (жеке, топтық, фронтальдық), типтік сабақтар және оның құрылымының көп нұсқалығы, тақырыптық және кешенді сабақтар |
4 |
Музыка тәрбиесінің мазмұны бастауыш мектеп балалардың музыкалық қызметтерінің өзгешелігіне сипаттама, балалрдың музыканы танып, ажырата алатын жолдары Бастауыш мектеп балалармен музыкалық тәрбиені ұйымдастырудың шарттары |
Отбасындағы музыкалық тәрбие 2. Мерекелік ертеңгіліктер және ойын сауықтар, отбасында музыкалық тәрбие берудің ұйымдастыру және оның түрлері |
5 |
Халық музыкасы, қазақ музыкасы, камералық музыка, Симфониялық музыка Опера. Балет. Балалалар музыкасы. Бастауыш мектеп балалардың жеке тұлғалық және музыкалық дамуындағы ән салудың маңызы. бастауыш мектеп балалардың симфониялық, камералық, опера, балет туралы жас ерекшеліктеріне қарай ұғындыру |
Музыкалық тәрбие жұмыстарын жоспарлау, оқушыларға мектептен және сабақтан тыс жұмыстар: 1. Ұйымдастырушылық қабілеттер 2. Мектептен тыс жұмыстар 3. Пәндермен байланыстыру |
6 |
Хормен ән айту өнері- хордың ерекшеліктері, орналасу тәртібі, хордың түрлері, олардың жіктелуі, балаларға арналған шығармалар бірнеше дауысқа арналған жас ерекшілктеріне қарай және мектеп вокальдық-хор тәрбиесінің мазмұны |
Сыныптан тыс жұмыстарда музыканы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формалары Музыканың оқыту әдістемесі, жаңа технологиялық әдістер, Модульдік әдістер, Инновациялық әдістер |
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
2.4. Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысының сабақ жоспары.
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты, мамұны |
Балл |
Жұмыс орындалу апталығы |
Бақылау түрлері |
1 |
Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары |
Көркемдік-шығармашылық қабілеттері |
0,5 |
1 апта |
Ауызша |
2 |
Музыка өнері түрі және тәрбиелеу пәні ретінде |
Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы |
0,5 |
2 апта |
реферат |
3 |
Отандық және шетелдік музыкаға тәрбиелеу жүйесі |
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің музыкалық тәрбие берудегі жүйелердің сипаттамасы (Д.Б.Кабалевский, Д.В.Огороднов, Ы.А. Алтынсарин, А.Жұбанова, М.Балибаев, А.Райымбергенов т.б.) |
0,5 |
3 апта |
Реферат |
4 |
Музыка тәрбиесінің мазмұны |
Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық тәрбиесіне кешендік ықпал жасаудың негізгі принциптері |
0,5 |
4 апта |
Реферат |
5 |
Халық музыкасы, қазақ музыкасы, камералық музыка |
Бастауыш мектеп балалардың симфониялық, камералық, опера, балет туралы жас ерекшеліктеріне қарай ұғындыру |
1 |
5 апта |
жазбаша |
6 |
Хормен ән айту өнері Симфониялық музыка |
Бастауыш мектеп балалардың жеке тұлғалық және музыкалық дамуындағы ән салудың маңызы. |
1 |
6 апта |
тест |
Тақырыбы 1. Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары
Мақсаты: Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті
Қарастырылытын сұрақтар:
1.Музыка пәнінің алатын орны
2.Музыканың басқа пәндермен байланысы
3.Көркемдік-шығармашылық қабілеттері
Бақылау түрі: Ауызша
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыка пәнінің алатын орны
2. Музыканың басқа пәндермен байланысы
3. Көркемдік-шығармашылық қабілеттері
Қолданылған әдебиеттер:
1. Феферкори Р.Я. музыкальное развитие детей на занятиях.- В кн.: Эстетическое воспитание в детском саду. «Педагогические чтения». М., «Просвещение»,1964,с.29-33
2. Щенникова В.Н. роль пособий и музыкально – дидактических игр в развитии творческой активности детей.- В. Кн.:Художественное творчество в детском саду. М.,»Просвещение»,1974,с.33-39
Тақырыбы 2 . Музыка өнері түрі және тәрбиелеу пәні ретінде
Мақсаты: Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек.
Қарастырылытын сұрақтар:
1. Музыка өнері және ерекшеліктері
2. Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы
3. Бастауыш мектеп балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны
Бақылау түрі: жазбаша, тест ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыка өнері және ерекшеліктерін қалай түсінеміз?
2. Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы
3. Бастауыш мектеп балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР. «Білім туралы заңы»
2. ҚР.Білімді беруді дамытудың 2011-2020 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. ҚР.12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
4. Қазақстан мұғалімі 1998 ақпан.
5. С.Ұзақбаева «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие.»
6. «Музыкалық тәрбие беру методикасы»
Тақырыбы 3. Отандық және шетелдік музыкаға тәрбиелеу жүйесі
Мақсаты: Бүгінде Қазакстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты.
Қарастырылытын сұрақтар:
1. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесіне кешендік ықпал жасаудың негізгі принциптері
2. Мектептке дейінгі балалардың музыкалық тәрбие берудегі жүйелердің сипаттамасы (Д.Б.Кабалевский, Д.В.Огороднов, Ы.А. Алтынсарин, А.Жұбанова, М.Балтабаев, А.Райымбергенов т.б.)
3. Шет елдердегі балалардың музыкалық тәрбие туралы теориялары және жүйелері (З.Кодай, К,Орф, Пьер, ван Хаувелер)
4. Қазіргі таңдағы мектептке дейінгі балалар музыка тәрбиесінің бағдарламары
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
Музыкалық білім беру мазмұны ретіндегі музыкалық репертуарларды жас ерекшеліктеріне қарай топтау.
2. Адамға музыканың әсер етуі туралы мақалалрды жинастыру.
3.Музыкалық репертуарларды іріктеу арқылы музыкаға қызығушылығын қалыптастыру (Э.Григ, А.Хачатурян, Л.В.Бетховен, В.Моцарт, қазақ композиторлары М.Төлебаев, Қ.Қуатбаев, Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев) жайлы реферат жазу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Құлсариева А..Мәдениеттану сөздігі .-Алматы, 2001.
2. Мәдени-философиялық энциклопедиясы 2004ж.
3. ҚР мәдени және тарихи ескерткіштер жиынтығы.-Алматы 2002.
Қазақ мәдениеті, «Аруана» -Алматы 2005.
Тақырыбы 4. Музыка тәрбиесінің мазмұны
Мақсаты: Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.
Қарастырылытын сұрақтар:
1. Музыкалық тәрбие нің мағынасы, олардың ерекшеліктері
2. Тәрбиедегі қоғамдық үрдіс
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
3. Музыкалық тәрбиенің мағынасы, олардың ерекшеліктері неде?
4. Тәрбиедегі қоғамдық үрдісді қалай түсінеміз?
Қолданылған әдебиеттер:
7. ҚР. «Білім туралы заңы»
8. ҚР.Білімді беруді дамытудың 2011-2020 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы.
9. ҚР.12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
10. Қазақстан мұғалімі 1998 ақпан.
11. С.Ұзақбаева «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие.»
12. «Музыкалық тәрбие беру методикасы»
Тақырыбы 5-6 Халық музыкасы, қазақ музыкасы, камералық музыка
Мақсаты: Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар.
Қарастырылытын сұрақтар:
1. Бастауыш мектеп балалардың жеке тұлғалық және музыкалық дамуындағы ән салудың маңызы.
2. Бастауыш мектеп балалардың симфониялық, камералық, опера, балет туралы жас ерекшеліктеріне қарай ұғындыру
3. Бастауыш мектеп вокальдық-хор тәрбиесінің мазмұны
Бақылау түрі: көрнекілікпен жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Бастауыш мектеп балалардың жеке тұлғалық және музыкалық дамуындағы ән салудың маңызы.
2. Бастауыш мектеп балалардың симфониялық, камералық, опера, балет туралы жас ерекшеліктеріне қарай ұғындыру
3. Бастауыш мектеп вокальдық-хор тәрбиесінің мазмұны
Қолданылған әдебиеттер:
1. Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 168 – 173.
2. Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 103 – 112.
3. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 60
4. Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 41– 54.
5. Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 97 – 99.
6. Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 13 – 15.
Тақырыбы 7-8. Хормен ән айту өнері. Симфониялық музыка
Мақсаты: Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту. Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу, симфониялық мүзыканың ерекшеліктері
Қарастырылытын сұрақтар:
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Әннің тәрбиелік мәні туралы айтып беріңдер және дәлелді мысалдар келтіріңдер.
2. Баланың даусын қорғаудың қажетті шарттарды қандай?
3. Ән айта білуге үйретудің педагогикалық міндеттерін атаңдар.
4. музыкалық есту қабілетін дамыту жөніндегі программалық талаптар қандай, олардың балаларды мектепте оқуға даярлауға маңызы.
5. балалар бақшасының ересек балалар тобында әнді жүйелі түрде үйрену туралы әңгімелеп беріңдер.
6. Әншілік түрлі дағдыларына үйрету тәсілдеріне мысалдар келтіріңдер.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жекеева Б. «Хор үйірмесімен жұмыс» .Алматы. 1988.
1. Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 161 – 168.
2. Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 99 – 103.
3. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре».
4. Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 141 – 171. 290 – 300.
5. Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 59 – 60.
6. Соколов В.Г. «Работа с хором». Стр. 27 – 30, 37 – 39.
7. Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 91 – 97.
8. Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 10 – 13.
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
1. Нота сауатын үйрету әдістемесі
2. Оқушыларға музыкалы-ырғақтық тәрбие беру
3. Музыка сауатын үйрету көрнекіліктерімен жұмыс істеу
4. Хормен ән айту дағдылары, олармен жұмыс істеу әдістері
5. Ән үйрету әдістемесі
6. Халық әндерін үйрету әдістемесінің ерекшеліктері
7. Қазақ халық әндерін үйрету әдістемесі
8. Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
9. Қазақтың аспапты музыканы қабылдау ерекшеліктері
10. Есту қабілетін дамыту жолдары, таза интонациялау
11. Релятив жүйесі
12. Музыка оқулықтарынан алынған дауыс жаттығуларымен жұмыс істеу
13. Нақты әуенді сүйемелдеу үшін дұрыс аккордты таба білудің әдістемесі
14. Музыка сабағындағы шығармашылық тапсырмалар
15. Музыка сабақтарында музыкалдидактикалық ойындарды пайдалану
16. 1 сыныптардағы музыка сабағын өз бетімен өткізуі
17. 2-3 сыныптардың музыка сабағын өз бетімен өткізуі
18. 4 сыныптың музыка сабағын ө бетімен өткізуі
8. Курс форматы
9. Курс саясаты
Курстың саясаты пәнді меңгеру процесі кезінде студенттер алдына мынадай администратиялық шарттар қойылады:
Сабаққа кешігу – минус 0,5 балл
Сабақты босату – минус 2 балл
Жұмысты уақытында тапсырмау – минус 1 балл
1.9 Қорытынды баға курс бойынша төмендегі шкалалар негі зінде айқындалады:
Бағасы |
Мағынасы |
Балл |
Пайыздар,% |
А |
Өте жақсы |
4,00 |
95 – 100 |
А- |
Өте керемет |
3,67 |
90 – 94 |
В.+ |
Жақсы |
3,33 |
85 – 89 |
В |
Жақсыға жақын |
3,00 |
80 – 84 |
В - |
Сәл жақсы |
2,67 |
75 – 79 |
С.+ |
Толық қанағаттанарлық |
2,33 |
70 – 74 |
С |
Қанағаттанарлық |
2,00 |
65 – 69 |
С- |
Сәл қанағаттанарлық |
1,67 |
60 – 64 |
Д + |
Нашар |
1,33 |
55 - 59 |
Д |
Өте нашар |
1,00 |
50 - 54 |
F |
Қанағаттанарлықсыз |
0,00 |
0-49 |
Студент білімінің қорытынды емтихан бағасын анықтау
Межелік бақылау - (60 %) және емтихан - (40 %) пән бойынша
Қе = Мқ 0,6 + Е 0,4
Қе - Қорытынды емтихан бағасы процентпен
Мқ – Қорытынды межелік бақылау бағасы процентпен
Е – емтихан бағасы процентпен
0,6 және 0,4 - коэфиценттері
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-30 БАЛЛ)
Аттестация |
0 – 14 |
15 – 22 |
23 – 26 |
27 – 30 |
Баға |
қанағаттанарлықсыз |
қанағаттанарлық |
жақсы |
өте жақсы |
ЕМТИХАНҒА РҰҚСАТ РЕЙТИНГІСІ (мысалға):
1. А1 12 + А2 13 = 25 (15-тен 29-ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
2. А1 16 + А2 18 = 34 (30-тен 60-ға дейінгі балл) емтиханға жіберіледі
ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-40 БАЛЛ) Емтихан – 40 балл (40 %)
Аттестация |
0 – 19 |
20 – 29 |
30 – 36 |
37 – 40 |
Баға |
қанағаттанарлықсыз |
қанағаттанарлық |
жақсы |
өте жақсы |
1) Емтихан 0-ден 19-ға дейінгі балл – «қанағаттанарлықсыз» (академиялық борыш)
2. Емтихан 20-дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды
Мысалға:
Қорытынды: 16+18 + 22 = 56 (Д+; 1,33; қанағаттанарлық)
10. Баға қою саясаты
Әрбір сабаққа қатысқан үшін студент 1 балл ала алады, егер сабаққа келмесе 0 балл болады.
Студенттердің іс - әрекеттік рейтингтік бағасы:
№ |
Көрсеткіштер |
Балл бойынша студенттердің рейтінгісі |
1 |
Сабаққа қатыспауы |
0 |
2 |
Сабаққа жөнді қатыспаған |
1 |
3 |
Студенттердің оқу - әрекетінің мазмұны мен ұйымдастырылуында кейбір қателерді табуға болады |
2 |
4 |
Сабаққа белсенді түрде қатысып, шығармашылық жұмыстарды атқарғандарға |
3 |
Студенттердің түрлі тапсырма орындауындағы рейтинг бағасы:
№ |
Көрсеткіштер |
Балл бойынша студенттердің рейтінгісі |
1 |
Тапсырма орындалмаған |
0 |
2 |
Үлгі бойынша орындаған |
1 |
3 |
Тапсырма жеткілікті деңгейде орындалған |
2 |
4 |
Тапсырмада толық шығармашылық және жаңа әдістер қолданғандар үшін |
3 |
Рейтинг шкаласы
Бақылау түрлері |
Баллдар |
Күнделікті |
20 |
Аралық |
35 |
Үй тапсырмасы |
10 |
Қорытынды |
35 |
Барлығы |
100 |
11. Студенттер білімін бақылау
Студенттердің білімін бағалау жүйесі. Пәні оқу жазбаша емтиханмен аяқталады, онда барлық материал қамтылады. Емтиханға бағдарлама тапсырмаларын толық орындаған жағдайда ғана жіберілді).
12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі