Оқушылардың халық аспаптар оркес"Қазақ өнерінің тарихы" - ежелгі кезеңнен біздің дәуірімізге дейінгі аралықтығы Қазақстан көркем мәдениетінің әртүрлі саласын қазақ халқының өзіндік этникалық мәдениетінің даму нәтижелерінің жиынтығы ретінде талдап көрсететін алғашқы жүйелі ғылыми еңбек. Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған осы көлемді еңбекті жазуға Қазақстан өнерінің сабақтас дамуы тұжырымдамасы негіз болды.
Қазақстан көркем мәдениетінің жүйелі немесе дискретті кезеңдерін зерттеу оның аумағындағы тарихи-мәдени бірліктердің, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына тікелей байланысты. Мұндай жүйелі, кешенді зерттеу ұлттық өнеріміздің аймақтық және әлемдік мәдени кеңістіктегі ролі мен маңыздылығын, қазіргі кездегі көркемөнер процесі мен өнердің жалпы әлемдік қазынасына қосқан орасан зор үлесін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. негізгі міндеті -Қазақстанның қазіргі өнертануы үшін қажетті зәру мәселелерді ашып көрсету, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерді, ежелгі кезден осы күнге дейінгі Қазақстан өнері қалыптасуының жолдары мен заңдылықтарын анықтау, қазіргі қазақ өнерінің дәстүрлі рухани құндылықтармен сабақтастығын жете зерделеу. "Қазақ өнерінің тарихында" мүмкіндігінше Қазақстан аумағындағы мәдениеттер дамуының әртүрлі кезеңдеріне көлемді сипаттама берілген, көшпенді өркениет өнерінің ерекшеліктері мен қайнар көздері анықталған, өнердің әртүрлі тарихи дәуірлердегі өнер түрлері арасындағы дүниетанымдық сабақтастықтың шынайы арқаулары зерттелген, қалыптасу кезеңінен осы уақытқа дейінгі мезгілді қамтитын бейнелеу, театр, музыка өнерілерінің ерекшеліктері мен заңдылықтары ашылған.
"Қазақ театр өнері" тарауы ұлттық сахна өнерінің ежелгі кезеңнен қазіргі кезге дейінгі тарихи дамуын көрсететін кешенді зерттеу болып табылады. Тараудың негізгі міндеті - қазақ театрындағы қазіргі көркемдік бағыттардың пайда болуы мен қалыптасу жолдарын зерделеу. Театр өнері бойынша зерттеулер көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерді, қазақ театр өнері дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарының негізінде түсінуге, қазіргі сахна мәдениетінің ұлттық дәстүрлермен сабақтастығын анықтауға, ұлттық театрдың бірегейлігі мен ерекшелігін, оның жалпы әлемдік мәдени контексте алатын орны мен ролін жете түсінуге арналған.
Бұл тарауда Қазақстан театр өнерінің қалыптасуы мен дамуының барлық негізгі кезеңдері, ұлттық театрдың негізгі жанрлары мен түрлері, ХХ ғасырдағы Қазақстан кәсіби театрының ең маңызды жетістіктері көрсетілген. Мәдениет жандануының тұжырымдамасы тұрғысынан қазақ театр өнері, ұлттық дәстүрлер мен руханият жайлы тараулар қазақ өнертануы үшін ғана емес, сонымен қатар ұлттық этика, психология, қазақтың ділі мен дүниетанымы негіздерін тұтастай зерттеу үшін де өзекті болып табылады. Ұлттық театр өнерінің жетістіктері қазіргі заман талабына сай жаңа тұрғыдан зерттеледі.
"Қазақ музыка өнері" атты бөлімде ұлтымыздың ежелгі дәуірде қалыптасқан музыкасының түрлері мен жанрлары жан-жақты зерттеледі. Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпенділердің рухани-эстетикалық талғамдарына сәйкес ұлттық менталитетіміздің сарқылмас бұлағына айналуда. Көне музыкалық-поэтикалық үлгілер - бабалардың ұмытылмас даналығы, ғасырлардың өшпес үні. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптасып, әр заманда сұрыпталып, тек өзіне тән сұлу да сүйкімді әуенімен, қайталанбас ұлттық ерекшеліктерімен, сан түрлі колорит-бояуларымен XXІ жүзжылдықта өз жалғасын табуда.
"Ежелгі Қазақстанның өнері" атты бірінші томда бейнелеу, театр, музыка өнері бастауларының ауқымды мұрасы негізінде өзгеше феноменді ашып көрсетіп, ежелгі Қазақстан мәдениеті дамуының басты кезеңдерін айқындауға әрекет жасалды. Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар өнерінің синкретизмі, оның әлем және адам үндестігі идеясымен тығыз байланысы, социумның мифологиялық контексі мен діни дүниетанымындағы жылдамдық ежелгі Қазақстан өнерінің тамаша мәдени құбылыс ретінде қалыптасуына әсер етті. ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бейнелеу, театр, музыка өнері бөлімдерінің қызметкерлерінен тұратын авторлық ұжымның міндеті - ежелгі Қазақстан өнерін жан-жақты көрсетіп, оның көркемдік мәнін талдап, формалды-стилистикалы принциптері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
"Қазақ өнерінің тарихы" бірінші томының "Бейнелеу өнері" бөліміне кірген тараулар: Ежелгі Қазақстан өнерінің тарихи-мәдени өзіндік ерекшелігі тұжырымдамасы мәселесіне (авторы - Ерғалиева Р.Ә.); Қазақстан көркем мәдениетінің қайнар көзі. Тас ғасыр өнері (Зайберт В.Ф.); Ежелгі Қазақстан петроглифтері (Қарғабекова Р.И.); Тамғалы храмды кешені ежелгі Қазақстан өнері синтезінің феномені (Тұрысбекова Х.Х.); Ежелгі Қазақстан керамикасы (Ерғалиева Р.Ә., Тұрысбекова Х.Х.); Скиф-сақ дәуіріндегі Қазақстан өнері (Тұрысбекова Х.Х.); Қазақстанды мекен еткен байырғы көшпелі тайпалардың қару-жарақ жасау өнері (Ахметжан Қ.С.); Ежелгі Қазақстан сәулет өнерінің генезисі мен эволюциясы. Тарихи-мәдени алғы шарттар; Ежелгі тұрғын үйлердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділердің тұрғын үйлері; Қазақстанның мемориалдық және культтік сәулет өнері (Глаудинов Б.А.).
"Қазақ өнерінің тарихы" бірінші томына "Қазақстанның театр өнері" бөліміне: Қазақ би өнерінің қайнары (Жұмасейітова Г.Т.), Қазақ халқының салт жоралары мен ойын-сауықтарындағы театрлық элементтер (Қасқабасов С.А.) атты тараулар кірді. Бұл тараулар театр өнерінің ерте үлгілерін, яғни, материалдық мәдениет ескерткіштері - петроглифтер мен жартастағы суреттер айғақ болатын қазақтардың ежелгі би мәдениетін зерттеуге арналған.
Қазақтың көне музыкасын жүйелеу, сипаттау, талдау, зерттеу барысында қамтылатын ғылыми мәселелер мыналар: Қазақстанның ежелгі дәуірдегі музыка мәдениеті (ғылыми-теориялық түсініктеме); Қазақтың әншілік мәдениеті. Сарын көне фольклорлық қазақ музыкасының жүйесінде (Күзембаева С.Ә.); Қазақтың отбасылық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндері (Қоспақов З.Қ.); Жастардың әндері. Төрт түлік мал туралы әндер; (Малдыбаева Р.С.); Қазақтың халық музыка аспаптары. Көне қылқобыз өнері (Жұмабекова Л.Ә); Домбыра музыкасындағы көне аңыз-күйлер (Үсенбаев Е.Т.); Көне сыбызғы күйлері (Қазтуғанова А.Ж.).
Қазақ халқының өнері тарихын зерттеуге арналған бұл басылым (ІІ том) күрделі ғылыми жұмыстың жалғасы. Мұнда мәдениетіміздің орта ғасырлардағы алғашқы түрлерінің пайда болуы, олардың қалыптасуы және рухани өмірдегі орны мен болмысы жан-жақты қарастырылады. Бұл кезеңде түркітілдес халықтардың (қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен және т.б.) этникалық құрылымдары жіктеліп, әрқайсысы ұлт болып шоғырланып, тарих белестерінен өтіп, әлеуметтік, экономикалық және материалдық құндылықтарын дамыта бастағаны байқалады. Осы кезеңде Орта Азия елдерінің көрнекті өкілдерінің, философ-ғалымдарының дүниетаным саласында, Исламның гуманистік негіздерін ашуда, медицина, астрономия, география және басқа да ғылым салаларындағы тамаша жетістіктері бүкіл әлемге танылғаны белгілі. Бұл тұрғыда Орта Азия елдерінен шыққан данышпан ғалымдардың біразын атап кеткен жөн. Олар - Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, әл-Кипчаки, әл-Тарази, Хусамаддинәл Хусеин ас-Сығнаки және т.б. Мысалы, XVІ ғасырдың ұлы перзенті, қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын Мырза Хайдар Дулати (1499-1551) туралы профессор Дербісәлі Әпсаттардың пікірін келтірейік: "Ол көбінесе ат үстінде, жорықтарда жүрсе де, сол кездегі ғылым, білім тілі - парсы тілінде "Тарих-и-Рашиди" атты Орталық Азия халықтарының XIV-XVI ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тамаша шығарма қалдырды" [1, 6]. Ал, Орта ғасырдағы қазақ мәдениеті мен әдебиетін алсақ, бұл тарихи маңызы зор кезеңде, академик С.А.Қасқабасовтың айтуынша, дәстүрлі ауызекі музыкалық фольклормен қатар жыраулар поэзиясы мен шешендік өнер кеңінен дамыды. Бұны дәлелдеу үшін зерттеуші-ғалым Асан Сәбитұлының (Асан Қайғы), Қазтуған Сүйінішұлының, Шалкиіз Тіленшіұлының, Аймедет Доспамбеттің, Жиембет Бортоғашұлының және т.б. жыраулардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген. Ол өз еңбегінде Орта ғасырлар қоғамындағы көптеген тарихи жағдайларды айта келе: "... Алтын Орда ыдырағаннан кейін, ордалы мемлекет құрған қазақ халқының рухани өмірінде байырғы жыраулық дәстүр мен әдебиет қайта жаңарып, жаңа сапада көрінеді", - дейді [2, 6].
Бұл басылымда өнертану ғылымдарының барлық салалары біртұтас қамтылып, қазақ халқының материалдық, рухани және көркем мәдениеті бейнелеу, музыка, театр және сәулет өнерлерінің дамуы арқылы көрсетіледі.
"Қазақ өнері тарихының" екінші томында "Oртағасырлық Қазақстанның бейнелеу және сәулет өнері" бөлімінде орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениетін зерттеу жүйесінде әр түрлі мәдени-тарихи қабаттарды нақты көрсету мақсаты алған қойылған. Бұл бөлім төмендегі тараулардан тұрады: Орта ғасырлардағы Қазақстан петроглифтері (Қарғабекова Р.И.), Түркілердің мемориалдық және культтік мүсін өнері (Елеукенова Г.Ш., Ерғалиева Р.Ә.), Күлтегін мүсінінің мәні мен мазмұны, Кудыргэ сынтасы (сынтастағы бейнесюжеттің талдамасы) (Ахметжан Қ.С.), Орта ғасырлар кезеңіндегі көркем қолөнер кәсібі. Жалпы сипаттама, Орта ғасырлардағы Қазақстан керамикасы (Тұрысбекова Х.Х.), Қазақстанды және оған көршілес аймақтарды мекен еткен ортағасырлық көшпелілердің қару-жарақ жасау өнері, Қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ жасау өнері (Ахметжан Қ.С.), Орта ғасырлардағы Қазақстан қыш өнері (Тұрысбекова Х.Х.); Металл, ағаш, тері, сүйектен жасалған көркем бұйымдар (Тұрысбекова Х.Х., Ерғалиева Р.Ә., Бәйменова Г.Ш.), Орта ғасырлардағы киіз басу, кілем тоқу, кесте тігу, шым-ши тоқу өнері (Қарғабекова Р.И., Жұваниязова Г.Қ.), Орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстанның сәулет өнері (VІ - XVІІІ ғғ.) (Глаудинов Б.А., Глаудинова М.Б.), Орта ғасырлардағы Қазақстанның мемориалдық сәулет өнері (Байтенов Э.М.).
"Қазақстанның орта ғасырлардағы музыка мәдениеті" бөлімінің мәселелері төмендегі мақалалар мен очерктерде баяндалған: Қазақтың музыкалық фольклорындағы бақсы өнері (С.Ә.Күзембаева), Қазақтың тарихи әндері (З.Қоспақов), Орта Азия халықтары музыкасының бастаулары (Ш.Гуллыев), Қылқобызда ойналатын эпикалық күйлер (Л.Жұмабекова), Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері (Р.Несіпбай), Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары (Ж.Ордалиева).
"Қазақтың музыкалық фольклорындағы бақсы өнері" атты тарауда дүние жүзі халықтарының көбінің өмірі мен дүниетанымынан орын алған, халық дәстүрінің ежелгі түрлеріне жататын бақсылық феноменінің жалпы сипаттамасы беріліп, оның қазақтың ауызекі-поэтикалық, прозалық және музыкалық фольклорындағы көрінісі талданады. Бақсылық өнердің өзектері, біртұтастық және көпқұрамдылық, циклдылық, импровизациялық тәрізді негізгі сипаттарының бақсының шыққан аймағы мен табиғи дарындылығына байланысты болатыны туралы баяндалады.
"Қазақтың тарихи әндері" атты мақалада "Ескендір", "Ақсақ Темір", жоңғар шапқыншылығына байланысты туған "Елім-ай", "Қалмақ қызының әні", "Жетіарал жерім-ай", "Алтай" әндеріне аналитикалық талдаулар жасалып, олардың нұсқаларының әуендік және құрылымдық сипатына, ырғақтық-өлшемдік, әуендік-интонациялық ерекшеліктеріне әр қырынан тоқталып, мысалдар келтіріледі.
"Орта Азия халықтары музыкасының бастаулары" мақаласында қазіргі кездегі немесе жақын уақыттарда қолданыста болған музыкалық аспаптардың көбі ежелгі Орта Азияда пайда болғаны анықталады.
"Қылқобызда ойналатын эпикалық күйлер" мақаласында қобызда орындалатын эпикалық күйлер нақтылы түрде жан-жақты қарастырылады. Бұл топқа эпосқа тікелей байланыстылығы аттарынан көрінетін "Мұңлық-Зарлық", "Қаншайым", "Қамбар батыр", "Қазан күй" атты күйлер кіреді. Эпикалық қобыз күйлерін талдау барысында автор көне эпостан тарихи эпосқа қарай даму жолын көрсетіп, әуендік деңгейде типтес белгілердің нышандарын аңғартады.
"Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері" очеркінде Батыс Қазақстанда кең тараған кварта бұрауындағы фольклорлық төкпе күйлер қарастыралады. Мұнда бұл дәстүрде белгілі орын алған фольклорлық төкпе күйлер формаларының сипаттамасы беріледі.
"Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары" атты мақаланың негізінде орта ғасырлардағы шығыс ғұлама-ойшылдарының философиялық-эстетикалық ұстанымдары мен сол дәуірдің көркем шығармашылығы мен әдебиетінде көрініс тапқан музыкалық-теориялық ойлар келтіріледі. Шығыс философтарының еңбектерін қарастыру барысында сопылық музыкалық теориялар мен көне түркілік дәстүрлі көзқарастардың байланысы нақты деректермен дәлелденеді.
Сонымен, жұмыстың көлемді бөлігі музыкалық қажеттіліктердің көркемдік тұрғыда қорытылуына, музыка өнерінің түрлі формаларының композициясы мен құрылымдары мәселелеріне арналған. Тұңғыш рет қазақ тілінде бақсы өнері комплексті және концептуалды түрде, синкреттілік, фольклорлық бастауларының циклдылық сипатында, поэтикалық және музыкалық құрылымдарының өзара байланысында, т.б. зерттеледі.
"Халық өнеріндегі театрлық элементтер" атты өнертану ғылымдарының докторы Б.Құндақбайұлының очеркінде ұлттық дәстүрлі мәдениеттегі театр элементтері көрсетіледі - халықтың ойын-сауықтарында, үйлену салтының әдет-ғұрыптарында, аңыз-әңгімелерде, жыраулық, шешендік өнерде. Фольклордың суырыпсалмалық табиғатындағы өзіндік ерекшеліктері анықталып, көркемдік сипаттары көрсетіледі. Сонымен қатар, очерк авторы қазақ халқының рухани өмірінің басқа да байырғы және бай көріністерінен болашақ театр белгілерін табады. Батыс Еуропа өнеріне тән театр заңдылықтарымен олардың ұқсастығын және ұлттық түрде бейнеленгендігін Б.Құндақбайұлы ауызекі фольклордағы театр өнері белгілерінен анықтайды, олардың терең тамырларын кейінірек дамыған ақындық орындаушылықтан (диалогты форма), әншілік және ойын-ысқақ (қазақ жәрмеңкесінде кең тараған ұлттық өнер) түрлерінен көріп, ғылыми түрде дәлелдеп, тұжырымдайды.
Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениетіне арналған бұл басылымда қазіргі кездегі өнертану ғылымының күрделі және маңызды тарихи-теориялық мәселелерінің шешілуі көзделген. Авторлық коллективтің оқырмандарға ұсынып отырған "Қазақстан өнері тарихының" екінші томында халық өнерінің түрлі салаларын қамтитын ортағасырлардағы Қазақстанның бай мәдениеті жүйелі түрде талданған.
Музыка өнері арқылы оқушылардың музыкалық білім білім берудегі мол мүмкіндіктерді және оларды мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде толық пайдаланбауы; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми –педагогикалық негізін жасау қажеттілігі педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейде зерттелмеуі; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыруды тиімді әдістемелермен қамтамасыз ету мен оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақ киносы Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады. Сол жылы орт. “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нiң 1 жылдық мерекесi” атты тұңғыш деректi фильм шықты (қ. Кино). Киноның негiзгi түрлерi: көркем фильм, ғылыми-көпшiлiк кино, деректi кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бiр саласы, фильмнiң әдеби, көркемдiк негiзi болып табылатын — кинодраматургия, кино өнерiнiң жанры, бейнелеу құралдарының бiрi — киномузыка және тұтастай кино өнерi мен оның ерекшелiктерiн, түрлерiн және жанрларын зерттейтiн ғылым саласы — кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн де қазақ киносы өзiнен бұрынғы дәстүрдi лайықты жалғастыра отырып, әлемдiк кино өнерi туындыларының байқауларында жүлделi орындарға ие болды.
Соның ішінде, «Айналайын», реж.Б.Қалымбетов. "Созақтан шыққан Гамлет», реж. С.Нарымбетов. "Қиян" (Соңғы аялдама), «Жүгіретін нысана», реж. Т.Теменов. «Воздушный поцелуй», реж. А.Қарпықов. «Отырардың күйреуі», реж. А.Әміркулов. «Қайрат», реж. Д.Өмірбаев. «Разлучница», реж. А.Қарақұлов. «Сұржекей-өлім періштесі», реж. Д.Манабай. «Розаның анасы», реж. А.Чатаева. «Сұр үшбұрыштағы орын», реж. Е.Шынарбаев. «Түсінде түс көру», реж. С.Апрымов. «Махаббат бекеті», реж. Т.Теменов. «Голубиный звонарь», реж. А.Қарақұлов. «Аккордеонист баланың өмірбаяны», реж. С.Нарымбетов. «Әлсіз жүрек», реж. Е.Шынарбаев. «Абай», реж. А.Әміркұлов. «Кардиограмма», реж. Д.Өмірбаев, «Соңғы каникулдар», реж. А.Қарақулов. «Тот, кто нежнее», реж. А.Карпыков. «Шанхай», реж. А.Баранов. «Жамбылдың жастық шағы», реж. К.Қасымбеков. «Ақсуат», реж.С.Апрымов. «Омпа», реж. С.Нарымбетов. «1997», реж. А.Әмірқұлов. «Фара», реж. А.Карпыков. «Сыйқырлы демеуші», реж. А.Сулеева. «Өлімнен кейінгі үкім», реж. Т. Теменов «Поездка к матери», реж. Д.Өмірбаев. «Кішкене адамдар», реж. Н. Төребаев. «Таза қазақша оқиға», реж. Д.Манабай. «Десант», реж. Л.Аранышева. «Үш ағайынды», реж. С. Апрымов (2000), «Жылама», реж. А.Қарақұлов (2002), «Кызжылаган», реж. С.Нарымбетов (2003), «Саған күшік керек пе?», реж. К.Қасымбеков (2003), «Шиzа», реж. Г.Омарова (2004), «Мылқау салқындық», реж. С. Өтепбергенов (2004) "Каладан келген кыз», реж.Р.Абдрашев (2004), «Құрақ көрпе», реж.Р.Абдрашев. «Шұға», реж. Д.Өмірбаев. «Шиебөрі», реж.С.Өтепбергенов. «Стриж», реж.А.Кульбаев. «Ангелочек», сериал, реж. Р.Альпиев, Э.Гильман. «Ұлжан», реж. Ф.Шлендорф. «Аңшы», реж. С.Апрымов (2004), «Сардар», реж. Б.Қалымбетов (2004), «Тұзды көлдің жағасындағы үй", реж. А.Әшімов(2004), «Дала эквсперсі», реж. А.Айтуаров, С. Нарымбетов (2005), «Көшпенді», реж. Т.Теменов, С.Бодров (2006), «Кек», реж. Д.Манабай (2006), «Ночной блюз», реж. А.Чатаева. "Күнә", реж. Б.Шәріп. "Жаралы сезім" реж. Е. Рақышев. «Трасса», реж. С.Құрманбеков. «Арман қуған», реж. М.Карбозов. «Дүниежарық», реж. Ж.Жетіруов. «Ауылым әнiм», реж. С.Құрманбеков. "Мұстафа", реж. С.Нарымбетов. "Саяхат», реж. Г.Омарова. «Хош бол, Гүлсары», реж. А.Әмиркулов. «Қасқырдың уақыты», реж. Р.Альпиев. «Әкем екеуміз», реж. С.Данияр "Келін», реж. Е.Тұрсынов т.б.
Көптеген халықаралық жүлде алған қазақстандық фильмдердің ішіндегі аса жоғары орын алғандары: 1. «Бегущая мишень», реж. Т.Теменов - г.Турин, Италиядағы ХКФ, Әділқазылардың арнайы жүлдесі. 2. «Отырардың күйреуі», реж. А.Әмірқұлов - Монреаль, Канадада өткен ХКФ, ФИПРЕССИ (Кинопрессаның халықаралық ассоциациясы) жүлдесі. 3. «Разлучница», реж. А.Қарақұлов - 17-ый Мәскеу ХКФ, ФИПРЕССИ жүлдесі, 1992. 4. «Қайрат», реж. Д.Өмірбаев - Локарно, Швейцариядағы ХКФ, «Күміс леопард» жүлдесі және ФИПРЕССИ жүлдесі, 1993. 5. «Сұр үшбұрыштағы орын», реж. Е.Шынарбаев - Локарно, Швейцариядағы ХКФ, «Алтын леопард» жүлдесі. 6. «Соңғы салқындықтар», реж. Б.Қалымбетов, Б.Ысқақов - Турин, Италиядағы ХКФ Үздік режисура үшін және ФИПРЕССИ жүлделері, 1994 7. «Стрейнджер», реж. Т.Сүлейменов -Братислава, Словакиядағы ХКФ, Гран-при жүлдесі, 8. «Голубиный звонарь», реж. А.Қарақұлов - Таормин, Италиядағы ХКФ-дің Гран-при жүлдесі, 9. «Әлсіз жүрек», реж. Е.Шынарбаев - Сан-Себастьян, Италиядағы ХКФ, Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 1995, 10. «Кардиограмма», реж. Д.Өмірбаев - Венеция, Италиядағы ХКФ, «Үш құрылықтың» фестивалі, Нант, Франция, ЮНЕСКО жүлдесі, Әділқазылардың арнайы жүлдесі.
«Жас аккордеонисттің өмірі», реж.С.Нарымбетов - Берлин ХКФ, Германия, Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 1996 12. Осы фильм, реж. С.Нарымбетов - Париж, Франция, француз киноөнері академиясының Жоржа мен Руты Садуль атындағы жүлдесі, 13. «Соңғы каникулдар», реж. А.Қарақұлов - Токио ХКФ, Жапония, фестиваль жүлдесі, 14. Осы фильм - Роттердам ХКФ, Нидерланды (Голландия), Гран-при жүлдесі, 1998 15. «Киллер», реж. Д.Өмірбаев - Канн ХКФ, Франция, «Ерекше көзқарас» жүлдесі, 2002. 15. «Жылама», реж. А.Қарақұлов - «Киношок», Анапа ХКФ, Ресей, "Үздік режисура" жүлдесі және "Үздің көркемдік шешім жүлдесі", 2003, 16. «Құйыршык», реж. А.Хайдар - Могилев анимациялық фильдер фестивалі (Беларусь) Белорус кинематографистер одағының "Ең үздік ұлттық сипаттағы фильмдерге арналған" жүлдесі, 2004. 17. «Аңшы», реж. С.Апрымов - Локарно ХКФ, Швейцария, Junior Jury Award NETPAC Award - CICAE Award (ARTE) халықаралық Әділқазылардың 3-ші жүлдесі және "Үздік режисура үшін" жүлдесі. 18. «Остров возрождения», реж. Р.Абдрашев - "Киношок», Анапа ХКФ, "Үздік толықметражды фильм үшін" жүлдесі, 19. «Мылқау салқындық», реж. С.Өтепбергенов «Киношок», Анапа ХКФ, "Үздік қысқа метражды филь үшін" жүлдесі.
«Шиза», реж. Г.Омарова - Канн ХКФ, "Ерекше көзқарас" жүлдесі, 21. Осы фильм - Токио ХКФ және Сочи («Кинотавр») ХКФ, "Үздік ер актер ролі үшін" жүлдесі (актер Олжас Нусіппаев), 22. «Саған күшік керек пе?», реж. К.Қасымбеков - «Кинотаврик», Сочи (балалар фильмі фестивалі), «Ең мейірімді фильм» жүлдесі, 2005. 23. «Остров возрождения», реж. Р.Абдрашев - Висбаден ХКФ, Германия, ФИПРЕССИ жүлдесі, 24. «Аңшы», реж.С.Апрымов - «НИКА» жүлдесі (Ресей), 2006, 25. «Дала экспресі», реж. А.Айтуаров - С.Нарымбетов, Везуль ХКФ, Франция, "Көрермендер көзайымы" жүлдесі 26. «Дуниежарық», Ж.Жетіруов - Турин ХКФ, Италия, ФИПРЕССИ жүлдесі. 27. Осы фильм - "Қола тайга" жүлдесі (Ресей ХКФ), 28. «Кек», Д.Манабай - «Золотой витязь», Кисловодск ХКФ, Ресей, «Қола Витязь» жүлдесі.
«Дуниежарык», Ж.Жетіруов - «Восток-Запад» ХКФ, Баку, «Көреременге адамгершілік жолдауы үшін» жүлдесі, 30. «Ангелочек», реж.Р.Альпиев, Э.Гильман - "Үздік Жас актер үшін" жүлдесі (Темірлан Жанботаев). 31. «Құрак көрпе», Р.Абдрашев - "Киношок», Анапа, "Үздік сценарий үшін" жүлдесі, 32. «Дуниежарық», Ж.Жетіруов - Мәскеуде өткен балалар-жасөспірімдер фильмдерінің ХКФ, Гран-при жүлдесі және Нұржұман Ықтымбаев «Үздік актер ролі үшін» жүлдесі, 33. «Ангелочек», реж.Р.Альпиев, Э.Гильман - 10-шы Евразиялық телефорум, Мәскеу, Гран-при жүлдесі. 34. «Шұға», реж. Д.Өмірбаев - "Үш Құрылықтың фестивалі". Нант ХКФ (Франция), Әділқазылардың арнайы жүлдесі, 2008. 35. «Стриж», реж. А.Кульбаев - Сингапур ХКФ, "Үздік актриса үшін» жүлдесі т.б. көптеген фильмдерді атауға болар еді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау – қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжіибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.Ендеше, ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары жаңаша жұмыстар атқаруы тиіс. Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруды, мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді.Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка өнеріне баулу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі- ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша «Музыкалық білім берудің әдістемесі»- болашақ маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын көрсетіп, сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып, болашақ мамандарды кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге, театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын міндеттерді көрсетуге болады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық, т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой қызметін басқаруына байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып, логикалық шешемдерді жасауға;
- оқушы бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға, әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыстануға міндетті.
Ізденішілік бағыт мұғалімнің оқу процессін жетілдіру арқылы және кәсіби шеберлігін көтеру арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық- педагогикалық қызметін талдау мен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процессін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық оқиғаға музыкалық білімін, педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;
- музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық репертуарын толықтыруға, оқышулармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек.