Метод – грек тілінде адамның практикалық әрекеттерін және өмірді тани білу амалдарының жолдарын, тәсілдерін білдіреді. Оркестрдегі ойналатын музыкалық шығарманың ерекшелігіне (күй, пьеса, би, ән т.б), авторына, оқушылардың жасына, білім деңгейіне байланысты оқыту, тәрбиелеу әдіс-тері әртүрлі болып келеді. Оркестрде пайдаланатын медодикалық әдіс-тәсілдер оқушыларға музыкалық-теориялық білім негіздерін берумен қатар оның көркемдігін, өмірмен байланысын аңғарту, білім, білік, дағдыларын дамытуды көздейді. Оркестр жұмысында әңгіме практикалық жұмыстар, көрнекілік, өзіндік жұмыс, зерттеу және проблемалық әдістер сияқты методикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Бұл аталған әдістер жеке немесе бірімен бірі тығыз байланысты, кешенді түрде беріледі.
Мәселен, оркестрде ойнауға Құрманғазы ның бір күйі белгіленді делік. Егерде жетекші сол күйді ешқандай қосымша жұмыс түрлерін атқармай, әдіс-тәсілсіз сол «таза» қалпында үйретсе, біздер жоғарыдағы айтқан мақсаттардың біреуіне де жетпей, ал оқушылар ешқандай құштарсыз, ынта ықылассыз, жалпылама дәрежеде ғана игерген болар еді. Міне, біздердің оркестр жұмысы белгілі бір ғылыми педагокикалық негізде өтілуі керек деп мән беруіміздің басты себебі – практикада жаңағы айтылғандай «жалаң» дайындықтардың жиі кездесетіні.
Оркестр ұжымының (оқушылардың) тәжірибесіне, музыкалық қабілеті дәрежесіне, белсенділігіне байланысты дайындық тәсілдері мен формалары да әртүрлі болып келеді. Мысалы оркестр концертке шығатын болса – практикалық ойнау тәсілі, ал жаңа шығарманы игеру барысында әңгіме және көрнекілік тәсілдері кеңінен пайдалынылады. Сонымен қатар өзіндік жұмыс істеу, зерттеу және проблемалық, сұрақ-жауап әдістеріне де ерекше көңіл аударған жөн. Оркестр дайындығының мынандай жұмыс түрлері болады:
1. Шығарманы бастан аяқ бірнеше рет қайталап, көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.
2. Шығарманың техникалық жағын жетілдіру.
3. Оркестрдің жеке топтарымен жұмыс дайындау.
4. Концерттік дайындық.
Әрине оркестр творчествалық жетістікке жетуі үшін оның дайындық формалары жан-жақты болып, методикалық жағынан түрленіп отыруға тиіс. Ансамбльдегі пайдаланыған ізденіс-зерттеу методикасын қалай іске асырғандығымыз жайлы бір мысал келтірейік. Оқушылар оқитын өнер мектебі композитор Мұқан Төлебаевтың «Соқ барабан», «Кестелі орамал», Құрманғазының «Балбырауын», Сейтектің күйі «Той бастарды» игеру алдында жетекші әр ойналатын композиторлардың өмірі мен творчествосы жәйлі қызықты деректер жинау жөнінде ұсыныс айтты. Бұл, оркестр мүшелерін аталған сазгерлердің өмірінен хабардар болып, ізденіске ұмтылдырады. Оркестрдегі алғашқы дайындық оқушыларға үлкен эмоциялық әсер қалдыруымен қатар, ұйымдастыру процесі де жоғары
дәрежеде өтуі тиіс. Бұл кезеңдегі енді бір ескерер жәй – оқушылардың аспапты үйде ойнап жаттығуы. Ұстаз үйдегі жаттығудың методикасын өзі аспапта ойнап көрсетіп, мысалдар арқылы айқындағаны жөн. Үйдегі жаттығудың маңызын терең түсіндіргенде ғана, оқұшылардың өз бетімен дайындық белсенділігі арта түседі.
Үй тапсырмасын өту реттері:
1. Аспаптың құлақ күйін келтіру. Қысқа әуендер арқылы құлақ күйінің дұрыстығын, тиектің орналасуын, астыңғы және үстіңгі аттас пернелердің үндестігін байқау. Бұны домбыра ойынын бастаудағы кіріспе деуге болады. Олар көптеген әсем әуенді үзінділерден құралады. Домбыра – аспаптық музыкамыздың өзіндік ұлттық ерекшелігі.
2. Жаттығу, гамма, этюдтерді жәй ырғақты ритмикалық мәнін сақтап ойнау, біртіндеп техникалық дәрежеге жеткізу.
3. Оркестр партиясын ойнау.
4. Үйге берілген күй, пьесаларды ойнау. Сонымен үйдегі оқушының өзіндік дайындығы – музыкалық материалды бекітіп, аспапты тездетіп меңгеруін шыңдайды, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, музыканы саналы, эмоциялық сезіммен ойнау қабілетін дамытады. Және де жетекші үй тапсырмасына әр кез ерекше көңіл аударып, оны тексеріп, өзіндік пікір айтып, қадағалап отыру қажет.
2-кезең.
Бұл – оқушылардың қолдары домбыраға төселіп, нота сауатын игеріп, оқып кететіндей дәрежеге жеткендегі кезең. Дайындық бірден жетекшінің бүгінгі оркестрде істелінетін жұмыстың мақсат, мазмұнын қысқаша түсіндіруінен басталады және төмендегідей жұмыс формалары қамтылады:
1. Ойналатын жаңа шығарма және оның авторы жәйлі қысқаша кіріспе сөз немесе
өткендегі шығарманы қайталап, көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу.
2. Шығарманы игерудегі техникалық көрнекі құралдарды пайдалану.
3. Шығармада ойлы өрнек, мәнерлік құралдарын жүйелеп, мазмұнын ашып,
көркемдік дәрежеге жеткізу немесе интерпретациялау.
4. Дайындық соңында, игерілген шығармалардың ішіндегі оқушылардың
көбірек ұнататынын ойнап, оркестр әзірлігін эмоциялық тұрғыда бітіру.
5. Келесі дайындықтың міндеті мен үй тапсырмасын беру. Әр дыбыстарды ойнағаннан әуен тумайтынын практика жүзінде дәлелдеу.
Музыкалық аспаптар. Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар. Ол - музыка зерттеушісі А. Эйхгонның суреті (1880-шы жылдары оны қазақтарда кездестірген) бойынша дайындалған. Түрік халықтарындағы үрмелі аспаптар ерте кезден келеді. Зерттеушілер үрмелі аспаптардың Орта Азия халықтарынан шыққандығын мәлімдейді. Ескі үрмелі аспаптардың ойнайтын саңылауы жоқ, олар тек хабар беру үшін ғана қолданылған. Түтікшеде саңылау пайда болғаннан бастап, оның техникалық мүмкіндігі анағұрлым өскен.
Даңғыра - қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл - бір жағы терімен қапталғаң ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра -шамандық әдет- ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
Саз сырнай, Үскірік және Тастауық Аспаптардың негізгі тобын балшықтан, саздан жасалған - саз сырнай, үскірік және тастауық құрайды. Аспаптарға қилы құстардың, аңдардың түрі беріледі. 1-3 саңыраулы, жұмсақ болып келеді. Саздан жасалған аспаптар балалар үшін ермек, ойыншық ретінде пайдаланылған. Бұл аспаптар арқылы балалар желдің, құстар мен аңдардың дауысын берген.
Шертер - ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған.