Махамбет жырларының халықтық негізі

Скачать

Жоспар:

1.        Кіріспе бөлім:

2.        Негізгі бөлім:

       а. Махамбет жырларының халықтық негізі

       ә. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар

3. Қорытынды:

                     

      Жарқын талант,ер жүрек батыр,ісімен де,сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық  құмарын қандыратын,ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің  өрлеу жолындағы  белгілі асқар биігі болды. 18-19ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті.

             Махамбет-өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын  толық меңгеріп,кемшілігін қайталамай,өз бетін, өз стилін айқындап,әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге.Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы,көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді.Сондықтан да ол-заманнан заманға  жалғаса беретін шығарма,ол өзінің оқырмандарын да,үйренушілерін де жоғалтпақ емес.

            Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы,бұрынғы Орда ауданы,Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі.Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған,үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып,ханға қарсы күресте  сөзімен де,ісімен де қару көрсеткен,сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы.Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты,әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп,ауызға ілінген.Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды,жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын,олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп,ақын сол ортадан жерініп,зығырданын қайнатып, хан,сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі.

            «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны» атты өлеңінде:

                   Хан емессің,қасқырсың,

                   Қас албасты басқырсың,

                   Достарың келіп табалап,

                   Дұшпаның сені басқа ұрсын!

                   Хан емессің, ылаңсың,

                   Қара шұбар жылансың,

                   Хан емессің,аянсың,

Айыр құйрық шаянсың!-дейді.Бұл ақынның Орда маңында жүргенде,бір үлкен жиында бетпе-бет айтқан сөзі.Сонымен қатар,хан,сұлтан,би-феодалдардың өз тарапынан халыққа көрсеткен рухани қысымшылықтары да аз болмаған.Сәл нәрсені сылтау етіп, ат-шапан сылтау айып алулары өз алдына,ондай жазаға құқықтары болмаса да,дүре соғу шазаларын да қолданған.Міне,осылар тәрізді,әрі экономикалық,әрі рухани қысымшылықтардың негізінде шаруалар көтерілісі туды да,ол көтеріліс халық батырлары Исатай мен Махамбетті жарыққа шығарды.Сөйтіп, өзінің аз өмірін халқының бостандығы жолына жұмсаған батыр,жалынды ақын ,ақыры,1846 жылы дұшпандардың қолынан қапыда қаза табады.Сүйегі сол өлген жеріне қойылады.Бұрынғы Қараой,қазіргі Махамбет ойы делінеді.

             Ақынның шығармалары сан жағынан көп болмаса да,оның сапасы,идеялық көркемдігі жағынан мәні зор.Бір сөзбен айтқанда,Махамбет өлеңдері -19ғасырдың бірінші жарымындағы хан,сұлтан,би-феодалдарға қарсы Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің айқын айнасы.Оның өлеңдерін оқығанда шаруалар көтерілісінің алғашқы өрлеу кезеңдері де,күрес жолдарындағы халық батырларының ерлік қимылдары да,көтерілістің апатқа ұшыраған да,күресушілерге жауларының қолданған шаралары да,жеңіліс тапқаннан кейінгі ауыр хал,қиын жағдайлардың бәрі де сол қалпында суреттелінеді.

            Махамбет –шын мәнінде өз халқын,өз отанын сүйген патриот ақын.Әр сөзі қанаушы хан,сұлтан,би-феодардарға қарсы айтылып, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді көрінеді. «Жәңгір ханға айтқан сөзі» деп аталатын өлеңінен бастап қарулы күреске шақырады.

Беркініп садақ асынбай,

Біріндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жаурын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағынан қанға суармай,

Қасарысқан жауына

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?

Қай кезде болсын күрес оңайлықпен қолға түпейді. Талай қиыншылық, ауыр азап, зор бейнеттерді бастан кешіруге тура келеді. Ақын бұл жайтты да халыққа ескертіп, үлкен іс, үлкен төзімділікті керек ететіндігін ашық айтты:

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға,

Қас үлектен туған кәтепті

Қара нар керек біздің бұл іске.

Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек

Біздің бүйткен бұл іске.

            Махамбеттің шын реалист ақын екендігін көрсететін фактілер тек оған қарсы топтың жауыздықтарын көрсетумен немесе халық басына төнген қара күндерді суреттеумен ғана шектелмейді. Ақын көтеріліс кезіндегі өздерінің істеріндегі қате-кемшіліктерін де жасырмайды. «Әй, Махамбет, жолдасым» деген өлеңінде, өзінің қатты сыйлайтын досы, көтеріліс кезінде бедел етіп ұстаған қолбасы батары, кейін өлімін аза тұтқан аяулысы, көп өлеңдерінің өзекті тақырыбы  болған Исатайдың өз қателіктерін монологі арқылы өзіне мойындатады. Келешек ұрпақ бұл қателікті қайталамауы керек дегендей ой тастайды:

Ауыр әскер қол ертіп,

Жас құсты барып төнгеде,

Арыстандай ақырған

Айбатыма шыдамай,

Хан баласы жылады-ай:

«Жанымды қой!» - деп сұрады-ай;

Ақ көңіл аңқау журекпен,

Беремін деп мен тұрдым!

Көк бедеуді бауырлап,

Шабамын деп сен тұрдың...

Хан сөзіне сенгенім,

Он күн сүрек бергенім

Әскерімді таратып,

Он бір күнге қаратып,

Бекетай құмға келгенім,- дейді.

      Кейбір өлеңдерінде ақын туған елін, бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған өз елінің сахарасындағы жан-жануар, аң- құстарды суреттеуге көбірек көңіл бөледі. Бірақ ел,табиғат байлығын, жан-жануарлар әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету үшін немесе тек сұлулық  үшін ғана суреттемейді. Мұнда ақын ел тағдырымен байланыста, өзі басынан кешірген қиын қыстау кезеңдердегі ойын, сезімін оқушылары толық сезінетендей ету үшін қолданады. Қысқартып айтқанда, Махамбет қандай ой-пікірді айтса да, қандай өмір құбылысын суреттесе де жеріне жеткізе, ар жағында ештеңе қалмағандай, ол тақырыптарды одан асырып ешкім суреттей алмайтындай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің халық мүддесіне арналып, оның ой армандарын жырлауы, жан сезімдерін тербетерлік ерекше көкемдігі, ағыл-тегіл тіл байлығы, тыңдаушы, оқушыларын еріксіз ертетін оптимисттік-романтизмдік сарыны, әрбір сөз образдарының өмір шындықтарына тән болуы ел жүрегінің жылы жерінен орын алады.

          Ұлы орыс халқының атақты революционер-демократ сыншыларының бірі Н.А. Добролюбов өзінің бір мақаласында әдебиеттің міндетін былай деп баяндайды: «Жалпы алғанда, әдебиет халық үшін күресетін құралдың бірі, оның міндеті үгітте, ал оның шын бағасы – қалай үгіттеумен дәріптеледі». Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет етуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруға күш салуында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге тырыстық. Бұл айтылғандардан Махамбет өлеңдерінің жай үгіттік қана мәні болған екен деп ұғып қалуға болмайды. Махамбеттің көркем сөздің ұстасы, шешендіктің үлгісі, адам жан дүниесінің суреткері болуы оның шынайы поэзия жасаушы ақын екендігін, оның туындылары оқырмандарына эстетикалық тәрбие берерлік үлкен құрал екендігін мойындатады.


Скачать


zharar.kz