13.Глоссарий

Скачать

Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.

Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.

Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.

Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.

Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.

Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.

Аксон - жүйке жасушасының  ұзын талшығы.

Афференттік  (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.

Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .

Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

Гемостаз (грек. haemo-қан,  stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан,  lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.

Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.

Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.

Диастола - жүректің босаңсу кезеңі.

Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-

Дистанциялық қабылдағыштар -  бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.

Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.

Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.

Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.

Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады.

Мультиполярлы -деп  көп тармақты нейрондарды атайды.

Нутрициология - тамақтану туралы ғылым.

Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады.

Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды.

Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.

Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі.

Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады.

Планцета ( лат. plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді.

Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы.

Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Систола- жүректің жиырылу кезеңі.

Синтез -  біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды.

Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы.

Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды.

тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі.

Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты.

Униполярлы - бір тармақты нейрон.

Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту.

Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан  қимылды келеді.

Физиология (грек. phisis-табиғат,  logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.

Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу.

Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.

Электрокардиография - жүрек биотогін жазып алу.

Экспирация - ол дем шығару.

Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.

Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым.

Эритроцит (грек. erytros-қызыл,  cytos-жасуша) - қанның қызыл түіршіктері.

Эритроцитоз - эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы.

Эритроцитопения - эритроцит санының қанда аз болуы.

Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.

Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер.


Скачать


zharar.kz