7.ПӘНДІ ОҚЫП-ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Скачать

Осы бағдарлама 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес. Мәліметтер қоры ақпараттық технологияларда үлкен роль атқарады, үлкен ақпараттар жиымын автоматты түрде өндеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істеудің қарапайым, әрі ыңғайлы құралы болып табылады және өндірістің әралуан саласында қолданылады. Курста қазіргі заманғы мәліметтер қорының теориялық негіздері, мәліметтер қорын жасау жене олармен жұмыс істеу принциптерін үйрену, студенттерді әртүрлі информациялық жүйелерде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру қарастырылған.

Курс барысында объектті-бағдарланған программалау негіздері қарастырылады. Сол сияқты объектті орта Access, қолданбаларды құру кезінде қолданылатын объектілер, басқару элементтерімен, ActiveX-тің кіріктірілген және қосылатын компоненттерімен орындалатын тәсілдер қарастырылады. Негізгі акцент барлық тілдік компоненттерге, SQL-кеңейтілулерге, класстармен жұмысқа, сыртқы мәліметтерге, ОАО объектілік модельдерге және ODBCDirect, клиент/сервер жүйесін құруға жасалады.

           

Зертханалық жұмыстар 1-модульде MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын құруға, негізгі нысандарды дайындауға арналған, 2-модульде Delphi ортасында мәліметтер қорын құрудың ADO технологиясын қолдана отырып, мәліметтер қорын программалауға арналған.


Скачать


zharar.kz