Динамикалық құрылым мәліметтері дегеніміз – ішкі жасалуы қандай да бір заң бойынша қалыптасқан, бірақ элементтер саны олардың өзара орналасуы, өзара байланысы программаның орындалу барысында динамикалық түрде өзгере алатын мәліметтер.
Жиын дегеніміз – мәліметтер реттеусіз болғанда және мәліметтердің әрбір элементі өз алдына қайталанбайтын болғанда қолданылатын мәліметтер құрылымы.
Иерархиялық құрылым – бұл деңгейлері бойынша бөлінетін элементтер жиынындағы, яғни, бір деңгейдегі элемендеңгейде бірнеше ұрпағы болуы мүмкін.
Массив дегеніміз – мәліметтердің бүтін санды индекс көмегімен кіруге болатын бір ғана типтен тұратын құрылымы.
Мәліметтер дегеніміз - дербес компьютерде өңдеуге болатын, кез келген ақпаратты сипаттайтын мәнді немесе мәндер жиыны.
Мәліметтердің логикалық құрылымы дегеніміз - сәйес құрылымның моделі, берілу схемасы (екі өлшемді массив, тік бұрышты матрица).
Мәліметтердің физикалық құрылымы дегеніміз - құрылымды компьютер жадысына орналастыру немесе сақтау схемасы (жады ұяшықтарының тізбегі).
Реттелген сызықтық тізімде – мәліметтер бір-біріне қатысты реттеліп орналасады.
Сызықтық құрылым мәліметтер типтері – орналасуы бойынша реттелген элементтер тізімін анықтайды.
Сызықтық емес құрылым мәліметтер типтері – позициялық реттеусіз элементтерді анықтайды.
Топ (группа) дегеніміз – элементтері ешқандай реттеусіз орналасқан сызықтық емес құрылым.
Тікелей кіру дегеніміз – элементті тікелей таңдау және тізімдегі алдыңғы элементтерге байланыссыз таңдауды айтады.
Файл дегеніміз – байттар тізімі. Ол бір ағымға теңеледі, яғни, бір құрылғыдан екінші құрылғыға ауысып отыратын байттар тізбегі. Тек қана дисктік файлға тікелей кіруді жүзеге асыруға болады.