Өсімдік және қоршаған орта
1.Абиотикалық факторлар
2.Өсімдіктің тіршілік формалары
3.Биотикалық және антропогендік факторлар.
1.Абиотикалық факторлар
Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан- экологиялық факторлардан тұрады. Бұл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді. Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінен биіктігі, ауа, жел) әсер етеді.
Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді.
климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдығы, электр құбылыстары;
топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті. топырақ пен грунттардың химиялық құрамы мен микробиологиясы;
орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын болып көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударганда һеIіоs — күн, рһуton — өсімдік), сциофиттвр (грек тілінен аударғанда skia — көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).
Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) — жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Фотосинтез цроцесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғары жарықтық жағдайында ғана орын алады (бидай, қарағай, майқарағай).
Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) — күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер, ашқылтым шөптер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары)
Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төменгідей топтарға бөлінеді:
1. Гидатофиттер ( грек тілінен аударғанда hudor, hudatos-су)- су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т.б.)
2.Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hudor- су)- құрылық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).
3.Гигрофиттер ( грек тілінен аударғанда hudros-ылғалды)- ылғалдылығы жоғарғы жағдайдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда- батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.
4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos-орташа, аралық- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдар, арамшөптер жатады.
5.Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros-құрғақ) –құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.
А)суккуленттер (латын тілінен аударғанда (sukkulentus- шырынды)-ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабылетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава)
Б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros-құрғақ, қатты)-құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу).Бұл өсімдіктер биік емес, б, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.
Топыпаққа қатысты өсімдіктер:
1.Галофиттер тұзды топырақтарда өсетіндер (солерос, сарсазан, сода және калий сораңы, поташник және т.б.) Галофиттердің осмостық қысымының өте жоғары болуы, оларға топырақ ертіндісін пайдалануға мүмкіндік береді.
2.Псаммофиттер (грек тілінен аударғанда (sammos-құм) қозғалғыш, құмды топырақта мекендейтін ағзалардың ерекше тобын бөліп көрсетуге болады.Мысалы, құм жусаны, ақ селеу, жүзгін, құм қарағаны.
2.Өсімдіктердің тіршілік формалары
Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары ғана емес,тіршілік формалары да қалыптасқан. «Өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А.Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан. Ал А.Гризебахтың жұмысы мен өсімдік формасының 60-дейін жетіліп, оларды «өсімдіктер формасы »деп атады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан әрі дамуы А.Н.Краснов,А.Б.Келлер,И.Г.Серебряковтың есімдері мен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлердің айтуы бойынша «тіршілік формасы »деп өсімдіктердің дене құрылы мен оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек.
Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесі:
1.Ағаштар- жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер,қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
2.Бұталар жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер.Бірнеше діңі бар,бүтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
3.Бұташықтар-бұталарға ұқсас бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек,вереск)
4.Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар,жебір).
5.Лиандар-сабақтары арқылы өрмелеп,жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім,қүлмақ,барқыт шөп)
6. Жастықша өсімдіктер –қоректік заттарға кедей, тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген.
7.Суккулекттер-су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер(түбіртек,кактус,агавалар)
8.Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының топтарға да бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылыр, ұзын және қысқа тамыр-сабақтылар, жуашықтар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.
И.Джефридің, кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфолиялық зерттеулері сүрекілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.
К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі 5 тобын ажыратады. Олар: Фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. Фанерофиттер (грекше «фанерос» -ашық,анық) бұған ағаштар,
бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25см-ден жоғары орналасады. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегофанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нонофанерофиттер деп бөледі.
К.Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді
жатқызады. Эпифиттер-ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері
ашық, бүршік қабыршықтары мен қапталмайды. Экологиялық тұррғыдан
орманның іш жағындағы көлеңкелі жердегі ағаштарға орналасқан эпифиттер
гигрофиттер, ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер-
ксерофиттер.
2. Хамефиттер- бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұған бұташықтар жартылай бұталар, төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай; «крипто»-жабамын көп жылдық өсімдіктер. Екіге бөлінеді: протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер.
4. Криптофиттер-жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер,гидрофиттер. Геофиттердің бүршіктері топырақта бірнеше см-ге дейін тереңдікте орналасады.Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер (грекше«терос»-жаз)-бір жылдық өсімдіктер. Бүлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады.Жылдың қолайсыз мерзімін түқым түрінде ғана сыннан өткізеді.
3.Биотикалық және антропогендік факторлар
Биотикалық факторға — барлық организмдердің жиынтығы (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер);
антропогендік факторға шаруашылықтағы іс-әрекеттері әрекеттері арқылы өсімдіктерге факторларға тікелей өсер етеді.
Техниканың жедел дамуына байланысты адамның биосфераға әсері күрт өсті. Көп жағдайда оны адамның табиғатты өзіне бағындыруы деп түсінеді. Бірақ шындығында олай емес. Техниканын алып күші, экологиялық тұрғыдан сауатсыз адамның қолында, тірі табиғаттың ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасының тізбегінің бұзылуына және түгелдей бір экосистеманың жойылуына әкеп соқтырады. Антропогендік қауіп-қатер XX ғасырдың екінші жартысында жер шарының көптеген жерінде көрніс бере бастады. Әсіресе соңғы кездері мұның әсері түгелдей бір халықтың тағдырына қауіп туғызып отыр.
Алысқа бармай-ақ Қазақстанның өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Тың көтеруге байланысты Қазақстанның шөлейт аймағының мыңдаған гектар құнарлы жерлері есепсіз жыртылып, нәтижесінде табиғи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтарының үйлесімді жүйесі бұзылды. Оның үстіне соңғы кездері көптеген колхоздар мен совхоздардың тарауына байланысты, осы айдалған жерлердің көбісі пайдаланылмай ауылшаруашылық айналымынан шығып қалып отыр. Соған байланысты көптеген егістік жерлер эрозияға ұшырауда. Кейбір деректер бойынша соңғы жүз жылдықта планетамыздың егін егілетін жерлерінің 23% эрозияға ұшырап, ауылшаруашылығына пайдаланудан тыс қалып отыр. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 20 млн. м3 топырақ сумен шайылып кетіп отырады екен.
Бұған Арал тағдырын, Семей, Капустин-Яр полигондарының Байқоңыр космодромының және т.б. қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерлерін қосатын болсақ, антропогендік фактордың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ауқымының орасан зор екендігі ешбір талас тудырмайды. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы, адамның денсаулығына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге оның сол жерді мекендейтін халыктың генефонына да әсері үлкен болады. Соңғы кездері өр түрлі қолы немесе аяғы жок, болмаса ақыл-есі кеміс мутантта
Белгілі бір факторлардың комплексі бар жекелеген территорияларды экотоптар (биотоптар) деп атайды. Бұларга батпақты, қүмды жерлерді, сылдырма тасты шөгіңділерді, құрғақ шөлейтерді және т.б. жатқызуға болады.
Қайталау сұрақтары
1.Абиотикалық факторларға не жатады?
2.Өсімдіктің тіршілік формалары жүйелеген кімдер?
3.Биотикалық және антропогендік факторлар туралы не білесіздер?
Ұсынылған әдебиеттер
1.Сағындыков.Ж. Өсімдіктер географиясы Алматы 2001ж
2.Комарницкий Н.А. , КудряшовЛ.В. Ботаника. Систематика растений. М., 1975
3.Хржановский В.Г., Прянишникова 3. Д. И др. Практический курс ботаники. М., 1963 г.
4.Тихомиров В.Н., Чистякова О.Н. Главнейшие порядки покрытосеменных растений. Изд. Московского университета., 1986 г.
5. Мұхитдинов Н., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы. Республикалык баспа кабинеті, 1993.
6.Мұхитдинов Н., Бегенов., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
7.Мұсақұлов Т. Ботаника. Алматы, 1975.
8.Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. Агропромиздат, 1983.
9.Хржановский В.Г., Курс общей ботаники. Москва. "Высшая
дікола", 1976. Учебное пособие для педагогических институтов. Ботаника мор-
фология и анатомия растений. Москва. Просвещение,
1988.
10.Тілемесов X., Рамазанов. Ауыл шаруашылык сөздігі. Алматы Қайнар, 1992. Қалиев Б., Өсімдік атаулары. Орысша-казакша сөздік. Алматы