1. Меню конструкторы.
2. Менюді динамикалық баптау.
Файлды ашу
Программада файлдармен жұмыс істеу үшін алдымен оны ашу қажет. Бұл әрекет алдын-ала хабарланған файлдық айнымалыны бұрын құрылған файлдың немесе жаңадан құрылатын файлдың атымен байланыстырылғаннан кейін, сондай-ақ, ақпарат алмасу бағытын көрсетуді қамтиды: файлдан оқу немесе оған жазу.
Файлмен жұмыс істеу үшін – ашу, ал жұмыс аяқталғаннан кейін – жабу қажет. Оқуға арналған файл RESET(FF) операторымен, жазуға арналған файл REWRITE(FF) операторымен ашылады. APPEND(FF) – мәтіндік физикалық файлға мәліметтер қосып жазуға арналған.
Мәліметтерді оқу және жазу белгілі READ/WRITE операторларының көмегімен жүзеге асырылады, тек тізімінің басында файлдық айнымалының аты көрсетіледі:
READ(FF,тізім)
WRITE(FF,тізім)
Файлдың жабылуы CLOSE(FF) операторымен орындалады.
Файлды шартты түрде басы бар, соңы тіркелмеген лента түрінде елестетуге болады. Файлдың компоненттері осы лентаға бірінен соң бірі тізбектеліп жазылады.
REWRITE командасы жазуға арналған файлды ашып, файлды жазу режимінің бастапқы күйіне келтіреді, маркер нольдік позицияға орналасады. Егер FF файлы бұрын болса, онда ол жойылады.
RESET командасы бойынша диск каталогындағы физикалық файлдың бар екендігіне көз жеткізеді, егер физикалық файл табылмаса, онда файл табылған жоқ деген хабарлама беріледі. Егер файл табылса, маркер көрсеткіші нольдік күйге келтіріледі, файл мазмұны жойылмайды.
APPEND командасы бойынша файл көрсеткіші оның соңына орналастырылып, бұрыннан бар файлға қосымша мәліметтер тіркеліп жазылады.
Файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар
Файлдың кез келген түріне пайдалануға болатын процедуралар мен функциялардың тізімін келтірейік.
1. Procedure AssignFile(var F; FileName,:String); - Fфайлдық айнымалысын FileName атты файлмен байланыстырады;
2. Function ChangeFileExt(const FileName, Extensions:String):String; - файлдың затын Extension параметрімен берілген файл затына өзгертеді;
3. Procedure ChDir(Path:String); - Ағымдағы каталогты өзгертеді: Path -ескертусіз орнатылған каталогқа баратын жолды көрсететін жолдық өрнек;
4. Procedure CloseFile(Var F); - Файлды жабады, бірақ F файлдың айнымалысымен AssignFile процедурасымен алдын-ала орнатылған байланыс сақталады. CloseFile процедурасының функциясы программа жұмысы дұрыс аяқталған жағдайда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады.
5. Function DateTimeToFileDate(DataTime:TDataTime):Integer; - DataTime мәнін файл құру уақытының жүйелік форматына аударады;
6. Function DiskFree(D:Byte):LongInt; – көрсетілген дискідегі бос орынның байттық көлемін береді; D - диск нөмірі (0 ескертусіз құрылғы; 1 - диск А; 2 – диск В және т.б.). Функция, егер жоқ дискінің нөмірі көрсетілсе 1 деген мәнді береді.
7. Function EOF(Var F):Boolean; – Файлдың соңын көрсетеді, егер файлдық көрсеткіш файлдың соңында тұрса, онда True мәнін береді. Жазуда бұл кезекті компонент файлдың соңына қосылғанын, ал оқуда файлдың жойылғанын көрсетеді.
8. Procedure Erase (Var F): - F файлын өшіреді. Процедураны орындар алдында файлды жбау қажет.
9. Function FileAge(const FileName: String):integer; - FileName файлы үшін оның соңы жаңартылған (қайта жазылған) уақытын береді (жүйелік форматта); егер мұндай файл болмаса, онда – 1-ге тең.
10. Function ExcludeTrailingBaslash(const S: String): String; - Sжолын тұйықтайтын “/” символын өшіреді (егер бұл символ жолды тұйықтамаса, онда S–ті өзгеріссіз қалдырады);
11. Function ExpandFileName(const FileName: String):String; - файл атын ағымдағы каталогпен толықтырады;
12. Function ExpandUncFileName(const FileName: String):String; – файл атын ағымдағы желілік каталогпен толықтырады;
13. Function ExtractFileDir(const FileName: Srting):String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын шығарады (соңғы “/”символынсыз);
14. Function ExtractFileExt(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оның затын нүктесімен шығарады;
15. Function ExtractFileName(const FileName: String): String: String; –файлдың толық атауынан оның атын затымен шығарады;
16. Function ExtractFilePath(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын символымен қоса шығарады;
17. Function ExtractRelativePath(const BaseName, DestName: String): String; – файлдың толық атауынан DestName–ге қатысты маршрут атын шығарады (аралық каталогтар: “/” символымен алмастырылады).
18. Function FileDateTimeToDateTime (DataTime: Integer):TDateTime; –жүйелік форматы FileDate файлының құрылу уақытын дата-уақыт форматына түрлендіреді.
19. Function FileExists(const FileName: String):Boolean; – егер FileName атты файл бар болса, онда True мәнін береді;
20. Procedure FindNext(Var F:TSearchRec); – FindFirst/FindNext функциясымен файлды іздеуге бөлінген жадыны босатады;
21. Function FindNext(Var F: TSearchRac): Integer; - F файлының каталогтағы келесі файлдың атын береді;
22. Procedure Flash(var F); – дискідегі файлдың соңғы өзгертулерін сақтай отырып, файлдың ішкі буферін тазартады;
23. Procedure GETDir(D:Byte; var S:String); – Ағымдағы каталогты береді: D - құрылғы нөмірі; 1 – А дискісі; 2 – В дискісі және т.б. S – String –типті айнымалы, ол көрсетілген дискідегі ағымдағы каталогқа баратын жолды көрсетеді;
24. Function IncludeTrailingBackslash(const S:String); – “/” символымен файлға кіретін толық маршрутты береді;
25. Function IOResult: Integer; – соңғы енгізу – шығару операциясының шартты белгісін береді;
26. Function ISPathDelimiter(const S:String; Index:Integer):Boolean; – егер S жолындағы Index символында “/” белгісі болса, онда true мәнін береді;
27. Function MatchesMask(const FileName, Mask: String):Boolean; – Егер FileName аты Mask топтық атауына сәйкес келсе, true мәнін береді;
28. Procedure MKDir(Dir: String);– көрсетілген дискіде жаңа каталог құрады: Dir каталогты іздеу маршруты. Бұрын құрылған каталогтар атауы қайталанбауы тиіс;
29. Procedure Rename(var F; NewName:String);–F файлының атын өзгертеді; NewName - файлдың жаңа атынан тұратын жолдық өрнек. Процедураны орындамас бұрын файлды жабу қажет;
30. Procedure Reset(Var F:File; [RecSize:World]); – бұрын құрылған файлды ашады. RecSize–дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді;
31. ProcedureRewrite(Var F:File; [RecSize:World]); – жаңа файл құрады. RecSize-дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді.
32. Procedure RmDir(Dir:String); – Dir каталогын өшіреді. Өшірілетін каталог бос болуы тиіс.