Дәріс № 12. Жердің планета ретіндегі жалпы сипаттамасы

Скачать

.Жердің формасы және өлшемдері

2.Жердің қозғалысы

1.Жер мен космостың өз ара әрекеттестігі

      Жер, космостың бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп отырады. Олардың ең бастылары мыналар:

1.  Ай меп Күннің тарту күштернің әсерінен Жер үстінде, Дүние жүзілік мұхитта, атмосферада жәпе жер қабығында көтерілулер мен қайтулар пайда болады.

2.  Жер Күннен жер бетіндегі жылу  қоры ретінде пайдаланылатын, сондай-ақ құрылықта, мұхитта, атмосферада және организмдерде болып жататын процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясын алады.

3.  Жер массасы жерге құлап   түсетін  метеориттер   есебінен үздіксіз артып   отырады.   Сонымен  бірге жер   атмосферасының жоғарғы қабаттарынан газ бөлшектері бөлініп шығып, планета аралық кеңістікке сіңіп кетеді.

4.  Күннен Жерге зарядталған бөлшектер  ағыны  құйылады. Әлем дүниесі түңғиығынан жер атмосферасының жоғарғы қабаттарына көзге керінбейтін космостық сәулелер — әр түрлі химиялық элементтердің (ең алдымен сутек атомының ядросы) атомдары ядроларының түйдегі енеді.

     Жер үстіндегі кейбір құбылыстар — поляр шұғыласы, магниттік дауылдар, ауаның иондануы, атмосферадағы кейбір газдардың молекулалық күйден атомдық күйге көшуі, т. б. космос бөлшектері мен сәулелерінің жер атмосферасына қаулап енуінің әсерінен пайда болады.

5. Жер әлем тартылыс күшімен аспан денелеріне әсер етеді және өзі күн жүйесіне, Галактика мен метагалактика жүйесіне енетін басқа аспан денелерінің әсеріне душар болады.

2. Жердің физикалық қасиеттері

     Жердің нағыз беті, оның ауысып отыратын ұшы – қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен ойпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық бетті зерттейді.

            Ғылыми және практикалық мақсатта өте жиі Жер сфероидты түсінігі қолданылады (грекше sphaira - шар, eidos – түр), ол полюстерге қарай созыңқы, бірақ шарға жақын геометриялық фигура. Сфероид эллипсоид айналуына сәйкес те біркелкі тепе – тендіктігі сұйық массалы фигура. Оның барлық заттары бір – біріне тартылыс күшіне байланысты тартылады және өзгермейтін білік айналасында тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Жер біртекті сұйық масса болмаса да Жер сфероидының эллипсоидтық айналудан айырмашылығы аз. Сфероид пен эллипсоидтық айналуының ең жоғарғы ауытқуы 45 ендікте -  3-4 м. Барлық геодезиялыө есептеулер эллипсоид бетінде жүргізіледі.

            Жердің полярлық сығылуы XVII ғасырда белгілі болды. 1672 жылы Парижден Каеннаға сағатпен қозғалғанда оның маятнигінің экватор маңында тәулігіне  2 мин  28 секундқа қалып отыратыны анықталды. Сондықтан сағаттың маятнигін  2,8 мм-ге қысқартуға тура келді. Ньютон мен Гюйгенс бұл құбылысты полюстен экваторға қарай ауырлық күшінің азаюымен түсіндірді. Мұндағы жаналық: дұрыс есептеулер нәтижесінде қоныржай ендіктерден экваторға қарай ауысқанда салмақ күшінің жылдамдығы сол бағыттағы орталықтан тебетін күштің көбеюінен едәуір тез кемитіндігін көрсетті.

Ньютон мен Гюйгенс жер полюстерінің қысылынқы және экватордың дөнес болуы мүмкіндігін айтты, демек жер шар емес, сфероид, яғни эллипстің кіші білігінде (осінде) айналуынан шыққан дене (сфероид сүреті).

Сфероидта меридиандар дөнгелек шеңбер емес - эллипс, ал полярлық және экваторлық радиустардың ұзындығы әртүрлі.

Алғаш рет жердің полярлық сығылуын француз математигі А. Клеро есептеп шығарды:

Формула: a=

мұнда, a -полярлық сығылу; а және вэкваторлық және полярлық радиус;   w- планетаның өз осімен бұрыштық айналу жылдамдығы; 

gc және gp  экватор мен полюсте аурлық күшінің үдеуі.

            Сфероидтың үлкен жарты осін (экваторлық радиус)  а арқылы, ал кішісін в арқылы белгілейміз, қатынасы жер сфероидының қысылуы деп аталады. Қысылудың шамасын қателеспей дәл табу градустық өлшеулердің қатесіз болуына байланысты. Сондықтан а-ның шамасы авторларда әртүрле, бірақ айырмашылықтары шамалы. 1924 жылы Мадридте болған халықаралық съезд жер сфероидының элементі үшін бәрінен дәлірек деп төмендегі көрсеткіштерді ұсынады;

а= 6378388м.

в= 6356911м.

а-в =  21477 м.

а= 1\297:

            Кейінен 1940 жылы совет ғылымы астроном және геодезист Н.Ф. Красовский эллипсоидтың негізгі элементерінің размерін анықтады. Сондықтан 1946 жылы геодезиялық және картографиялық жұмыстарда жаңа эллипсоидқа көшу туралы үш осі барлығын еске ала отырып есептеп шығарылды, оны Красовскийдің эллипсоиды дейді. Мұнда;
Экваторлыө радиус -  6378245 м.
Полярлық радиус -   6356 863 м.
Полярлық сығылу – (а-в) -   1 : 298,3

            Экваторлық және полярлық радиус арасындағы айырмашылық 21382 м. Қысылу соншалықты аз болғандықтан жер сфероидының дұрыс шардан айырмашылығы жоқ.

            Жердің формасының шар тәрізді болуымен географиялық қабық шеңберінде өтетін аса маңызды физгеографиялық процестер байланысты:

1.      Мөлдір емес шардың барлық жағы жарық көзінен бірдей жарық алуы мүмкін емес: оның сәуле түсетін және түспейтін жақтары  болады. Сондықтан – күн мен түн – бұл жердің шар тәрізді болуының нәтижесі. Жердің күн сәулесі түсіп тұратын жағы мен қарама – қарсы жағының жылу балансында айырмашылық едәуір. Сөйтіп жер бетіндегі барлық физгеографиялық процестерге: атмосфера температурасына, қысымға, су буына,  өсімдіктердің вегетациялық, физиологиялық функцияларына әсер ететіні анық.

2.      Жер формасының шар тәрізді болуынан туындайтын құбылыс – ендік бойынша күн сәулесінің құлау бұрышына байланысты оның энергиясының әртүрлі таралуы. Күннің жерге жететін сәулесінің барлығын параллель деп есептеуге болады. Егер де сәуле жалпақ бетке түссе, онда беттің қалай бағдарланғанына қарамастан оған түсетін сәуле барлық жерде бірдей бұрыш жасайды )жазық бетке түсетін сәулесі барлық жерде бірдей бұрыш жасап түседі.  6 \Сүрет)

           Бірақ, шындығында күн сәулесі дөнес, шар тәрізді бетке түсетіндіктен, күн сәулесі бір уақытта әртүрлі бұрыш жасап түседі. (сурет) Сондықтан да жердің кез – келген бөлігі күн сәулесінен біркелкі жылынбайды. Жылу біркелкі таралмағандықтан тура немесе жанамалы түрде басқа да климаттық элементтерге әсер етеді.

            Демек, жердің формасы климат құрушы негізгі фактор, яғни жер бетіндегі барлық экзогендік процестердің активтілігі жылу жнергиясының мөлшеріне тікелей байланысты.

            Сонымен,  Жер формасынынң шар тәрізді болуы мен Күн сәулесінің ендік бойынша беркелкі таралмауы жер бетіндегі физгеографиялық процестердің зоналығының негізгі болып табылады. Зоналық ерекшелік тек жекелеген компоненттер мен табиғи комплекстерде ғана емес, физгеографиялық процестер мен құбылыстардан де анықтайды.

            Жер көлемінің де географиялық фактор ретінде маңызы зор. Жердің көлемі оны құрайтын заттардың тығыздығы мен жер шары массасының шамасын, демек гравитациялық жнергияның кернеуін де анықтайды.

            Жер массасы (5, 975х1021) ең алдымен планетада атмосфераның бар жоқтығын анықтайды. Тартылыс күшіне байланытсы жер өзінің айналасындағы атмосфераның газ құрамына әсер етіп оның космос кеңістігіне ұшып кетпеуінен сақтайды. Жердің тартылыс күші атмосфераның жоғарғы қабатында мардымсыз болғандықтан гелий мен сутек космос кеңістігіне онай ұшып кетеді. Сондықтан да Күн мен алып паленталардың массасының төраттен бір бөлігін гелий құрайды, ал Жер атмосферасында жоқпен тең.

    Жердің тығыздығы мен температурасы. Жердің тығыздығы тұңғыш рет 1774 ж. анықталған. Кейінірек орташа тығыздығы 5,5 г/см3 болып анықталған әлдеқайда нақтылы мәліметтер алынды. Жердің шөгінді жыныстарының тығыздығы аз —2,5 г/см3 болады, демек, Жердің ішіндегі тығыздық көбірек болуы керек. Жер орталығында ол 9—11 г/см3-ке дейін жетеді деп жорамал-дайды. Бұл мәліметтер жер сілкінуден пайда болған сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығын бақылау арқылы анықталуда. Толқындар жылдамдығының секіртпелі өзгерістері 60 км тереңдікте жер қабығының қабық асты затпен немесе мантиямен (аралық қабат) шектесетіндігін, ал 2900 км тереңдіктегі қабық ,асты затынан кейін ядро қабығы болатындығын көрсетті. Одан әрі 5120 км тереңдікте   ядро   орналасқан.

Жердің   бетінен орталығына   қарай кысым,   тығыздық және температура арта түседі.

     Температурасы тұрақты Жер қабаттары климат пен тау жыныстарының өзгешеліктеріне байланысты әр түрлі тереңдіктерде жатады. Бұл қабаттың температурасы сол жердің жылдық орта температурасына тең болады. Тұрақты температура қабатынан әрбір 33 м тереңдікке төмендеген сайын Жер температурасы орта есеппен 1°-қа артып отырады. Геотермиялық саты, яғни температураның 1°-қа артуы жүзеге асатын қашықтық рельефке, вулкан ордасының жақын орналасуына, су қоймасы  мен ыза суларының болуына байланысты 1-ден 200 ж-ге дейін ауытқиды. Тереңдеген сайын температураның артуы баяулап, кейінірек мүлде тоқтайды. Жердің ішкі максимальды температурасы 2000—-3000° болады деген жорамал бар.

   Ғалымдар Жердің ішкі жылуының қайнар көзі радиоактивтік ыдырау болар деп жорамалдайды. Жер ішінде жылудың енуі жылулық бөлінуін жоюдан артық болғандықтан да жылудың жинақталуы пайда болады.

Жер магнетизмі. Жер магнит өрісін географиялық полюстерге сай келмейтін екі магниттік полюстері бар біркелкі магниттелген өрісті шар деп қарауға болады. Магниттік және географиялық меридиандар бағыттарының аралықтарындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады. Магниттік бұрылу картасы теңіз саяхатшылары мен геодезистерге дәл бағытты анықтау үшін қажет. Компас тілінің магниттік полюс бағытынан ауытқуын магниттік аномалия деп атайды. Мысалы, Кривой Рог, Курск аймақтарында магниттік аномалия байқалады.

3. Жердің қозғалуы.Градус торы.

      Жердің тәуліктік айналуы. Адамдар өте ерте замандарда аспан сферасының қозғалатын сияқты болып көрінетінін шындыққа балаған. XVII ғасырдан бастап, Галилейдің ашқан жаңалықтарының арқасында жұрт, Жерді айналып жүрген күн, планеталар мен жұлдыздар емес, қайта Жер батыстан шығысқа қарай өз осінен айналып, 24 сағатта бір рет айналым жасайтындығын білді. Күннің түнге алмасу себебі жердің осы тәулігіне бір айналым жасайтынынан.

    Градус торы. Жердің тәуліктік айналуы нәтижесінде жер бетіндегі барлық нүктелер шеңбер сызып шығады. Ен, кіші шеңберді полюстерде орналасқан нүктелер сызады. Екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің сызған шеңбері барлығынан да үлкен болады. Бұл шеңбер экватор деп аталады. Экватор жазықтығы жер осіне перпендикуляр болғандықтан Жерді екі жарты шарларға — оңтүстікке және солтүстікке бөледі. Жер шарын қиып ететін экваторға параллель жазықтықтар жер бетін де қиып өтіп, параллельдері деп аталатын шеңберлер түзеді. Олардың ұзындығы экватор ұзарған сайын кеми береді, есептеу экватордан полюстерге қарай (0°-тан 90°-қа дейін) жүргізіледі.

Жер осі арқылы ететін және жер шарын параллель жазықтарға перпендикуляр қиып өтетін жазықтар меридиан жазықтықтар деп аталады. Олар меридиандар шеңберлерін түзеді. Меридиан жазықтықтарының жер бетімен қиылысуынан пайда болған шеңберлер де осылай аталады.    Меридианның қазақ тіліндегі мәні — тал түс. Меридианның жер бетінің кез келген нүктесінен тараған бағыты тал түстегі көлеңке бағытына тура келеді.      Меридиандар есебі батысқа және шығысқа қарай басталатын Гринвич немесе бастапқы меридианнан жүргізуге келісілген. Шығыс пен батыс жарты шарларының шегі б. б.-ның 20°-тық жә-не ш. б.-ның 160°-тық меридианалары болып табылады.

Парлллельдер арқылы жер бетінің кез келген нүктелерінің географиялық ендігін анықтауға болады. Глобустағы және картадағы ендік экватормен белгілі орын арасындағы қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Солтүстік және оңтүстік ендіктері болады.

     Бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте меридианы жазықтығының арасындағы бұрыштық қашықтық геогрфиялық бойлық деп аталады. Глобустағы және картадағы географиялық бойлық нүктесі бастапқы меридианнан осы нүктеге дейінгі қашықтыкты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Бойлықтар градустары бастапқы меридианнан шығыс пен батысқа қарай 180°-қа дейін есептеледі. Шығыс және батыс бойлықтары болады. Бойлық пен ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын, сондай-ақ градуспен кескінделген екі нүктелер арасындағы қашықтықты табуға болады. Экватор градусының, кез келген меридиан мен әрбір параллельдің ұзынды-ғын білсей, онда олардың градустармен кескінделген қашықтықтарын километрлерге айналдыра аламыз.

Жергілікті жерде ендік пен бойлықты анықтау. Солтүстік жарты шарда жергілікті жер ендігі Темірқазықтың горизонт үстіндегі биіктігі бойынша анықталады. Темірқазыққа бағытталған бағыт  солтүстік полюсте горизонт   (көкжиек) жаэықтығын 90º бұрыш жасап қиып өтеді.Демек, Солтүстік полюс ендігі 90°-қа тең. Темірқазық жұлдызы экваторда тек көкжиектен көрінеді және Темірқазық бағытымен горизонт жазыктығынан түзелген бұрыш 0о-қа тең болады. Жергілікті жердегі бойлықты анықтау екі пункт аралықтарын-дағы жергілікті уақыт айырмашылығын анықтауға негізделген. 1°-тағы бойлықтар айырмашылығы 4 минут. Екі пункттер арасын-дағы уақыттар айырмашылығы белгілі болса, оның бойлығын есептеп шығаруға болады.

4.Жергілікті және белдеулік уақыт.

        Уақыт. Жердің  осімен айналу периоды – тәулік – уақыт өлшеудің табиғи бірлігі. Біз жердің осімен айналуын сезбейміз, бірақ аспан күмбезінің бізге көрінетін қозғалысы бойынша біз оны бақылай аламыз. Сондықтан да күн тәулігін қандайа да болмасын жұлдыздың (жұлдыз тәулігі), немесе Күннің (нақты күндік тәулік) екі кульминациялары арасындағы орташа уақытпен өлшеуге болады. Нақты күндік тәуліктердің ауысу жылдамдығы біркелкі еместігін еске түсірініз) және ол дәл уақытты өлшеуге жарамсыз. Практика мақсаты үшін орташа күндік тәуліктері қолданылады. Орташа күн уақыты – ойша алынған нүкте орташа Күнмен өлшенеді, ол біркелкі ауысып, яғни жыл ішінде толық айналып жасайтын периодты нақты Күнді белгілейтін нүкте. Орташа күндік тәулік – орташа күн уақытының 24 сағаты. Тәуліктің бастамасы болып орташа Күннің төменгі кульминация моменті, яғни түн ортасы алынады.

Тәулік барлық меридианда бір уақытта басталады. Әрбір меридианның өзіндік жергілікті уақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, онда соғұрлым жаңа тәулік ерте басталады. Жер айналасында әрбір сағат сайын  15 градусқа бұрылады; сондықтан бір-бірінен 15 градус қалып қойған меридиандарда жергілікті уақыт 1 сағат айырма жасайды. Егер меридиандардың аралық қашықтығы 1 градус болса, уақыт айырмашылығы  4 минут болады.

Дүние жүзілік уақыт ретінде бастапқы меридиан (гринвичтік) уақыты алынған. Жергілікті уақытты дүние жүзілікке болмаса керісінше келтіру үшін нүктенің бастапқы меридианнан бұрыштық қашықтығын - оның бойлығын – білу керек. Дүние жүзілік уақыт астрономияда пайдаланылады, ал ол нақты өмірде қоданылмайды.

Жергілікті уақыт көршілес пункттердің уақыттарының әр түрлі болуынан қолайсыздық туғызады. Сондықтан да XIX ғ. өзінде бүкіл Жер бетін әрқайсысы  15 градус есебімен  24 сағаттық белдеуге бөліп белдеулік уақыт жүзеге асырылды. Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта меридиан бойынша есептелінеді. Белдеу шекарасынан асқан кезде уақыт  1 с. өзгереді.

Бастапқы немесе нольдік белдеуде гринвич меридианы уақыты болады, ол белдеуді қақ ортасынан бөледі. Бірінші белдеудің уақыты бастапқысының уақытынан  1 с., екінші  2 с. және сол сияқты айырмашылық болып отырады.

Белдеудердің шекаралары меридиандар бойынша емес, саяси, шаруашылық және басқа да шекаралар (сағаттық белдеулер картасын қараныз) бойынша жүргізілді.

Жергілікті уақытты белдеулік уақытқа және керісінше аудару үшін мынадай формула жасалды:  

белдеулік уақыт (Тп) =  жергілікті орташа уақыт (m) + белдеу нөмірі  (n) –  сағаттық өлшемде берілген географиялық бойлық (l) белдеулік уақыт – дүние жүзілікке + бөлдеу нөмірі.

ТМД елдер территориясында тәулік ішінде электр қуатын бірқалыпты жұмсау және кешкі сағаттарда электр станциялардың артық жұмыс істеуін болдырмау мақсатында 1930 ж. Үкімет декретімен сағат тілі бір сағат алға жылжытылды. Сол себепті ТМД елдер территориясының  бүкіл сағаттық белдеулерінде белдеудің шығыстағы келесі уақыты бір сағат алда жүреді. Бұл декрет уақыты болып саналады.

Егер батыстан шығысқа ауысқан жағдайда, әрбір сағат белдеуінде сағатты жергілікті (белдеулік) уақыт бойынша, яғни олардың стрелкасын бір сағат алға жылжытатын болса, жер шарын айналған саяхаттың аяғында ол 24 сағатқа алға жылжытқан болып есептелінеді, сөйтіп артық тәулік “пайда” болады. Шығыстан батысқа ауысқан жағдайда сағат тілін кейін жылжыту керек, сонда саяхат аяғында бір тәулік есебі дұрыс болуы үшін шартты сызық – даталардың ауысу сызығы белгіленеді, моряктар мен ұшқыштар оны басып өткенде бір тәулікті шығыстан батысқа, бағытына қарай бір санды екі рет санайтын болады.

    Күнге қараған меридианда тал түс болғанда, қарама-қарсы жағындағы меридианда түн ортасы болады. Әрбір меридианның өзіне тән жергілікті уақыты бар. Жергілікті уақытты пайдалану қолайсыз, өйткені олай еткен күнде шығысқа немесе батысқа қарай сапар шеккенде сағат тілін не  алға,  не  артқа  қарай үнемі жылжытып отыруға тура келер еді. Осындай қолайсыздықтың болмауы үшін халықаралық белдеулік уақыт қабылданған. Жер шары 24 белдеуге бөлінеді. Әр белдеуде осы белдеудің орташа меридианыньщ жергілікті уақытына тура келетін бір уақыт болады.    

       Белдеулік уақыт орта меридиан белдеуінде орналаскан пункттердің жергілікті уақытына сай келеді де, белдеудің басқа пункттерінін, барлығында жергілікті уақыттан не алда, не артта болады.

   Жердің жылдық айналуы. Жер Күнді бір жылда бір айналып өтеді. Күн шуақ немесе тропиктік жыл 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секундқа тен,. Қолайлы болу үшін үш жылды 365 тәулікпен, ал төртінші жылды 366 тәулікпен есептейді. Бұл жылды толық жыл (високос) деп атайды.

     Жер Күнді 30 км/сек жылдамдықпен айналады. Фокустарының бірінде Күн болатын Жердің айналу жолы немесе орбита эллипс пішінді болып келеді.Орбита ұзындығы жер экваторынан 23 мың есе артық.

     Жыл мезгілдерінің алмасуы жер осінің орбита жазықтығына 66,5 градустық көлбеулікпен бұрыш жасауынан туады және бұл көлбеулікпен  әрқашанда өзгеріссіз қалады: жер осі орбитаны бойлай өзіне өзі параллель қозғалады, Темірқазық жұлдызының әрқашан зенитте болуы да содан.

    Жер осінің көлбеулігінен күн мен түн қөз ара тең болмайды. Жазғы күн тоқырауы — 22 июнь күні жарық пен көлеңке шегі Жер үстінен оңтүстікке қарағанда солтүстік жарты шарға жарықты мол түсіре өтетін болғандықтан, Күн сәулесі солтүстік тропикке тіп-тіке түседі. 22 июнь күні солтүстік жарты шарда күннің ұзақтығы түннен ұзағырақ, ал бұл уақытта Солтүстік поляр шеңберінде Күн көкжиекке батпағандықтан поляр күні болады. Солтүстік жарты шарға жылу мол түседі. Солтүстік жарты шарда жаз басталғанда. оңтүстікте қыс болады.

Қысқы күн тоқырауы — 23 декабрь күні солтүстік жарты шардың көп жеріне көлеңке түсіп тұрады, ал солтүстік поляр шеңберінің аржағында поляр түні басталады. Күн көкжиектен көрінбейді. Бұл кезде солтүстік жарты шарда жыл маусымындағы түн күндізгіден ұзағырақ болады, Күн сәулелері оңтүстік тропикке тіпе-тік түседі де, оңтүстік жарты шарда жаз, ал сол-түстікте — қыс болады.

Көктемгі және күздегі күн мен түннің теңелуі (21 март пен 23 сентябрь) күндері жарық пен көленке шектері меридиандарды бойлап өтеді, демек, бүкіл жер жүзінде күн мен түн тең болады. Тіпе-тік сәуле экваторға түседі. Екі жарты шар да жарық пен жылуды бірдей мөлшерде қабылдайды.

Жарық түсіру белдеулері. Жер осінің көлбеулігі Жерді жарық түсіру белдеулеріне бөледі. Тропиктер аралығында тропиктік белдеу орналасады. Онда күн үнемі жоғары көтеріліп, жылына екі күн зенитте болады. Жыл бойы жылы болғандықтан жыл мезгілдерінде температураның төмендеуі мүлде байқалмайды. Жер бетінін, 40%-ті тропиктік белдеу болады. Тропиктік және поляр шеңберлерінің аралығында солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулер орналасады. Оларда Күннің көкжиектен көтерілуі жыл мезгілдеріне қарай кенет өзгергенімен Күн зенитте ешқашан да болмайды. Сондай-ақ күн мен түннің ұзақтығы да маусымға байланысты өзгеріп отырады. Жаз күндері күн ұзақтығы полюстерге карай артса, қыста осы бағытқа қарай түн ұзақтығы артады. Бұл белдеулерде жыл маусымдары аралығындағы температура айырмашылығы айқын білінеді. Жер бетінің 50%-ін қоңыржай белдеулер алып жатады.

     Поляр шеңберлерінде солтүстік және оңтүстік поляр (суық) белдеулері болады, Жазда поляр күні шеқберлерінде бір тәулік, ал полюстерде алты айға дейін созылады. Қыстағы поляр түнінің үзақтығы да дәл осындай болады.

  Күн сәулелері Жерге қиғаш түсіп, жер бетін нашар қыздырғандықтан, бұл белдеулердегі қыс қатал да ұзақ, ал жаз қысқа да салқын болады. Екі суық белдеу Жер бетінің 10%-ін алып жатады.

Қайталау сұрақтары

1.Жердің формасы және өлшемдері туралы не білесіңдер?

2.Жердің қозғалысы салдары туралы түсінік беріңдер?

Ұсынылған әдебиеттер

1.С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998.

2.Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

3.М.А. Никонова, П.А. Данилов Землеведение краеведение. М., 2000.

4.М.А. Никонова, П.А. Данилов Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.

5.Боков В.А. и др. Общее землеведение. СПб.,1999.

6.Милькова В.Э. Общее землеведение. М., 1971.

7.Козловский Е.А. Новое о строение земной коры. М.,1998.

8.Шубаев Л.П. Общее землеведение. М.,1977.

9. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы.,


Скачать


zharar.kz