Сабақтың мақсаты Жапырақтың негізгі бөлімдерімен, пішіндерімен, жүйкелену түрлерімен, орналасу тәртібімен, жіктеліуімен танысу
Тапсырма
1.Бөлме өсімдіктерінен жапырақтың сағақты, сағақсыз-қондырмалы, қынапты түрлерін анықтау.
2.Бөлме өсімдіктерінен және кеппешөптерден жапырақтардың пішіндері мен жүйкелерін ажыратып, суреттерін салу.
3.Кеппешөптерден, бөлме өсімдіктерінен жапырақтардың орналасу тәртібін қарап, суретін салу.
4.Бөлме өсімдіктерінен жапырақ категориялары мен жапырақ мозайкасын бақылау.
5.Кеппешөптерден және бөлме өсімдіктерінен жапырақ метаморфозасын зерттеу.
6.Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарындағы морфологиялық ерекшеліктерді бақылау.
7.Қайталау сұрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Сұрақтар
1.Жапырақ қандай мүшенің кұрамды бөлігі болып табылады?
2.Өсімдік жапырақтары қайдан өсіп шығады.
3.Жапырақ қандай қызмет атқарады?
4.Сағақты, қондырмалы және қынапты жапырақтар арасында қандай айырмашылыктар бар?
5.Жапырак тақтасынын санына қарай жапырақтар қандай түрлерге бөлінеді?
6.Жапырак. пішіндері қандай болып келеді?
7.Жапырақ жүйкесі дегеніміз не, олар қандай қызмет атқарады?
8.Жапырақ жүйкелерінің қандай түрі бар?
9.Өсімдіктер сабағында жапырақ қаңдай тәртіппен орналасады?
10.Жапырақ мозайкасы дегеніміз не?
11.Жапырактың қандай категориялары бар?
12.Жапырақтың қандай метаморфозданған түрлері бар?
Есеп беру формасы жазбаша, ауызша
Жұмысты орындау тәртібі тапсырмада берілген сұрақтарға жазбаша
жауап беру,сурет салу.