9. СОӨЖ Тақырып атауы План және карта.

Скачать

 

Сабақтың мақсаты. Географиялық карта мен планға аңықтама беріңіз.

Тапсырма.

1:1000; 1: 10 000; 1: 1000 000; 1: 45 000 000; 1: 100 000 000 атаулық масштабқа айналдырыныз

1:2000; 1:5000; 1:4000 000 атаулық масштабқа айналдырып, сызықтық масштаб құру керек.

см – 1 км, 1 см750 км, 1 см900 км,  1 см5 см сандық масштабқа айналдыру керек

Мәскеу мен Смоленск, Мурманск мен Семей, Астана мен Қызыл орда, Өскемен, Атырау, Ақтау  қалаларының арасындағы қашықтықты карта.   бойынша өлшеп, аңықтамалар мәліметтерімен сәйкестіктері бар, жоқтылығын түсіндіру керек.

Қазақстан картасы бойынша Ертіс, Шу, Сырдарья, Амударья, Есіл, Ешім өзендерінің ұзындығын өлшеп анықтамалар мәліметтерімен қандай өзгешелігі бар екенін түсіндіру керек.

Қағаз лента немесе жіпті пайдалана отырып глобус бойынша Москва - Владивосток, Астана – Санк Петербург, Париж - Семей, Нью Йорк – Лондон аралық қашықтарын өлшеу керек

Глобустан экватор бойындағы Африка мен Оңтүстік Америка ұзақтылығын анықтаңыз.

Жалпы географиялық және тақырыптық карталардың салыстырмалы ерекшелігін көрсету керек.

Жоспар мен картадағы шартты белгілер түрлерін анықтаңыз.

Географиялық карталарда пайдаланылған рельефі бейнелеу әдісін анықтаңыз.

Топографиялық карталардағы рельефтің  қима биіктілігін анықтап, оның мөлшерінің карта бетінде сақталуын көрсету керек.

Градус торы сызығы және нүктелерін атап, оларға анықтама беріңіз.

Жарты шарлар картасы бойынша Мәскеудін, Алматы, Вашингтон қалаларының көкжиек бағыттарын стрелка арқылы көрсету.

Барлық  меридиандармен қиылысатын құрылықты ата.

Физикалық карта мен глобустан ендік және бойлықты көрсететін бастапқы нүктені көрсет.

 

Сұрақтар

Географиялық картаның негізгі элементтерін атаңыз?

Жергілікті жер жоспары дегеніміз не?

Глобус деген не?

Карта және глобусты салыстырыныз.

Масштаб дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

Жоспар мен карта масштабтары айырмашылығы неде?

Масштаб бойынша карталар қалай жіктеледі?

Территорияны қамтуына байланысты карталар қалай жіктеледі?

Жергілікті жер жоспары мен карталарда қандай зерзаттар жасыл реңмен боялады

Географиялық координаталар  дегеніміз не?

Картографиялық бұрмаланушылық дегеніміз не?

Есеп беру формасы жазбаша конспект, есеп шығару, картамен жұмыс

Жұмысты орындау  тәртібі Тапсырма бойынша сұрақтарға жазбаша жауап жазып, есептерді шығару,картамен жұмыс


Скачать


zharar.kz