Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

Скачать

            Курс бағдарламасын меңгеру. «Педагогика» курсын көрсетiлген бағдарлама бойынша меңгеру қажет. Негiзгi ұғымдар мен анықтамаларды меңгеру қажет.

Студенттiң өздiк жұмысы пәннiң сабақтарын  толықтыратын маңызды және жауапты бөлiмi. Өздiк жұмысқа жекелеген  теориялық бөлiмдер, жеке бағдарламалар құру т.б. жатады. СӨЖ бақылау ауызша  және жазбаша бақылау, коллоквиумдар, тесттер, рефератттар түрiнде алынады.

Реферат титулды парақтан, мазмұннан, кiрiспеден, негiзгi бөлiктен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Өздiк жұмыстар мен рефераттарды толтыру оқу орнының стандартына сәйкес келуi тиiс.

        Аралық бақылауда  өтiлген тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, тестiк сұрақтар берiледi

Курстың мақсаты: Болашақ маманның жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамытуға бағытталған теориялық, әдіснамалық және  практикалық даярлығы. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жаңартудың қазіргі бағытын шығармашылықпен қарау, ізгілендіру және демократияландыру, жаңашыл-педагог іс-тәжірибелерін ескеру.

Курстың міндеттері: Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, принциптері мен заңдылықтары, мектептегі басқарудың ғылыми педагогикалық негіздерімен қаруландыру; қоғамға білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін білікті маманды даярлау; мектептерде оқу-тәрбие жұмысын терең түсініп, әдістемелік негізде үлкен шеберлікпен жүргізудің тиімді жолдарымен, әдістерімен қаруландыру; студенттерге педагогикалық процестің жүйелі көрінісін және педагогикалық дағдылармен шеберлікті қалыптастыру; оқушылар ұжымымен, ата-аналармен қарым-қатынас жасай алу.


Скачать


zharar.kz