Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Скачать

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Семинар (сарамандық) сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол студенттің өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар семинар (сарамандық) сабақ түрінде өтеді, бұл суденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық  дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.«Экономикалық теория негіздері» пәні  бойынша семинар сабақтары экономикалық білімді нығайтудың  негізгі  жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады.

Семинар сабағына дайындалу барысында  жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

         Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді  мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге  өз тарапынан ізденіп  баспа материалдарын да қарастыруы қажет. Келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Бизнес в Казахстане, Саясат және т.б.


Скачать


zharar.kz