Мақсаты: Мұғалім іс-әрекеті мен педагогика пәнінің объектісі туралы мағлұмат беру
Жоспар:
Педагогикалық процесс туралы ұғым.
Педагогикалық процес заңдылықтары мен принциптері.
Педагогикалық процесс жүйесі, мәні, компоненттері
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғылымда «объект» және «пән» деген ұғым нені білдіреді? Бұл мұғалімнің практикалық іс-әрекеті үшін қандай маңызы бар?
2. Педагогиканың пәні не болады?
3. Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген «педагогикалық процесс» ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
4. Не себепті тек педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі болып табылады?
5. Дамудың қозғаушы күштеріне анықтама беріңіз.
6. Мұғаілім педагогикалық процестің дамуына әсер ете ала ма?
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтас объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілер, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непоминящая) Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі мен тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені қалыптастыруға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейінін теріс түсініп объектісі аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А.Амонашвили, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С.Ильин);
-мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес (Ю.К.Бабанский);
-егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П.Радченко);
-мектеп әкімшілдігі іс-әрекеттің тиімділі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);
-біртұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А.Конаржевский);
Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену біртұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына-мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуаларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компоненттерінің, қасиеттері, заңдылықтары туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі тұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, А.С.Макеренко, М.А.Данилов, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М.Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, дамыту және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі )Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқытудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр-ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.
Бір дейгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа тұтастықтың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдауға көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып сипаттап қолданады. Жасалған көрсетілген әдістің ерекшеліктерін В.И.Ленин осы әдістің орнын және оның нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық жігі жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетеді.
Педагогикалық процесті біртұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама-қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.
Педагогикалық процестің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М.Абдильдин). Дамак, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатынасушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны, мәні, тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасуды» қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалісімен дамуын көруге мүмкіндік туады.
Барлық мәдени байлықтарды және іс-әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе «сынып ұстаздары», «сынып оқушылары» пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс-әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздары-мектеп оқушылар ұжымы» қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, «мектеп-оқушылар» жүйесінің өмір сүру қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процесі болады.
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан («қалыптастыру қас қағым сәті») бірінші деңгейдегі жүйеге «адам» көтерілуі арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:
-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық процесті көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;
-жүйе тек іс-әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әртүрлі іс-әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру шығармашылыққа белсенділікке дайын болады;
-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;
-іс-әрекеттің барлық элементтері «мақсат, міндеттер мазмұны және т.б.) жүйелі компоненттері бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс-әрекеті осыған бағытталуы керек;
-педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс-әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі. (біртұтас педагогикалық процестің графикалық моделін қарасаңыз).
Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұнын біртұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттерінде көрсетеді:
-педагогикалық процесс әлеуметті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысуышлардың арасындағы іс-әрекеттерімен алмасуымен анықталады;
-ынтымақтастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-бірімен де) үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
-«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
-педагогикалық процестің негізгі интегратвтік қасиетін әртүрлі тектегілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.
«Педагогикалық процесс» объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады:
-белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттер;
-әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы;
-субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.
Әдебиеттер:
1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003.
3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004.
4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.
5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.
6.Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002 ж.