СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Скачать


Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

1.      Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

2.      Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

3.      Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

4.      Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

5.      Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

СОӨЖ және СӨЖ жазуда не ескеріледі?

1.      Таңдап алған жұмыстың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

2.      Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3.      Жұмысты орындауда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

4.      Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

5.      Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

6.      Студенттің жазған жұмысы аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушыны қысқаша жұмыс тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент жұмыс мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Жұмысты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Орындаған жұмыс талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы жұмысты жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1.      Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2.      Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3.      Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.      Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5.      Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6.      Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7.      Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

·         Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

·         Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

·         Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

·         Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

·         Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

·         Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

·         Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

·         Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


Скачать


zharar.kz