Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access-те конструктор көмегімен кесте құру
Мақсаты: Microsoft Access-те мәліметтер қорының обьектілерін жасау, енгізу, оны өңдеу, конструктор режимінде кестені жасауға және оның құрылымын өзгертуді үйрену.
Әдістемелік нұсқау:
Жасалатын мәліметтер қорының логикалық құрылымын анықтайық. Фамилиясы, аты, тобы, туған жылы, күні және адресінен тұратын кесте құрамыз.
1. Программаны іске қос: Пуск Программы Microsoft Access командасын орында;
2. Microsoft Access-тің алғашқы жұмыс терезесінен Жаңа мәліметтер қоры (новая база данных) таңдап, ОК батырмасын шерт.
3. Жаңа мәліметтер қорына сұхбат терезесіндегі файл аты өрісіне Student атауын енгіземіз де Создать батырмасын шертеміз;
4. Мәліметтер қоры терезесі ашылады, қордың негізгі терезесі болып саналады және мәліметтер қорының кез келген обьектісін ашуға, жасауға, жоюға мүмкіндік береді;
Кесте құрылымын құрамыз
1. Пайда болған Student терезесінде: Кесте (Таблицы) обьектісін таңдап, Создать батырмасын шертеміз;
2. Новая таблица сұхбат терезесінде жұмыс режиміне Конструкторды таңдап, ОК батырмасын шерт;
3. Имя поля бағанының бірінші жолына: Фамилия сөзін енгізіп, оңға пернесін бас;
4. Тип данных ұяшығының тізімінен Текстовый типін таңда;
5. Экранның төменгі бөлігіндегі Свойствах поля-дағы Общие астарлы бетіндегі Размер поля жолына 20 санын енгіз;
6. Обязательное поле қатарындағы менюда Да жауабын көрсет:
7. Описание бағанының бірінші жолына курсорды қоямыз да, Студент фамилясы түсініктемесін енгіз;
8. Имя поля бағанының екінші жолына: Аты сөзін егізіп, Текстовый типін таңда;
9. Описание бағанына: Студент аты түсініктемесін енгіз, Размер поля – 10 деп енгіз;
10. Имя поля бағанының үшінші жолына: Топ сөзін енгізіп, Числовой типін таңда;
11. Размер поля тізімінен Целое типін таңда;
12. Описание бағанына: Топ нөмірі түсініктемесін енгіз;
13. Имя поля бағанының төртінші жолына; Туған күні мен жылы сөзін енгіз;
14. Тип данных ұяшығының тізімінен Дата/Время типін таңда;
15. Формат поля тізімінен Краткий формат даты типін таңда;
16. Экранның төменгі бөлігіндегі Маска ввода өрісіне курсорды орналастырып, үш нүктелі батырманы шерт. Кілттік өріс пен кестені Таблица 1 атымен сақтауға рұқсат ету сұранысын бекітіңіз;
17. Создание масок ввода сұхбат терезесінде Краткий формат даты таңдап, Далее батырмасын шерт;
18. Готова батырмасын шерт;
19. Көңіл бөліп қарасаңыз Microsoft Access бірінші жолға автоматты түрде Ключевые поле Код жолын қосқан, жазбалардың идентификаторы рөлін атқарады, оның типі Счетчик;
20. Имя поля бағанының алтыншы жолына: Адрес сөзін енгіз;
21. Тип данных ұяшығының тізімінен Поле МЕМО типін таңда; Описание бағанына: Үйдің адресі түсініктемесін енгіз;
22. Таблица 1 терезесін енгізілген өзгерістерді сақтай отырып жабу;
Кестені толтыру
23. Student терезесінде: Кесте (Таблицы) обьектісін таңдап, Открыть батырмасын шерт;
24. Фамилия өрісіне өзіңіздің фамилияңызды, Аты өрісіне өзіңіздің атыңызды, Топ өрісіне өзіңіздің тобыңыздың нөмірін енгізіңіз:
25. Курсорды туған күні мен жылы өрісіне орналастырып, өзіңіздің туған күніңізді ДД.ММ.ГГ форматымен, мысалы, 12.05.79. Ескерту: сандарды ғана енгізу керек, қалғанын Microsoft Access өзі автоматты түрде маска бойынша қояды;
26. Адрес өрісіне курсорды қойып, өзіңіздің үйіңіздің адресін теріңіз;
27. Осылайша жеті 7 жазба енгізіп шығыңыз;
28. Код өрісінде цифрлар автоматты түрде бірге өсіп өзгереді;
29. Таблица 1 терезесін жабу;
30. Student терезесінде: База данных-та курсорды Таблица 1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;
31. Предварительнй просмотр командасын таңда. Терезені жабу;
32. Student терезесінде: База данных-та курсорды тағы да Таблица 1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;
33. Переименовать командасын таңда. Кестенің жаңа атауын енгіз:
Т Студенты.
Бақылау сұрақтары: