№4 СӨЖ

Скачать

№4 жұмыс

Тақырыбы:                         «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Алгоритмдеу негіздері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 9-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші  сабақ болып  І оқу тоқсанында өтіледі. 

Сағат саны - 4 сағат.

1 – сабақ.

«Алгоритм» ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері

Мақсаты: оқушылардың «алгоритм» ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.

            Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп, негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.

            Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.

            Жоспары:

1.                  «Алгоритм» ұғымы.

2.                  Алгоритмдерге мысал келтіру.

3.                  Алгоритмнің қасиеттері.

4.                  Алгоитмнің қасиеттеріне сипаттама беру.

5.                  Алгоритм құруға есеп шығару.

6.                  Бақылау және тестілеу сұрақтары арқылы оқушылардың игерген білімін тексеру.

7.                  Жаттығу мен есеп шығару арқылы оқушылардың алгоритм құру дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

            Алгоритмнің қасиеттері:

1.      Айқын, дәл өрнектелуі.

2.      Үздіктілігі.

3.      Нәтижелілігі.

4.      Жалпыламалығы.

5.      Формалды орындалуы.

2 – сабақ.

Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок – схема.

Мақсаты: алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок – схема құру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: алгоритмнің өрнектелу жолын білу, оларды салыстыра алу және блок – схема түрінде берілу тәсілдерін меңгеру.

            Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құрып, оны блок – схема түрінде жазу.

            Жоспар:

1.                  Алгоритмнің өрнектелу жолдары.

2.                  Алгоритм блоктарының арнайы белгілері.

3.                  Алгоритмді блок – схема түріндежазуға мысал келтіру.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама.  Блок – схема – алгоритмнің арнайы бекітілген гоеметриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.

Алгоритм блоктарының арнайы белгілері:

   Іс-әрекеттің     

        аталуы

Блок-схема түрі

Негізгі әрекеті

Процесс

Математикалық өрнектерді есептеу

Таңдау

                   шарт

 

     
   

        жоқ                       иә

Есеп шығару жолын таңдайды

Модификация

Цикл басы (қайталау)

Құжат

Нәтижені шығару, қағазға басу

Енгізу, шығару

   


Мәлімет негізу (шығару)

Бастау, аяқтау

Алгоритмдердің басы, соңы

Қосалқы программа

Қосалқы программаға кіру және шығу

Түсініктеме

Схеманың, формуланың түсііктемесі

3- сабақ

«Орындаушы» ұғымы. Орындаушы командалар жүйесі

Мақсаты: оқушыларды орындаушы командалар жүйесімен таныстыру.

            Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: орындаушының командалар жүйесін, оның атқаратын міндеттерін білу.

            Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым есептерге алгоритм құра білу.

            Жоспар: «Орындаушы» ұғымын түсіну.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Берілген реті бойынша алдын ала бекітілген командалар жүйесіне кіретін командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын адамды немесе техниканы орындаушы деп атаймыз.

4-сабақ

Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдер. Көмекші алгоритм түсінігі

Мақсаты: оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен таныстыру. Алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеу.

            Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар есептің алгоритмін блок – схема арқылы өрнектей алуы тиіс.

            Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: Берілген есепке алгоритм түрлерінің қажеттісін қолдана білу.

            Жоспар:

1.        Сызықтық немесе тізбектік алгоритм.

2.        Тармақталған алгоритм.

3.        Циклдік алгоритмдер: арифметикалық, қадамдық алгоритм.

4.        Бақылау сұрақтары.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама.  Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

           

1.    Сызықтық немесе тізбектік алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан, ал блок – схемалары бар сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады

2.    Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.

3.    Арифметикалық цикл. Алгоритмнің атқарылуы алдында циклдің алғашқы мәні белгілі болады да, келесі қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір тұрақты шамаға өзгеріп отырады.

4.    Қадамдық цикл. Алдын ала қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі.

           

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Алгоритмдеу негіздері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.


Скачать


zharar.kz