Зертханалық жұмыс

Скачать

Зертханалық жұмыс№3

Тақырыбы: Microsoft Access-те сұраныс құру.  Форма құру.

Мақсаты: Microsoft Access-те сұраныс жасауды үйрену.

Тапсырма: Мәліметтер қорындағы кестеге сұраныс жаса.

Әдістемелік нұсқау:

            Сұраныс – бұл жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден берілген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі.

            1.Програманы іске қосу қосу   Пуск      Программы        Microsoft Access командасын орында;

            2. Microsoft Access-тің алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады;

            3. Бұл терезедегі бұрын жасалған мәліметтер қорына (открыть базу данных) ауыстырғышты қойып, оның ішінен Student мәліметер қорын таңдап, ОК батырмасын шертеміз;

            4. Student терезесінде: База данных-та курсорды тағы да Запросы обьектісін таңдап, Создать батырмасын шерт;

            5. Новый запрос терезесінде Конструктор режимін таңдап, ОК батырмасын шертеміз;

            6. Дабавление таблицы терезесіндегі Таблицы обьектісін Т Студенты таңдап, Добавить және Закрыть батырмаларын шерт;

            7. Конструктор терезесі Запрос 1: запрос по выборку деген атпен ашылады. Оның жоғарғы жағында сұраныс алатын кестенің өрістерінің аттарының тізімі орналасады. Төменгі бөлігінде кесте өрісінің таңдау бланкісі мен таңдау шарты және сорттау режимі орналасқан. Таңдалған өрістің Кесте аты да көрсетіледі.

            8. Кезекпен келесі өрістерде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп шық: Код, Фамилия, Аты, Топ, Туған жылы мен күні, Адрес.

            9. Терезенің Фамилия бағанының төменгі бөлігінде Сортировка өрісіне курсорды орналастыр, тізімнен По возрастанию шартын таңда;

            10. Запрос 1: запрос по выборку терезесін жабу және сұраныс құрылымын сақтау;

            11. Сохранение терезесіндегі Имя запроса өрісіне Список всех студентов атауын енгіз. ОК батырмасын шерт;

            12. «Список всех студентов» сұранысын ашып көріңіз. Жазбалар алфавит бойынша орналасқанына көңіл бөліңіз. Сұранысты жабыңыз;

            13. «Список всех студентов» сұранысына курсорды орналастыр;

            14. <Ctrl> пернесін басып тұрып, тышқанмен тартып тұрып екінші орынға орналастыр, «Список всех студентов» сұранысының көшірмесі пайда болады, оның атауын «Список всех студентов 121 группы» атына өзгерт;

            15. «Список всех студентов 121 группы» сұранысын аш;

            16. Вид менюынан Коструктор режжимін таңда;

            17. Топ бағанының Условия отбора жолына 121 енгіз;

            18. Список всех студентов 121 группы:запрос по выборку терезесін жабу және сұраныс құрылымын сақтау;

            19. «Список всех студентов 121 группы» сұранысын аш; сұраныстың мазмұнын көріп шығып, терезені жап;

            20. Кестедеі жазбаның біреуінің тобын 121 өзгертіп, кестені жап.

            21. «Список всех студентов 121 группы» сұранысын аш; сұраныстың мазмұнын өзгергеніне көз жеткіз, терезені жап.

Форма шебері көмегімен форма жасау

           

            22. Student терезесінде: База данных-та курсорды Форма обьектісін таңдап, Создать батырмасын шерт;

            23. Новая форма терезесінде Мастер форм таңда, қолданатын мәлімет көзі ретінде Таблицы обьектісінен Т Студенты таңдап, ОК батырмасын шерт;

            24. Форма шебері уақытты үнемдеуге және кез келген кестені формаға айналдыруға жеңілдіктер жасайды;

            25. Мастер форм терезесінде Таблицы және Запросы тізімінен Т Студенты кестесі таңдалған;

            26. Выбранные поля: тізіміне барлық кесте өрістерін енгізу үшін: >> батырмасын шерт;

            27. Код өрісін таңдап, < батырмасын шертіп алып тастаймыз, Далее батырмасын шерт;

            28. Келесі сұхбат терезеде формаға В один столбец стилін таңдап, Далее батырмасын шерт;

            29. Үшінші сұхбат терезеде өңдеу стилін таңдап, Далее батырмасын шерт;

            30. Шебердің соңғы терезесінде еш параметрді өзгертпестен Готова батырмаын шерт, шебер форманы көру режжимінде ашып көрсетеді;

            31. Форма терезесінде өрістер атауы және кестеден алынған мәліметтер мәні көрсетіледі. Форманың төменгі бөлігінде жазбаларға көшу батырмалары орналасқан.

            32. Следующая запись батырмасында бірнеше рет тышқанды шертіп бос жолға дейін бар, осы бос жолға тағы бір адам туралы мәлімет енгіз.

Студенттің өздік жұмыс тапсырмасы:

  1. Т Пән және Т Оқытушы атты екі мәліметтер қорын құрып, оларға форма жаса және пәндер бойынша сұраныс жаса.
  2. Студенттердің пәндерден аттестациясы бойынша мәліметтер қорын құрып, форма сұраныс жаса.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұраныстың негізгі үш құрылымын ата?
  2. Сұраныс жасаудың негізгі жолдарын жасауды атап шық.
  3. Форманың сұраныстан, кестеден айырмашылығы неде?
  4. Форманы қалай жасаймыз?
  5. Формаға мәліметтер енгізуге бола ма?


Скачать


zharar.kz