4 тақырып. Экономикалық жүйенің типтері және оның даму заңдылықтары.
1. Қоғамның экономикалық жүйесі. Түсінігі және құрылымы.
2. Экономикалық жүйенің типтері.
Мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшіл - әміршіл экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономикалық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Экономиканы ұйымдастыруға байланысты экономикалық жүйені неше топқа бөлеміз№
2.Дәстүрлі жүйе дегеніміз не№
3.Әкімшіл-әміршіл жүйені сипаттаңыз.
4. Аралас жүйе дегеніміз не?