Тақырыбы 1-2-3. Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары
Мақсаты: Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті
Бақылау түрі: Ауызша
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыка пәнінің алатын орны
2. Музыканың басқа пәндермен байланысы
3. Көркемдік-шығармашылық қабілеттері
Тақырыбы 4- 5-6 . Музыка өнері түрі және тәрбиелеу пәні ретінде
Мақсаты: Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек.
Бақылау түрі: жазбаша, тест ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыка өнері және ерекшеліктерін қалай түсінеміз?
2. Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы
3. Бастауыш мектеп балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны
Тақырыбы 7-8-9 Балалар музыкалық тәрбиесіндегі отандық және шет ел жүйелері
Мақсаты: Бүгінде Қазакстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
Музыкалық білім беру мазмұны ретіндегі музыкалық репертуарларды жас ерекшеліктеріне қарай топтау.
2. Адамға музыканың әсер етуі туралы мақалалрды жинастыру.
3.Музыкалық репертуарларды іріктеу арқылы музыкаға қызығушылығын қалыптастыру (Э.Григ, А.Хачатурян, Л.В.Бетховен, В.Моцарт, қазақ композиторлары М.Төлебаев, Қ.Қуатбаев, Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев) жайлы реферат жазу.
Тақырыбы 10-11-12 Музыка тәрбиесінің мазмұны
Мақсаты: Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыкалық тәрбиенің мағынасы, олардың ерекшеліктері неде?
2. Тәрбиедегі қоғамдық үрдісді қалай түсінеміз?
Тақырыбы 13-14-15 Халық музыкасы, қазақ музыкасы, камералық музыка
Мақсаты: Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар.
Бақылау түрі: көрнекілікпен жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Бастауыш мектеп балалардың жеке тұлғалық және музыкалық дамуындағы ән салудың маңызы.
2. Бастауыш мектеп балалардың симфониялық, камералық, опера, балет туралы жас ерекшеліктеріне қарай ұғындыру
3. Бастауыш мектеп вокальдық-хор тәрбиесінің мазмұны
Тақырыбы16-17-18-19-20-21. Хормен ән айту өнері. Симфониялық музыка
Мақсаты: Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту. Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу, симфониялық мүзыканың ерекшеліктері
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Әннің тәрбиелік мәні туралы айтып беріңдер және дәлелді мысалдар келтіріңдер.
2. Баланың даусын қорғаудың қажетті шарттарды қандай?
3. Ән айта білуге үйретудің педагогикалық міндеттерін атаңдар.
4. музыкалық есту қабілетін дамыту жөніндегі программалық талаптар қандай, олардың балаларды мектепте оқуға даярлауға маңызы.
5. балалар бақшасының ересек балалар тобында әнді жүйелі түрде үйрену туралы әңгімелеп беріңдер.
6. Әншілік түрлі дағдыларына үйрету тәсілдеріне мысалдар келтіріңдер.
Тақырыбы 22-23-24-25-26-27 Опера. Балет. Балалалар музыкасы
Мақсаты: Сондықтан неғұрлым балаларды музыкамен жаттығу жасауға, музыкалық ойындар ойнауға, би билеуге, ән-думандар құруға ерте бастан үйретсе, соғұрлым баланың әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамыту да жеңілірек, пайдалырақ болады.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
Музыкалық білім беру мазмұны ретіндегі музыкалық репертуарларды жас ерекшеліктеріне қарай топтау.
2. Адамға музыканың әсер етуі туралы мақалалрды жинастыру.
3.Музыкалық репертуарларды іріктеу арқылы музыкаға қызығушылығын қалыптастыру (Э.Григ, А.Хачатурян, Л.В.Бетховен, В.Моцарт, қазақ композиторлары М.Төлебаев, Қ.Қуатбаев, Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев) жайлы реферат жазу.
Тақырыбы 28-29-30 Музыка өнер сабағы – бастауыш мектепте музыканы оқытудың негізгі формасы
Мақсаты: Музыка өнер сабағы – бастауыш мектепте музыканы оқытудың негізгі формасы шығу тарихын білу.
Бақылау түрі: көрнекіліпен жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1.Балаларға арналған музыкалық аспаптар: жіктелуі, сипаттамасы, музыкалық аспаптар мен ойыншықтарды таңдаудағы талаптарды меңгерту
2. Балалардың аспаптық музыкаға әуестенуіне жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктерін айқындау
3. Әр жас топтарында балаларды аспаптарда ойнауға үйретудің мазмұны мен міндеттерін ұғындыру
Тақырыбы 31-32-33 Музыканың оқыту мен тәрбиелеудің әдістері
Мақсаты: Музыканың оқыту мен тәрбиелеудің әдістерінің түрлері, олардың қолдану әдістерін қарастыру
Бақылау түрі: сызба-кестелер қолдану
Әдістемелік нұсқау:
1. Музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік;
2. Музыка сабағы - музыканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы және оның өнер пәні ретінде ерекшеліктері;
3. Музыка сабақтарының дәстүрлі емес жаңа түрлері.
Тақырыбы34-35-36. Өзіндік музыкалық іс-әрекет
Мақсаты: Типтік сабақтар және оның құрылымының көп нұсқалығы, тақырыптық және кешенді сабақтар, олардың қолдану әдістерін қарастыру
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Қоршаған ортамен байланысты музыка тыңдау.
2. Оқушының еркі бойынша сурет салу.
3. Тыңдаған әнге өлең шығарып келу.
4. Өз ойынан шығарма жазып келу.
Тақырыбы 37-38-39. Отбасындағы музыкалық тәрбие
Мақсаты:Музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты - рухани дүниесі жан - жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстаған жеке адам тәрбиелеу болып табылады.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Меңгерушінің, музыка жетекшісінің және тәрбиешінің балаларға музыкалық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудағы міндеттерін сипаттаңдар.
2. Балалар бақшасы тәрбиешісінің музыка жетекшісімен жұмыс істеу формалары қандай?
3. Кіші және жоғары топтардағы музыка сабақтарындағы тәрбиешінің қызметі қызметі неден көрініс табады?осыны салыстырыңыдар
Тақырыбы 40-41-42. Музыкалық тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Мақсаты: Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
1. Оқушыларға мектептен және сабақтан тыс жұмыстар
1. Ұйымдастырушылық қабілеттер
2. Мектептен тыс жұмыстар
Пәндермен байланыстыру
Тақырыбы . 43-44-45 Сыныптан тыс жұмыстарда музыканы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формалары
Мақсаты: Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы оқушыларды қоғамдық мәні бар музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, бастамашылдық пен өз беттілікке ынталандыру, жеке тұлғалық музыкалық қызығушылығын арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Бақылау түрі: презентация арқылы жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
Мектептегі хор үйірмесін ұйымдастыру ерекшеліктер
Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының ерекшеліктері;
2) Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының түрлері;
3) Музыкалық көпшілік іс-шаруаларын дайындау, өткізу әдістемесі;
4) Мектеп дискотекасы жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.