Дәріс №3 Тақырыбы 3. Балалар музыкалық тәрбиесіндегі отандық және шет ел жүйелері

Скачать

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі музыка пәнінің аса қажеттігі күннен-күнге артып келе жатқаны анық. Елімізде жаңа құрылымды колледж, лицей, гимназиялардың көптеп ашылып жатқаны және олардағы мектептен тыс жүретін эстетикалық жүйелердің жаңа типті үрдістерінің қалыптасуы, әсіресе музыкалық тәрбиенің нақтылы әдістемелік нұсқауларын талап етеді. Әрине осындай білім беру ісінің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы, оқу жоспары мен бағдарламалық нұскауларды қайта жаңартуды көздейді. Музыкалық тәрбиенің негізгі бағыттары арнаулы "Музыка" оқулықтарында нақтылы ұсынылғанымен, оларға қосымша берілуге тиісті әдістемелік нұсқауларда тәрбиелік жұмыстың барлық түрлері жан-жақты қаралуға тиісті.

Әдістемеде көрсетілген жалпы білім беретін мектептерде музыкалық тәрбие мен теориялық материалдардың берілу жүйесі, сабақ беру әдістемесі бұрынғы кеңес дәуіріндегі типтік қалыптан мүлде өзгеше құрылғанын әр ұстаз жете түсінгені дұрыс.

Бүгінде Қазакстанда музыкалық тәрбие берудің өзіндік үрдісі қалыптасуда. Музыка пәнінің мазмұндық сипатын жетілдіру мақсатында түрлі эстетикалық бағдарламалар мен әдістемелер жарыққа шыкты. Тіпті көрнекті музыка қайраткері, композитор Д. Кабалевскийдің кең тараған музыкалық бағдарламасы да нақтылы қолдау тапқан жоқ. Өздеріңізге ұсынылып отырған осы бағдарламалық әдістемеде негізінен ұлттық репертуарға басты көңіл бөлінді. Себебі, қай халыкта болмасын жеке бастың калыптасуына әсіресе ұлттық өнердің басты әсер етуі дәлелденген.

Әдістеме мазмұнында түрлі бағдарламаларда ("Атамекен", "Елім-ай") келтірілген әдістік үлгілер ескерілді. Сонымен қатар мұнда музыкалық педагогиканың жаңа жетістіктеріне де баса назар аударылды. Музыка пәні ұстазының әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен ән өнерінің өзара байланысын барынша тұтас қарағаны жөн. Музыка пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың музыкалық қабілетін дамыта білу, оларға ән айтқызып, хор өнеріне баулу, қажетті орындаушылық шеберлік тәсілдерін үйрету және музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыда тыңдап, қабылдай білуге жаттықтыру болып табылады. Осы мақсаттарды меңгеру барысында, әсіресе балалар даусының физиологиялық ерекшеліктеріне басты көңіл бөлінгені жөн. Дәрігермен кеңесіп, дауыс аппаратының құрылымдық ерекшеліктерін жетік білген дұрыс.

Әр сабақты жоспарлау барысында, сондай-ақ ән үйрену, музыка тыңдау, түрлі вокалдық әдістерді меңгеру кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне көп назар аударылуы керек.

Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ, балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрым киіз үйге жиналып алып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалык тәрбиеге айналған өнер мектебі еді. Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады. Сонымен қатар рухани байлық тәрбиелік мағынаны да қоса атқарады.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылданған. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Кеңес дәуірінен бастау алатын музыкалық білім беру жұмысы күні бүгінге дейін айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мектептердегі музыкалық тәрбие беру ісі мынадай екі салада дамып келеді:

1)Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағы.

2)Мектептен тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие беру орындары (музыка мектептері, мәдениет сарайларындағы немесе мектептер жанындағы музыкалық студиялар, үйірмелер).

Музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:

1)Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету.

2)Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету.

3)Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.

4) Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттыктыру.

Музыкалық тәрбие жеке бастың сезімдік мәдениетінің, адами қасиетінің, интеллектісінің қалыптасуына қызмет етеді.

Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда тұрақты бір рухани талғам қалыптастыру, әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де кажетті мақсаттарда Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. Атап айтар болсақ  С.Ұзақбаева өз зерттеулерінде музыкалық фольклорымыздың педагогикалық мүмкіндіктерін және әдіс тәсілдерін ашып көрсетті. Ал, музыкаық фольклорымызды күнделікті оқу тәрбие барысында қолдану мақсатында жалпы білім беретін мектептердің музыка сабақтарының бағдарламалары жсалды.

         1994 жылы А.Райымбергенов және С.Райымбергеноваларды бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арнаған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаны ерекшелігі блаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А.Мұхамбетова- «Баланын генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады, бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі» - деп аитқандай, халқымыздың дәстүрлі, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктерін ескере отырып, жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған.

         1955 жылы М.Балтабаев, Д.Берденова, У.Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім- ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарламаның кіріспесінде белгілі ғалым М.Балтабаев- «Білім беретін жүиеге дәстүрді қоса кіргізу керек және бөлек этнографилық бөлшек түрінде емес, халық шығармашылығын біртұтас көркем ретінде беру қажет»- деп ерекше атап айтады.Бағдалама «Сарарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елімай» тақырыптары аясында өрбиді.

        Бастауыш меғктептерге арнап жасаған Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалардың музыка сабағыны бағдарламасының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдалана отырып,балаларға ұлттық тәлім тәрбие беру негізінде құрылған.Бұл бағдарламаны негізгімақсаты: қазақ халқыны әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлеитін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымды дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған.Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманна теориялық, практикалық білім деңгеиіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдармен музыкалық материалдың қорына байланысты.

Музыкалық стиль-көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы.Стиль композитордың өзіндік дара ерекшелігін, қолтаңбасын анықтаумен бірге, өткен дәуір мен қазірлі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт-бағдарламасын да анықтады.

Музыкалық эстетикада стиль категориясы ХУ1 ғасырдың соңында кәсіби музыкалық шығармаларадың мазмүндық ерекшеленуіне байланысты қалыптасты.

ХУ1-ХУ11 ғасырларда стиль деп жанр ерекшелігі мен әр түрлі бағыттарды атады. ХУ111 ғасырда стиль мағынасы одан әрі кеңіді. Тарихи кезең стилі, олар- гомофонды-гармониялық стиль, полифонияда қатаң жазу стилі арасындағы ерекшеліктер; Х1Х ғасырда – жеке композиторлардың өзіндік айырыкша стилі деген мағынада қолданылды. ХХ ғасырда композитордың өмірінің белгілі бір кезең, тіпті, жеке шығарманың стилі деген түсінік туды.

Полифониялық стиль Батыс Европада ХУ-ХУ1 ғасырларда кең тараған стиль – қатал жазу стилі (стиль строгого письма). Шығармалар шіркеуде, хордың а капелла түрінде орындауына арнап жазылды аса байсалды, кездейсоқ оқиғаларға бой ұрмайтын, тек діни мазмұнда болды.

ХУ111 ғасыр –полифонияда жана «еркін» стиль дамыды. Бұл шығармаларда жеке адамның ішкі жан дүниесі суреттелді. Жаңа жанрлар, аспаптық музыка кеңінен дамып6 тарады. Органдық музыка, полифониялық вариациялар, фантазия, токката, канцона, ричеркар, ал ХУ11 ғасырда фуга жанры қалыптасты. Еркін стильдік музыкада ладтың негізгі түрлері болып классикалық мажор және минор системасы түрақтады.

Венаның классикалық мектебі – Венада қалыптасқан музыкалық бағыт (ХУ111 ғасырдың екінші жартысы мен Х1Х ғасырдың бірінші ширегі). Венаның классикалық мектебінің негізін салушы композиторлар – И. Гайдн, В.А. Моцарт, Л.В. Бетховен шығармашылығында бұл стиль өзінің шарықтау биігіне жетті. Вена классикалық мектебінің музыкасына көркемдік ойдың әмбебаптығы, форманың логикалық айқындығы тән. Шығармаларда өмір құбылыстарын динамикалық түрде көрсетуге байланысты жаңа сонаталық форма қалыптасып, дамыды.

Романтизм –ХУ111 ғасырдың соңы мен Х1Х ғасырдың алғашқы жартысында Европада әдебиетте, музыкада, философияда, эстетикада т.б. ғылымдарда тараған идеялық көркемдік бағыт. Музыкадағы романтизм бағыты 1820-шы жылдары қалыптаса бастады. Романтизм алғашында Австрия (Ф. Шуберт), Германия (К.Вебер; Ф. Мендельсон, Р. Шуман, Р. Вагнер т.б.) және Италияда (Н. Паганини, В. Беллини, Дж. Верди т.б.), кейінірек Франция (Г. Берлиоз, Д. Обер), Польша (Ф. Шопен) мен Венгрияда (Ф. Лист) пайда болды. Музыкада романтизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан-дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизмге тән қасиеттерді бойына сініре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Жаңарған синтетикалық жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Төрт бөлімді симфония жанрының жаңа түрлері пайда болды (Шуберт, Берлиоз, Лист). Әң баллада, опера жанрлары жаңа романтикалық сипат алды.

Сонымен қатар  музыкада импрессионизм, веризм, неоромантизм, экспрессионизм т.б. сияқты ағымдар және олардың стильдері қалыптасты.

·         Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесіне кешендік ықпал жасаудың негізгі принциптері

2. Мектептке дейінгі балалардың музыкалық тәрбие берудегі жүйелердің сипаттамасы (Д.Б.Кабалевский, Д.В.Огороднов, Ы.А. Алтынсарин, А.Жұбанова, М.Балтабаев, А.Райымбергенов т.б.)

3. Шет елдердегі балалардың музыкалық тәрбие туралы теориялары және жүйелері (З.Кодай, К,Орф, Пьер, ван Хаувелер)

4. Қазіргі таңдағы мектептке дейінгі балалар музыка тәрбиесінің бағдарламары


Скачать


zharar.kz