Дәріс №4 Музыка тәрбиесінің мазмұны

Скачать

Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.

      Тәрбиенің аса маңызды құрамы - өнер. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын-музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, оардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық , этикалық және адамгершілікнормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.

        Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.Өскелен ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде ,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық  өнер .Соның ішіндегі бастауыш мектеп  оқушыларының бастапқы музыкалық  мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалықтәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.

       Музыкалық тәрбие негізінен жалпы білім беретін мектепте  сыныптық- сабақ жүйесібойынша іске асады. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін және әдіс-тәсілдері, соңғы технологияларды шебер қолдану ең қажет нәрсе болып табылады. Сонымен қатар сабақты дидактикалық  ойындар,өзіндік жұмыс , ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату , музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады. Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.

Жалпы музыкалық білім беру арқыы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде:

- мектеп оқушыларын музыкалық мәдениетке тәбиелеудің ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.

-Мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттіікке тәрбиелеу тиімдіігінің өшемдері көрсеткіштері  мен деңгейлері аңықталса.

- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларын музыка өнері арқыы музыкалық мәдениеттілігін қаыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;

- оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрыыап, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана мектеп оқушылараның музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.

Сонымен бірге,

-музыка пәні арқылы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін қалыптастыру  ғылыи-педагогикалық тұрғыда негізделеді;

-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;

-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қаыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.

  Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дмытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира бйтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесән жинақтап, өзіндік ерекшелікткрімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды.

       Бүгінгі заман талабы- еліміздегі болып жатқан  саяси экономикалық , ғылыми-техникалық , мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған ,мәдениетті , рухани ойлау дәрежесі биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын , қоршаған табиғи ортаға , әлеуметтік ортаға икемдеу, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.

Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін  және сенімін тәрбиелеу  мұғалімнің ақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

         Тәрбиенің негізгі міндеті –қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

         Мектептегі оқушыларға беріетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие.Эстетикалық тәрбие өнер құралдары арқылы  ,яғни музыкада-дыбыс арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытады.  Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні , мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.

         Қазіргі кезде жапы білім беретін мектептерді оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудіді қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тарбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, коп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұл тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы  баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші бланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

          Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, беинесін сақтап дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай саласын болсада сол фольклорымыздан тауып, ажырата аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбинің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз. Әл- Фараби бабамыз музыканың адам психологисына әсері жөнінде- « Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен лаззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты ойатады, қиалға жетелейді» - деп пікір айтқан. Халқамыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар.

Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалақ жырлар, тұрмыс салт жырлары, лирикалық әндер т.б міне осы фольклорымызбен- ақ  ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім- тәрбие беріп отырған тарйхи шындық.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Тәрбиелік және білімдік міндеттері:

1)    Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің  өзара   байланысын түсінуін қамтамасыз ету.

2)  Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.

3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.

4)  Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.

5)  Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.

6)  Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.

Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына шоғырланады «Ән-күй – халық қазнасы». Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:

-                     Сырлы да сазды әуен

-                     Күмбірлеген күміс күй

-                     Ән мен күй халық үні

-                     Аңыз – ертегі  әлеміндегі ән мен күй

-                     Эпос сарыны

-                     Ақылың болса, жыр тыңда

-                     Айтыс өнері

-                     Күй тартыс

-                     Қос арна

-                     Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы

Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-әрекеттер,шығармашылық тапсырмалар

        Музыкалық тәрбиенің ерекшелігі – музыка  пәні арқылы сөзбен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудырады.

Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін жәнеойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушырды халықтық музыкаға баулиды.

·         Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Музыкалық тәрбие нің мағынасы, олардың ерекшеліктері

Тәрбиедегі қоғамдық үрдіс


Скачать


zharar.kz