Полифониялық және күрделі формадағы шығармалар

Скачать

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

1.                 Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау;

2.                 Оның композициялық құрылымын анықтау;

3.                 Музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу;

4.                 Жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау

Мақсаты: Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау; оның композициялық құрылымын анықтау; музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу; жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау. Полифониялық шығармаларды өтуі алдына осындай мақсаттарды қояды: бірнеше декламациялық сызықтарды бір уақытта өткізе алу тәрбиесі, полифониялық фортепианолық техниканы, дыбыстық техниканы тәрбиелеу.

Бұл курстың репертуарының маңызды бөлігі -

·                                 қосымша дауыстық құрылысты халықтық-әндік полифония;

·                                 әсіресе би жанрдағы ескі пьесалар.

Бұл шығармаларда жоғарғы дауыс басты әуенді , ал төменгісі – бастың дербес сызығын орындайды. Осы шығармалар контрастты полифония тобына жатқызылады. Жұмыс әдістері: бір дауысты студент, басқа дауысты оқытушы орындайды; бір дауысты әндете айтып, басқасын фортепианода орындау; бір дауысты f, екіншісін p орындау және т.б. Басты мақсаты: барлық дауыстардың үнделуі, оларды есту, жүргізу.

Күрделі формалы шығармалардың ішіне сонатина, вариация, соната, рондо жатады. Студент шығарманың әрбір бөлігін, элементін айыра білу қажет: неше бөлімді, қай формада.

Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.

Музыкалық шығарманы байыбына жетіп талдау; оның композициялық құрылымын анықтау; музыкалық материалдың мағыналық тұтастығына көз жеткізу; жекелеген бөлімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау. Шығармашылықпен жұмыс уақытында жоғарыда аталған тақырыптарды кеңінен қолдану.


Скачать


zharar.kz