Сабақтын мақсаты:Сабақ беру әдістемесімен,сабақ өткізу формаларымен танысу.
Қыскаша мазмұны:Сабақ– еңбекке баулуды оқу тәрбие барысын үйымдастырудың негізгі формасы. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Еңбекке баулу сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау). Оқушылардың практикалық әрекетін ұйымдастыру. Сонымен қатар шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау, қауіпсіздік техникасын, санитарлы–гигиеналық талаптарды сақтауын қадағалау.
Еңбекке баулу сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1. Еңбекке оқыту бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік топтаманы қолданудың теориясы мен тәжірибесі.
2.Еңбекке оқыту оқыту тәжірибесіндегі дамыта оқыту мәселелері.
3.Бастауыш мектеп еңбекке оқыту жаңа мазмұнының ерекшеліктері