5-тақырып. Нарықтық механизм және оның элементтері.
Дәрістің мақсаты: Нарықтық механизмнің негізгі элементтері сұраныс және ұсыныстың мәнін ашу, жетілген және жетіммеген бәсеке нарықтарын жан-жақты қарастыру.
1.Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес факторлар
2.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіәне әсер ететін бағалық емес факторлар.
3.Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі.
4. Жетілген және жетілмеген бәсеке, оның түрлері.
Нарықтық механизм-сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраныс пен ұсыныстың негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдер үшін өндіру керек?».
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс- төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері тәуелділікті сұраныс қисық сызығы көрсетеді.
р
0 Q
Схема 4. Сұраныc қисығы.
Сұраныс заңы: тауарға баға төмендегенде, сұраныс көлемі өседі. және керісінше.
Нарықтық сұранысқа баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, өзара алмастырғыш және өзара толықтырғыш тауарлардың бағасы, тұтынушылардың талғамы , талабы және тұтынушылардың күтуі әсер етеді. Сұраныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:
мұндағы: -қолдағы тауар көлеміне сұраныс;
Б- қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;
Ат- тұрғындардың ақшалай табысы;
Тт- тұтынушының талғамы және талғауы;
Жм- жинақталған мүлік;
Ғ-сұранысты қалыптастыратын факторларға қатысты сұраныс тәуелділігінің қызметі.
Сұраныстың көлеміне экономикалық, ұлттық, географиялық , демографиялық, психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.
Бағаның әсер етуі арқылы сұраныстың сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады.Сұраныс икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұраныстың сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш варианты бар:
Біріншісі-бағаның кез-келген өнімге белгілі пайызының төмендеуі, ол өнімге сұраныстың ұлғаюын (%-түрінде) туғызады және жалпы ақшалай түсімді өсіреді. Бұл сұраныс икемді деп аталады.
Екіншісі-бағаның пайыздық (%) мөлшерінің азаюы сұраныстың сондай көп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады.Бұл-бірлік икемді сұраныс.
Үшіншісі- бағаның пайыздық төмендеуінен сұраныстың пайыздық ұлғаюы аз. Бұл икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділік коэффициенті - «Е». Егер «Е» көрсеткіші 1-ден көп болса (Е>1), онда сұраныс икемді, ал егер аз болса (E<1), сұраныс икемсіз болады. Ал егер икемділік коэффициенті Е=1 болса, сұраныс бірлік болып табылады. Икемділік коэффициенті былай анықталады:
мұндағы: - сұраныс икемділігінің коэффициенті;
% -сұраныс көлемінің өсу пайызы (%);
%Р- бағаның төмендеу пайызы(%).
Ұсыныс- бұл нарыққа шығарылған тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы.
Р
Q
Схема 5. Ұсыныс қисығы.
Ұсыныстың мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының сипатына, дотация мен салыққа, бар тауарлар бағасы мен кәдімгі тауарлар бағасына, баға өзгеруін күтуге, сатушылар санына, табиғи-климаттық жағдайға т.б. байланысты.Ол мынадай формуламен анықталады:
мұндағы: - бар тауардың ұсыныс көлемі;
Б- бар және жолдағы тауарлар бағасы;
- қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- салықтар және дотациялар;
- табиғи-климаттық жағдайлар.
Ұсыныс заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен сатуды ұсынады. Қалыпты жағдайда баға жоғаы болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көп болады.Керісінше, тауар ұсынысы ұлғайған сайын, оларға баға төмендей түседі.
Ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесінің нарықтық бағаның ұлғаюын сипаттауы ұсыныс икемділігі болып табылады.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:
, мұндағы: -ұсыныс икемділігінің коэффициенті;
%Q- ұсыныс көлемінің өсу пайызы (%);
%P- баға ұлғаюының пайызы (%).
Р
Q
Схема 6. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызығының қиылысу нүктесін нарықтық тепе-теңдік деп атайды.Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикадағы диспропорцияның туындауына алып келеді. Нарық жағдайында тепе-теңдік Е нүктесінде болады.
Экономикалық теорияда мойындалған нәрсенің бірі–тепе-теңдіктің нарықтық бағасы мәселесін тереңірек түрде ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924жж.), австриялық Ейген Бем-Баверк (1851-1914 жж), Карл Маркс (1818-1883 жж) және швейцарлық Леон Вальрас (1834-1910 жж) еңбектерінде қарастырылған
Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені-өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраныс көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Жетілген бәсеке дегеніміз-нарықта көптеген сатушы мен сатып алушылар әрекет ететін бәсекенің идеалды бейнесін айтамыз.Еркін бәсекенің алғышарттары:
1. Біртекті стандартты тауарлардың бар болуы.
2. Нарыққа шығу бөгеттерінің болмауы.
3. Еркін бағаның болуы.
4. Нарықта өндірушілер мен тұтынушылардың шексіз болуы.
5. Ғылыми – техникалық погресті ынталандыру.Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуінің орындалмау жағдайын айтамыз.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атауға болады. Қазір нарықтар бәсеке сипатымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.
1.Жетілген бәсеке нарығы – тауар өндірушілер мен тұтынушылардың нарыққа еркін кіріп, еркін шығуы.
2.Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «моно» бір, «полео»-сатамын)-көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті тауарларды сатуынан құралады.
3.Олигополия (грек сөзі «олигос»-аздау «полео»-сатамын)-бірнеше (3-4) сатушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны, тіпті, осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды.
4.Таза монополия нарықта бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады, жоғары монополиялық бағамен пайда табуға тырысады.
Сұраныстың негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Алдымен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер(тауар) мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.
Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынуын қанағаттандыру қабілеттілігі.
Сондықтан, ол тұтынушының сипатына, әдетіне, талғамына көңіл-күйі мен хал-жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.
Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф.Визер (1851-1926жж.) енгізді. XIX-шы ғасыр мен XX-шы ғасырдың басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер,У.Джевонс,Л.Вальрас, Р.Аллен, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясына өз үлестерін қосты.
Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, егер де ұсыныс өссе шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраныс төмендейді және жалпы ұсыныс өседі.Бұл заңдылық «шекті пайдалылықтың кему заңы» деп аталады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қолданылатын әдебиеттер:
3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе, 2002ж.