Дәріс№6

Скачать

6- тақырып. Нарық экономикасындағы фирма- ұйымдастырудың негізі ретінде.

Дәрістің мақсаты: Нарықты экономика жағдайында кәсіпкерліктің маңызы зор, сол себепті кәсіпкерліктің құқықтық, экономикалық – ұйымдастырушылық формаларын қарастыру және кәсіпкердің әлеуметтік портретін анықтау.

1.      Кәсіпкерлік қызметтің маңызы мен түрлері.

2.      Нарық экономикасындағы фирманың негізгі ұйымдық – құқықтақ формаларының сипаттамасы.

3.      Нарық экономикасындағы шағын, орташа және ірі фирмалардың рөлі.

Кәсiпкерлiк – адам қызметiнiң ерекше саласы  және ол еңбектiң басқа түрлерiнен оқшауланып тұрады. Бұған кезiнде атақты немiс экономисi Гарвард университетiнiң профессоры Иозеф Шумпетер ( 1883-1950 ) мән бердi . Оның айтқан мынандай сөзiн эпиграф етiп алуға болады:

“Кәсiпкер болу – басқаның iстегенiн iстемеу”. Екiншi жағынан кәсiпкерлер – алдымен кәсiпкерлiк жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисi Жан Батист Сэй ( 1767-1832 ) былай деген:

“ Кәсiпкер – адамдарды өндiрiстiк шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам ”.

     Экономикалық әдебиеттерде кәсiпкерлiк пен бизнес ұғымдарын балама түрiнде қарастыру жиi кездеседi.

     Бизнес – табыс әкелетiн кез келген қызметтiң түрi. Рас, бизнес кәсiпкерлiк қызметпен тығыз байланысты. Кәсiпкерлiк –жаңашыл iс-әрекет. Нағыз кәсiпкер – ол өнер тапқыш.

      Экономикалық ғылымда “ кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк ” деген ұғым да бар. Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк дегенiмiз адамның бизнесте жаңалықты аша бiлу қабiлеттiлiгi, бiрақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейдi.

      Бизнес – бұл табыс әкелетiн адамның экономикалық қызметi. Кәсiпкерлік – бұл адамның экономикалық қызметi, бiрақ бұл қызметтi жаңа iзденiске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшiн тәуекелге бас ұрады.

      Кәсiпкерлiк қызмет шаруашылық серiктестiгiнiң түрiне қарай жеке және ұжымдық болуы мүмкiн:

-         жай, ол бiрлескен қызмет шартына негiзделедi;

-         толық, барлық мүлiкке ынтымақтастық жауапкершiлiк жүктеледi ;

-         жауапкершiлiгi шектелген, салынған салым құны шеңберiнiң жауапкершiлiгi жүктеледi;

-         коммандиттi – аралас жауапкершiлiк ( бiреудiң толық мүлiкiмен және басқаның салынған салымымен );

-         қосымша жауапкершiлiкпен, өзiнiң салымдарымен және оған жататын мүлiкпен қосымша жауапкершiлiкті  мойнына алады;

-         өндiрiс және тұтыну кооперативтерi ;

-         акционерлiк қоғамдар (өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы тарту мақсатында акциялар шығаруға негізделген корпарациялар)

“Фирма”терминi жиынтық ұғым, оған бiр немесе бiрнеше кәсiпорын мен өндiрiс енуi мүмкiн. Әдетте, кәсiпорынға бiр жақты, бiр өнiмдi өндiретiн процестi жатқызамыз. Қазiргi жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсiпорын өзiнiң өндiрiстiк қызметiнде толық өз бетiнше еркiндiгiн алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенiнен техникалық, ұжымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсiпорынның ұжымдық түрлерi алдыменен меншік түрiмен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкiн :

- азаматтар меншiгiне негiзделген жеке кәсiпорындар;

  - ұжым меншiгiне негiзделген кәсiпорындар.

Кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының артықшылықтары мен кемшіліктері:

Кәсiпкерлiктiң түрлерi

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1. Жеке кәсіпкерлік

Ұйымдастырудағы қарапайымдылық. Қызмет жасауының толық еркiндiгi. Қызметiнiң құпиялығын сақтау мүмкiндiгi. Барлық табыс табудағы  максималды мүдделiлiгi.

Капиталды көп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершiлiктiң шексiздiгi. Барлық ұйымдық және басқарушылық iс-әрекетiң қажеттiлiгi.

2.Серiктестiктер

Басқару бойынша мiндеттердi бөлу.Қаржы тартудағы үлкен мүмкiндiктер. Еркiн және оперативтiк iс-әрекеттiң әрiптестермен келiсу кезiндегi шектеулiлiгi.

Қатысушының әрқайсысы қызмет нәтижесі үшін мүліктік жауапкершілікке ие, басқарудағы мүдделердің сәйкеес келмеуі.

3. Акционерлiк қоғамдар.

Қосымша капиталды тезiрек және кеңiрек тарту мүмкiндiгi. Корпорация қызметi әртүрлi сала шеңберiндегi капитал қозғалысының еркiндiгi. Акционерлердiң шектеулi жауапкершiлiгi.

Басқарудың тым күрделiлiлiгi және оның оперативтiлiгiнiң төмендiлiгi. Акционерлердiң басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейiнiң жоғары еместiгi Кәсiби құпияның ашылу мүмкiндiгi.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпкер деп кімді айтамыз ?

2. Жеке кәсіпкерлік пен ұжымдық кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Бизнес жоспар дегеніміз не?

4. Сіз қандай бизнесті таңдайсыз? Сіздің  бизнес жоспарыңыз.

Қолданылатын әдебиеттер :

1.                  Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998

2.                  Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.

           



Скачать


zharar.kz