8-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және табыстардың құрылуы.
Дәрістің мақсаты: Өзіміз білетін өніріс факторларының, яғни жер, капитал, еңбек нарықтарын қарастыру, әрқайсысынан түсетін табысты анықтау.
Әр өндіріс факторлары нарығында өздеріне тәуелді бағалар құрылады. Мысалы, жер бағасы рентаға тәуелді, ал капитал нарығында баға пайызға тәуелді болса, онда еңбек нарығында баға жалақы мөлшеріне тәуелді.
Еңбек нарығы дегеніміз- жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныс.
Жалақы дегеніміз- жұмысшы күшінің бағасы. Жалақының екі формасы бар: мерзімді және кесімді. Экономика теориясында жалақының екі түрін қарастырады: номиналды және нақты.
Жер рентасы – жер учаскесiн уақытша иеленгені үшін төленетiн төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебiнен пайда болады.
Диферециалды рентаның екi түрi бар:1-шi және 2-шi диференциалдық ренталар. 1-шi диференциялдық рентаның құрылу себебiн
жердi шаруашылық объектiсi ретiнде монополиялау болып табылады. Мемлекет нашар жерлердi де айналымға қосуға мәжбүр.Сондықтан өндiрiстiң қоғамдық бағасы орташа жермен емес ,нашар жермен анықталады.Нәтижесiнде жақсы және орташа жер учаскесiндегi еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы кеткен шығындар учаскiге қарағанда жоғары болады. Сөйтiп, қосымша пайда құрылды, оны жер иегерлерi жер рентасы ретiнде иеленедi.
Диференциалды рентаның қайнар көзi жақсы және орташа сапалы жер учаскесiндегi ауыл шаруашылығы жұмыскерлерiнiң өнiмдi еңбегi болып табылады.Демек құнарлығы бойынша 1-шi диференциалдық рента – ауыл шаруашылығы өнiмдi өндiрiсiнiң қоғамдық бағасы арасындағы айырмашылыққа тең. Сондықтан,ол нашар учаскесі жағдайымен және олардың ең құнарлы жердегi өндiрiстiң жеке бағасымен анықталады.
Сондықтан 1-шi диференциалдық рента жер учаскесiнiң рынокқа алыс-жақын орналасуымен, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндеу орынының алшақтығы салдарынан тууы мүмкiн . Жер рентасының теориясын К.Маркс толық зерттеген: Дифференциалды рентаның теориясын жасауда классикалық экономикалық теорияның өкiлi Давид Рикардо (1772-1823жж) ерекше үлес қосты
рента
Жер бағасы= ------------------------ * 100%
қарыз пайызы
Капитал нарығы екі бөлімнен : бағалы қағаздар нарығы және несие нарығынан тұрады. Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз- қор биржаларында бағалы қағаздарды (акция, облигация, вексель, чек) сату және сатып алу.
Несие нарығы дегеніміз- қайтарымдылық, мерзімдік, төлемдік принциптерін негізге ала отырып, уақытша бос ақшаларды орналастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жалақының мәнін түсіндіріңіз.
2. Еңбек ақының қандай түрін және жүйесін білесіз?
3. Жердің бағасы мен жер ренталарының түрлеріне толық сипаттама беріңіз.
4. Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не?
5. Несие принциптерін атаңыз.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998
3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.