12- тақырып. Қаржы жүйесі мен қаржы саясаты.
Дәрістің мақсаты:Қаржы жүйесін ,оның саясатын, мемлекеттің бюджетін, салық салу, алу әдістерін қарастыру.
1. Қаржы жүйесінің маңызы мен құрылымы.
2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы.
3. Салықтың мәні,түрлері. Салық алу әдістері.
4. Қаржы саясаты және оның түрлері.
Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесінде ақша қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолдануы.
Қаржы жүйесі-бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қаржы қорын жасау мен пайдаланудағы экономикалық субъектілер арасындағы қарым-қатынас.
Қаржы бірнеше қызмет атқарады:
Қаржы қатынасының тұлғалары: мемлекет, фирма, әртүрлі бірлестіктер, ұйымдар және жеке азаматтар.
Мұндай байланыс ақша қорын пайдалануда осы топтар арасында жүзеге асады:
1. мемлекет пен кәсіпорын арасында ( мемлекет бюджет төлемдер жүйесін және әр алуан мемлекеттік қор ұйымдарын қамтиды).
2. фирмалар арасында ( келісішарт негізінде құрылады, бұл міндетті төлемдерден тұрады.)
3. фирма мен банк арасында ( несие алу және пайдалану)
4. фирма және өндірістік құрылым арасында
5. мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында
6. мемлекеттік және халық арасында, (халықтың әр түрлі трансферт алуы, зейнетақы, жәрдемауы, степендия) т.б.
Қаржының 3 құрамдас бөліктері:
Халық қаржысы – табысты бөлімнен тұрады, жанұялардың алғашқы табыстарынан, шығыс бөлімнен және халық қор жинауынан тұрады.
Орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржы – фирма, бірлестік және ұйымдар иелігіндегі қаржылар.
Орталықтанған (мемлекеттік) қаржы – қаржы жүйесінің басты бөлігі.
Қаржы жүйесін құрылымы:
1. қаржы: а) мемлекеттік қаржы; б) мекемелер мен ұйымдардың, салалар мен аймақтардың қаржысы; в) үй шаруашылығын (жеке қаржылар) қаржысы
2. қорлар: а) мемлекет қажетігіне сәйкес жұмсалатын ақшалай каржы қорлары.
б) өңдірісті дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге жумсалатын қорлар.
в) жеке тұлғалар қажеттілігіне жұмсалатын ақшалай қаржы қорлар.
Мемлекеттік қаржының қүрамдас бөлігі – мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет бұл –бір жылға мемлекеттің қарастыратын кіріс пен шығыстың қаржылық жоспары.
Кірістеріне: салықтық және салықтық емес түсімдер мен алымдар, капитал мен операциялардан түсетін кірістер, ресми трансферттер.
Шығысына: экономиканы қаржыландыру, әлеуметтік- мәдени бағдарламалар және ғылым, мемлекетті басқару, қорғаныс, сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру, мемлекеттік қарыздарға қызмет ету.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер:
Бюджетің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып кетуі – бюджеттік тапшылыққа әкеледі (дефицит), ал бюджеттің кіріс бөлігінің шығыс бөлігінен асып кетуі – артықшылыққа (профицитке) әкеледі.
Бюджет тапшылығының пайда болу себептері:
Мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету шаралары:
Мемлекеттік бюджетінің 2 жағдайы:
- әдептегі қарапайым: егер шығыс табысқа тең болса,
- тапшылықты: егер шығыс табыстан жоғары болса
Мемлекеттік қарыз бұл - өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы.
Мемлекеттік қарыз түрлері: Сыртқы
Ішкі
Мемлекеттің табыс көзі – салық.
Салық бұл – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері.
Олар 3 категориядан тұрады:
Салық салу – табысты және мемлекет қаржысы толтыруды реттеу әдісі.
Салық салудың негізгі принциптері:
Салықтардың қызметі:
Салық элементтері:
Салық алу әдістері:
1.кадастрлық;
2.қайнар көздерден;
3.декларация бойынша.
Салықтарды жіктеу:
а) тікелей табыс, мүлік алушылардан алынады (жер, көлік, табыс, корпоративті салықтар);
б) жанама – тауар бағасына қосылады және тауарды сатқанда тұтынушылардан өндіріліп алынады (қосымша құн салығы), акциз, кеден салығы, тауардың жеке айналымнан түскен табысқа салығы).
2. салық көлемін анықтау тәсілі бойынша:
а) пропорционалды –табыс көлеміне қарамастан салық мөлшелері өзгерсіз қалады;
б) прогрессивті – салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады;
в) регрессивті – салық мөлшелері табыс өскен сайын кеми береді.
3. салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне қарай:
а) жалпы мемлекеттік;
б) жүргілікті.
4. пайдалану ретіне қарай:
а) жалпы;
б) мақсатты.
Салық мөлшері мен салық түсімі көлемі арасындағы байланысты Лаффер қисық сызығы көрсетеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаржы дегеніміз не және қаржының атқаратын қызметтеріне сипаттама беріңіз.
2. Қаржы жүйесінің құрылымына анықтама беріңіз.
3.Салық салудың негізгі принциптерін атаңыз.
4.Лаффер қисық сызығы нені көрсетеді?
5.Салықтарды қалай жіктейді?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998
3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.