Дәріс№14

Скачать

14 – тақырып. Табыстар мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Дәрістің мақсаты: Нарықтық экономикада табыстардың теңсіздігі әртүрлі топтардың әлеуметтік мәселесін туғызатынын айтып, оны Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті арқылы көрсету.

1. Халық табыстарының құрылуы. Табыстардағы теңсіздік. Лоренц қисығы және Джинни  коэффициенті.

2. Жұмыссыздық, кедейшілік және оларды шектеу шаралары.

3. Адам мүдделерін әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктер.

Еліміздің  әкімшілдік-әміршілдіктен   нарықтық   экономика   көшуі адамның   әлеуметтік   тәукелінің   артуына    алып  барды. 

Ескерту: трансферттік   төлемдер – және ақы, стипендия, білім  мен  денсаулық   сақтау   саласындағы   тегін  қызмет  көрсету   баспанадағылар  жатады. Мұндай   топтар   табатын  табыс   мөлшеріне  байланысты  қалыптасады.

Қазақстан  Республикасында   әлеуметтік кепілдікке  мыналарды жатқызамыз:  минималды  жалақы,  зейнет ақы,  стипендия , жәрдем ақы – оның ішінде  уақытша еңбекке   жарасызыдық үшін ақы    және    ақысыз   білім алу мен   медициналық   қымет көрсету,  еңбек жағдайымен  байаныстырылған   жеңілдіктер.  Тұрғындар   табысын   индексециялау, жұмыссыздықтан  әлеуметтік   қорғау құқығы,  жұмыссыдық бойынша   жәрдем ақы    алуға құқылығы, меншікке   құқы және   одан табыс  табу.

Тұрғындарды   әлеуметтік  қорғау   жүйесінің   басты    элементі  ретінде   олардың ақшалай  табысын   индексациялауды   жатқызады. Оның   мәнісі:  инфляция келтірген    зиянның   орынын   толтыруға    қызмет етеді.  Тұрғындардың   табысын  индексациялау   өзінің   экономикалық   мазмұны    бойынша- тұрғындардың ақшалай табыс   мөлшерін    түзететін механизм.  Инфляцияның  әсерінен   болған    тұтыну   тауарлары   мен қызмет  көрсетудің   қымбаттауын   сол механизм арқылы  некен-саяқ   немесе   түгел   орнын толтырады.

Күн   көру   дегеніміз   не және    ол қалай өлшенеді? Өмір  сүру   минимумы деп адамның  өмір сүруін    және оның жұмыс   күшін қалпына    келтіруді   сүйемелдеуге   қажетті   ақшалай  қаржы    денгейін   айтамыз.

Күн көру деңгейін   екі тәсілмен     анықтауға талпынды. Бірінші тәоіл минималды тұтыну бюджетіне негізделген Ол отбасы табысының балансы мен шығындарынан тұрады. Күн көру деңгейін анықтаудың екінші тәсіліндде кедей отбасы өз табысының   1/3 бөлігін   тамақ   өнімдеріне   жұмсайтыны  ескеріледі. Күн көру  деңгейін  бюджетінің  рационалды   тұтыну   бюджетінен   айырмашылығы   сол  барлық  ойдағы   тұтынуды  қанағаттандыруға  есептелмеген.    Әлемдік тәжірибеде тұрғындар  табысын    индексациялаудың    екі   негізгі   түрі    белгілі:  а) автоматты, б) жартылай атвоматты, кейде   келісімді  дейді.

Бірінші түрде, жалақы баға   индексінің  толық қайырады. 

Екінші түрі   Еуропалық  экономикалық   қауымдастық   елдерінде    кеңінен  қолданылады. Біздің  республиканың   экномикасына    бейімделіп   «көлеңкелі экономика»  құрылдымына   төменгідей   элементтердің   жиынтығы ретінде   құрастыруға болады: а) жалған; б) ресми  емес; в) элитарлы-тұйықталған; г) криминалданған; д) криминалды экономика;

е) криминалды квазиэкономика.

Жұмыссыздық  - экономикалық  теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыс- сыздықты әртүрлі мектеп өклдкері әртүрлі түсіндіреді.Мысалы,мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын

Тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігі-

мен дәлелдейді,еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы-жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын

айтады,яғни ол еркін болып табылады.Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері –«монетаристер»-осы көзқарасты құп- тайды .

К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден-капиталдың

Қорлануымен,екіншіден,-техника прогрессімен болатындығын айтады.

Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.

           Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус( 1766-1834)жасаған. Ол 1798 жылы «Халық

саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған.Онда ол былай жазған:жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі;яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі;алөмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі:

халық саны-1,2,4,8,16,32 және т.б.,ал өмір сүру жабдығы-1,2,3,4,5 және т.б.

      Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус(әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVI I-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген,бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғындар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легі-

нің келуімен де өскенін ескермеді.

      Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тарауға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарлауының салдары деп түсіндіреді.

      Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.Бұл тео-рияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің професоры А.Пигу өте дәлдікпен жасады.

      Қазіргі жағдайда «монетарлық  теория»өзі туралы барынша айқын көрсете білуде.Осы теорияны жақтаушылар жұ- мыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.Ақша массасын дұрыс бас- қара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады.Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады.Мысалы,жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс(1914ж.) осы тәуелділікті математика-

лық  тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол «Филлипс қисығы» аталды.

   Жұмыссыздық-бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.Оның мына-

дай түрлері бар:

   1.Жасырын жұмыссыздық-өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

   2.Фрикционалдық жұмыссыздық-адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

   3.Маусымдық жұмыссыздық-жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы;бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.

   4.Құрылымдық жұмыссыздық-өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады:жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

   5.Технологиялық жұмыссыздық-адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

   6.Циклдық жұмыссыздық-өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен бай- ланысты.

      АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған.Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар.

      Кез келген  жұмыссыздықтың болуы- қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс.

      Жұмыссыздық  деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:                                 

                                     ЖД=ЖС*100/ЖК

    мұндағы -  ЖД-жұмыссыдық деңгейі                                                                                                                                                                                                                                              ЖС-жұмыссыздар саны  

                       ЖК-жұмыс күшінің саны

       Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады.Бұл заң американ экономисі Артур  Оукеннің(1724-1780ж.ж.) есімімен аталған.       Еңбек нарығы-бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады.Бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

       Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар кездеседі.Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер,яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады.

       Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету.

        Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу. 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Нарық және тұрғандарды әлеуметтік қорғау.

2.Нарыққа өту кезінде тұрғындардың табысын индексациялау

3.Отбасы табысының көздерін атаңыз және олар қалай қолданылады?

4.Әлеуметтік әділеттілікті қалай түсінесіз?

5.Өмір сүру деңгейі деген не және ол қалай анықталады?

6.Тұрғындар табысы қалай индексацияланады?

7.Қазақстан Республикасы «Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауары мен қызмет жасауға бағаның өсуін ескере отырып индексациялау» заңының негізгі ережелері қалай?

8.Табыстағы тепе – теңсіздікті қалай өлшеуге болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Аубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998

2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.


Скачать


zharar.kz