9-апта

Скачать

  Дене тәрбиесін материалды-техникалы қамтамасыз ету

1.      Дәстүрлі және дәстүрлі емес құрал-жабдықтар

2.      Эксплатация кезеңіндегі спорттық құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі

3.      Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі

4.      «Көңілді пойыз» спорттық жарыс ойыны

Дене тәрбиесі жөнінен оқу жұмысын, сыныптан тыс жұмыстарды нәтижелі өткізу үшін мектептің материалдық базасы - мектеп, спорт алаңы, гимнастикалық зал бір-біріне сәйкес келуі қажет.

Спорт алаңы мектептен 40-50 метр қашықтықта орналасуы қажет. Спорт алаңының айналасы тегіс көгалдандырылуы қажет. Көгал шаңның болмауына, сонымен қатар ауаның таза болуына көмектеседі.

Спорт алаңында: ұзындығы 60 м, көлемі 5 м жүгіру жолы, ұзындыққа, биіктікке, секіретін орын, гимнастикалық жабдықталған орын, ойын, жаттығулар өткізілетін орынмен жабдықталу қажет.

Жүгіру жолы тегіс болуы қажет. Жүгіру жолы стандарттық талапқа сай жасалуы қажет. Жүгіру жолында отыз, қырың, елу метрлерге бөлу, сөре аймақтары нақты белгіленеді.

Ұзындыққа секіретін орын. Ұзындыққа секіретін орын спорт алаңының көлеңкелі жеріне орналасуы қажет. Жаттығу орындау барысында балаларға көмектеспеу керек.

Орынды дайындаудағы жүгіретін жол - алаңның оңтүстік жағынан солтүстікке қарай орналасуы тиімді. Жолдың ұзындығы 25 метр, ені 1-1,5 метр. Секіретін шұңқырдың тереңдігі 40-50 см, ұзындығы 6 метр, ал ені 3 метр болу қажет. Шұңқырдық іші топырақ аралас құммен толтырылады. Шұңқырдың шетінен 1 метр қашықтықта аяқпен итеріліп, жылжуға арналған тақтайдан белгі қойылады. Тақтайдың ұзындығы 125 см, ені 50 см. Тақтай ақ түске боялуы қажет.

Биіктікке секіретін орын. Биіктікке секіретін орынға қойылатын талап секіруші қолданатын тақтайшаны немесе жіпті жүгіретін жерден оқушыға көрінетіндей етіп қою керек.

Бұл жерде ұзындыққа секіретін шұңқырды пайдалануға болады. Биіктікке секіру үшін ең қажет құралдар - тіректер, секіргенде қолданылатын тақтайша. Жіп пен секіргенде пайдаланылатын тіректер бір-бірімен 3-4 метр қашықтыңта орналастырылады, тіректердің биіктігі 150-160 см. Тіректерде 40 см бастап қолданылатын тақтайшаларды орналастыру үшін тесіктер жасалынады. Секіру барысында секіріп түсетін шұңқырлар үнемі қопарылып отырылуы қажет.

Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі

Гимнастикалық жаттығулар мен ойын түрлері спорт залда немесе арнайы жабдықталған сынып бөлмелерін-де өткізіледі, жабдықтау барысында құралжабдықтардың қойылу орнына ерекше көңіл аударылады. Гимнастикалық қабырға бөліктерінен бірнеше жасау керек және де терезеге қарама-қарсы орнату қажет. Гимнгстикалық отырғыштар терезеге көлденең қойылады.

Секіруге арналған құралдар және шешілетін арқандар, межеге лақтыруға арналған қалқан, гимнастикалық төсеніш, секіруге арналған тіректер, гимнастикалық және басқа да құрал-жабдыңтар анықталған орындарға қойылады.

Терезелер қорғаныс торларымен, электр шамдары темір тормен бекітіледі.

Гимнастикалық отырғыштардың саны төрттен аз болмау қажет.

Арқандармен биіктікке секіретін құралдар залдың төбесіне мықтап бекітіледі.

Межеге лақтыруға арналған құралдар 4-6 болу қажет, қалқандары фанерадан, картоннан жасалады.

Гимнастикалық қалқандар, керекті биіктікке гимнастикальщ таяқшалар болуы, сонымен қатар 40-тан кем түспейтін қысқа және ұзын секіртпелер болуы керек.

Орташа салмақты доптар 1-1,5 кг, доптар саны - 10.

Кіші салмақты доптардың саны - 40-тан кем емес.

Мектепке гимнастикалық төсеніштердің саны 2-ден кем болмауы керек.

«Көңілді пойыз» спорттық жарыс ойыны

Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрлі ұйымдастырылатын жарыс түрі, ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрылысына өткізілетін орын жағдайына байланысты.

Ойынға бастауыш сынып оқушылары қатысады. Жарыстың ерекшелігі "аялдамадан" "аялдамаға" дейін әр түрлі қимыл-қозғалыстарды тапсырма ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету. Аялдаманың атауы орындалатын қимыл-қозғалыс ойынының мазмұнына байланысты. Жарыс созылмауы керек, әрбір аялдамада жаңа тапсыр­ма ала отырып, барлық ойынға қатысушы тапсырманы бірден орындауы қажет.

Тапсырма түрлері қызықты жарыс және балалардың көңіл-күйін көтеретін және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Денеге салмақ түсіретін жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырады. Ойын көгалда, футбол, баскетбол алаңдарында өткізіледі. Ойын барысында оқушылар ойынға қатысушы, әділ казы, көмекші, төреші және педагогтың қызметін атқарады. Осы аталғандардың барлығы оқушылардың өз білімін көтеруде, шығармашылық деңгейде өз бетімен әрекет етуін қалыптастырады"Көңілді пойыз" ойыны алаңда ойналады. Пойыздың жүру бағыты жолаушылармен белгіленеді. Әр аялдамаға сәйкес көрсеткіш белгілері, аялдама атауы, пойыздың таңтау уақыты белгіленуі керек. Ойынға қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайындалады. "Көңілді пойыз" - жа­рыс ойынына жеті аялдама кіреді. Төрт доп қатысады.


Скачать


zharar.kz