Дене тәрбиесі сабағы.Бастауыш балардың тәрбиесін ұйымдастыру
1. Дене тәрбиесі сабағы
2. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстары.
3. Үй тапсырмасы.
4. Белсенді демалыс.
5. Дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстарын қаопына келтіру.
6. Балалардың өздігінен қимыл- қозғалыс жасауы.
7. Секциялық үйірме сабақтар.
Дене тәрбиесі сабақтары. Дене тәрбиесі сабақтары балалар бақшасындағы 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Сабақтың мақсаттары: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.
Сабақтың ұзактығы 3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері - балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен жүру және т.б.
Сабақтың негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен — алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады. Жалпы дене дамыту жаттығуларынан кейін спорт түрлерінің негізгі қозғалыс түріндегі жаттығулары: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және тепе — тендік жаттығулары орындалады. Міндетті түрде негізгі бөлімге балаға физиологиялық және эмоциялық әсер беретін қозғалмалы ойын түрлері кіргізіледі.
Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар орындалады.
Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-6 минөт, негізгі бөлім — 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2—3 минөт. Әрбір бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.
Кіріспе бөлім аяқталған кездегі балалардың жүрек соғу жиіліктері 20-25%, негізгі бөлімнен кейін 50%, қозғалмалы ойындардан кейін 70-80% немесе 100% аспауы керек. Сабақ аяқталғаннан кейін 2-3 мин кейін баланың жүрек соғу жиілігі бастапқы деңгейге дейін қалпына келуге тиісті. 3-4 жастағы балалардың
жүктеме тиімділігі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу/ мин, 5-7 жастағы балалардікі 140-150 соғу/мин болады.
Күн тәртібіндегі дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстары.
Күн кестесінде дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шараларға: сабақка дейінгі гимнастика, сергіту минуттары және үзілісті тиімді ұйымдастыру жатады.
Күн кестесінде балалардың дене шынықтыруды дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулық жағдайын жақсартуды денесінің дамуын күшейтеді.
Тәңертеңгілік гимнастика - балабақшада күнделікті өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Ол ағзаның тіршілік әрекетін, орталық жүйке жүйесінің қызметін, дұрыс тұлға қалыптастыра отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі. Ұжымдық түрде ұйымдастырылған гимнастика жаттығулары балаларды тәртіптілікке тәрбиелеиді.
Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:
а) бұлшық ет топтарынг жан-жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты белсенді қызмет атқаруын;
ә) дұрыс тұлға қалыптсістыруын;
б) жаттығулар құрылысы балаларға таныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;
в) көңіл - күйлерін көтеретін;
г) өткізетін орынға сәйкес болуын ескеру қажет.
Сергіту минуттары. Сергіту минуттары (қысқа мерзімде дене жаттығулары) сабақ барысында өткізіледі. Сергіту минуттарының маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың жағымды жай-күйінің қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен оқушының іс-әрекеті сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Жаттығулардың мазмұнына иық белдеу еттерінің,
кеуде мен аяқтың негізгі топтарын белсенді іске тартатын, тұлға түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолды жоғары көтеру, оны қозғалту, жан-жаққа созу және төмен түсіру, тартылу, жартылай отыру, аяқты тізеден бүгу, кеудені жан-жаққа бұру, алға төмен иіліп, ізінше бойды тіктеп түзету, т.б.
Үйрету дене шынықтыру сабағында жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын орындау арқылы бала өз бетімен дене тәрбиесі жаттығуларын меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өміріне маңызы зор.
Үй тапсырмаларына көбінесе дене тәрбиесі сабағында үйренген спорт түрлерінің негізгі, дайындық, жақындататын жаттығуларын қайталау, қимыл шеберлігін жетілдіру мен дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу жаттығулары беріледі
Үйге берілетін тапсырмалар түсінікті, қарапайым, қауіпсіз, еркін орындалатын жаттығулар түрінде болады. Мұғалім әрбір үй тапсырмасын алдын ала ойластырып, жоспар жасап, дайындалып барып береді. Ол жаттығулар сабақ кезінде орындалып жатқан кезде ұсынылып, сабақ соңында қорытынды бөлімде, тағы да қайталанып айтылып, үй тапсырмасы ретінде беріледі. Үй тапсырмасын балалар айқын түсінуі үшін, тапсырма толық, нақты түсіндіріле айтылуы, жаттығу техникасы жақсы деңгейде қөрытылуы тиісті. Үй тапсырмасының орындалуын мұғалім қадағалағанда, тексергенде ғана бала жауапкершілікті сезіне бастайды. Ол үй тапсырмаларына байланысты мәселелер ата-аналар жиналысында түсіндіріліп, оларға маңыздылығы, қадағалау жолдары айтылады. Осындай көптеген шаралар орындалып, үй тапсырмасын орындау, бақылау дұрыс шешімін тапқанда ғана ол дене тәрбиесі сабақтарының тиімді әрі жемісті жүргізілуіне пайдасын тигізеді.
Белсенді демелыс
Қозғалмалы ойындар. Әр түрлі қозғалыс мазмұнындағы қозғалмалы ойындар күнделікті балалар серуенге, таза ауата шыққан кезде орындалады. Ол ойындар балалардың қозғалыс белсенділіктерін арттырады, көңіл күйлерін жақсартады. Қозғалмалы ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу және басқа қозғалыс әрекеттері кірсді. Бұл ойындардағы үлкен қозғалыс белсенділігі балалардың дене қуаты қасиеттерінің дамуына, жүрек - кан тамыры, тыныс алу жүйелерінің қызметтерінің жетілуіне әсер етеді.
Сергектік сәттері. Сергектік сәттері бала денесінің көп уақыт бір тыныштық. (статикалық) қалыпта отырып қалған кездерінде орындалады. Ол бір қалыпта отырып қалған бала денесінін шаршауын тоқтату, демалдыру, ағзаның қозғалыс қызметтілігін белсендірлендіру, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Сергектік сәттері есеп, сурет салу, пластилиннен әр түрлі мүсіндер жасау кездерінде 2-3 минөт, 3-4 женіл жаттығулар түрінде өткізіледі.
Дене мәдениеті мерекелері. Дене мәдениеті мерекелері салтанатты түрде балалардың дене тәрбиесі жаттығуларын үйрену, меңгерудегі жетістіктерін айтуға, мадақтауға, марапаттауға арналады. Дене мәдениеті мерекелері жылына 2-3 рет өткізіледі.
Дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстарын қалпына келтіру.
Дене тәрбиесі - адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс пен еңбектің дұрыс тәртібін, сондай-ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің нақты уақытын ауа райының қолайлылығы мен спорт базаларының дайындығына, жергілікті дәстүрлі мерекелердің өту мерзіміне байланысты әр мекеме өзі белгілейді.
Денсаулық және спорт күндерінің жарыс кестесіне - таза ауадағы қимыл-қозғалыс жаттығулары мен түрлі спорт ойындары, саяхат-жорықтар, т.б. түрлерін енгізуге болады. Денені шынықтыру, спортпен айналысу - адам денсаулығын жақсартып, ауруға шалдықтырмай, сымбатты, өз-өзіне сенімді, салауатты өмір сүрудің кепілі.
Дене тәрбиесі туралы ілім - жалпы дене мүшелерінің дамуы туралы жинақталған білім жүйесі. Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы жөніндегі заңдылықтарды, дене жаттығулары мен тактикалық қимылдарды орындау тәсілдері, оның ережелері туралы білім негізі мен әдістемелік нұсқауларды меңгермей, дене тәрбиесімен айналысу мүмкін емес. Бұл заңдылықтарды тосын жағдайларда қолдана білу үшін де білім қажет. Сондай-ақ ұжымдық қарым-қатынас нормалары мен дене шынықтыру қызметінің қоғамдық маңызы туралы ілімді білмейінші дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес.
Балалардың өздігінен қимыл- қозғалыс жасауы.
Балалардын өз беттерімен, өз еріктерімен, өз ұсыныстарымен дене тәрбиесі жаттығуларын таңдауы олардың қозғалыс тәжірибелерін көрсетеді. Тәрбиешіге балалардың қандай қозғалыс түрлерін, спорт түрлерінің жаттығуларын ұнататынын, қандай қозғалыстүрлеріне икемділіктері, құштарлықтары бар екенін аныктауға көмектеседі. Өз бетімен дене жаттығуларын орындау арқылы, бір-бірлеріне үйрейген жаттығуларын көрсету арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелері кеңейеді, өздеріне сенімділігі нығаяды.