Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
· ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
· межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
· қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).