Зат есім. Жалғау және оның түрлері. Жіктік, тәуелдік жалғаулар.

Скачать

 Жалғау, оның түрлері туралы түсінік беру.

Жалғау-жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып, және және жалғанған сөзіне азын –аулық үстеме мағына беріп тұратын грамматикалық тұлға.

Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар: көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулар.

Тәуелдік жалғауында меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қоса –қабат жүреді. Меншіктеуші жақ жіктеу есімдіктерінің үш жағының бірімен байланыста болып отырады, жіктеу есімдіктері ілік септігінің жалғауында тұрады:

I Менің                        Біздің

II Сенің                       Сендердің

Сіздің                          Сіздердің

II оның                        Олардың

4. Тәуелдену мағынасы кейде –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары арқылы беріледі.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.      Жіктік, тәуелдік жалғауларының орын тәртібі

2.      Тәуелденіп септелуге мысалдар келтіріңіз

3.      Ақын, мұғалім сөздерін жіктеңіз

№14.Тақырыбы: Септік жалғаулар

Мақсаты: Қазақ тіліндегі септік жалғаулары туралы түсініктерін толықтыру.

Зат есімге септік жалғаулары тікелей жалғанып барып септелсе, онда оны жай септеу дейміз: ол зат есім тәуелденіп барып септелсе, тәуелді септеу дейміз. Зат есімнің тәуелденіп барып септелуі:

Атау септік дос+ым

Ілік септік дос+ым+ның

Барыс септік дос+ым+а

Табыс септік дос+ым+ды

Жатыс септік дос+ым+да

Шығыс септік дос+ым+нан

Көмектес септік дос+ым+мен

 Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Қазақ тілінде неше септік бар?

Тәуелденіп септелу немесе тәуелді септеу дегеніміз не?

«Бақытым», «көше» сөздерін септеу.


Скачать


zharar.kz