Етістік.

Скачать

 Етістік – заттың қимыл-әрекетін, қалпын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? не істейді? қайтіп?

            Тұлғасына қарай етістіктер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектенбейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады: кел, бар, жүр, айтты, көріп, жазды т.б.

            Туынды түбір етістіктер деп негізгі түбір сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады: таза-ла, ақыл-дас, жыр-ла т.б.

            Дара етістіктер деп бір сөзден тұратын мағыналы етістіктер аталады: ойна, отыр, оқы, тыңда, басқар т.б.

            Күрделі етістік деп екі мағыналы етістіктен жасалып, біртұтас күрделі қимылды білдіретін етістік аталады: келіп кет,  айтып бар, кіріп шық, алып кел т.б.

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Етістік қандай сөз табы? Негізгі түбір, туынды, күрделі етістіктердің айырмашылығы неде?

2. Туынды етістіктер қалай жасалады?

3. Күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

4. Көркем шығармадан негізгі, туынды етістіктері бар 15 сөйлем теріп жазыңыз.


Скачать


zharar.kz