Үстеулердің мағыналық түрлері.

Скачать

 Үстеулер мағыналарына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл, мақсат, себеп-салдар, күшейткіш болып бөлінеді.

            Мезгіл үстеулер: ертең, ерте, қазір, әрдайым, ежелден,биыл т.б. Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?

            Мекен үстеулері: ілгері, кейін, жоғары, төмен, артта, алда т.б. Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай?

            Мөлшер үстеулері: сонша, осынша, әжептәуір, бірталай, қыруар т.б. Сұрақтары: қанша? қаншалық? қаншама?

            Сын-қимыл үстеулері: әрең, әзер, тез, шапшаң, үнемі, кенеттен т.б. Сұрақтары: қалайша? қайтіп? кімше? қалай?

            Мақсат үстеулері: әдейі, әдейілеп,жорта, қасақана. Сұрақтары: неліктен? не үшін? не мақсатпен?

            Себеп-салдар үстеулері: босқа, бекерге, жоққа, амалсыздан, шарасыздан. Сұрақтары: не себепті? неге? қалай?

            Күшейткіш үстеулері: өте, орасан, мүлде, тіпті тым, аса, кілең. Сұрақтары: қалай? (қандай?)

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Үстеудің мағыналық түрлерін атаңыз, мысалдар келтіріңіз.

2.Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица жасаңыз.

            


Скачать


zharar.kz