Шылау сөздер

Скачать

 Шылау сөздер – толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Шылау сөздер мағыналарына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар.

            Септеулік шылаулар өзі тіркесетін сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет етеді. Септеулік шылаулар: үшін, дейін, шейін, кейін, бұрын, арқылы, бірге, қатар, жөнінде т.б.

            Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: және, мен, бен, пен, бірақ, ал, алайда, не, немесе, өйткені, себебі т.б.

            Демеулік шылаулар – сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді. Олар: -ма, -ме,-ба,-бе, -па, -пе, -қана, -ғана, -ақ, -ау, -мыс, -міс т.б.

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Шылаулардың түрлерін атаңыз.

2. Шылаулар түрлерін пайдаланып 7 сөйлем құраңыз.


Скачать


zharar.kz