Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Скачать

 Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Толықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары:  кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде?  кімнен? неден? кіммен? немен? Пысықтауыш – сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: қалай? қайда? қайтіп? қашан? қайдан? кім үшін? не мақсатпен? не себепті? неліктен?

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атаңыз, сұрақтарын айтыңыз.

2.Анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштары бар 6 сөйлем құрыңыз.

3. Мезгіл пысықтауыштарды пайдаланып «Вокзалда» тақырыбына диалог құрыңыз.

            


Скачать


zharar.kz