Құрмалас сөйлем, түрлері.

Скачать

 Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Жай сөйлемнің материалы сөз тіркесі болса, құрмалас сөйлемнің материалы – сөйлем. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жаңбыр жауды (жай сөйлем). Жаңбыр жауды да, жер көгерді (құрмалас сөйлем). Құрамындағы бөліктердің өзара байланысу жолдарына байланысты құрмалас сөйлем, негізінен, екі түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем және сабақтас құрмалас сөйлем.

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2.Құрмалас сөйлем түрлерін атаңыз.

3.Құрмалас сөйлемге  мысалдар келтіріңіз.

            


Скачать


zharar.kz