Өткенді қайталау. Бақылау жұмысы.

Скачать

 Өтілген тақырыптар бойынша бақылау жұмысының тапсырмалары:

1. Мен, өзі, сонау, сіз, мына, осы, сол, қайда? кім? қашан? Есімдіктерімен сөйлем құрастырып жазыңыз.

2. Құрамында тұйық етістік айтылатын мақал-мәтел жазыңыз.

3. Есімшелердің жасалу жолын түсіндіріңіз

4. –ып, -іп, -ғалы,-келі, -ғанша, -кенше формалы 5 етістік жазыңыз, олармен еркін тіркес құраңыз.

5.Үстеу қандай сөз табы?

6.Шылаулар түрлерін пайдаланып 4 сөйлем құраңыз.

7.Жастық, білімді, ешкім, қонақтар, оқыған сөздерін бастауыш етіп сөйлем құрастырыңыз.

8.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай тәсілдермен байланысады?

9. Сөйлем түрлерін пайдаланып «Қаланың көрікті жерлері» деген тақырыпқа шағын мәтін құрастырыңыз.

           


Скачать


zharar.kz