1-ДӘРІС. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні

Скачать

 Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігі. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті пәнін мектепте оқытудың мақсат-міндеттерін, әдеби білім мазмұнын, оны анықтайтын ұстанымдарды және өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының үлттық құндылықтарға негізделіп философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы.

Мүғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшсмдер.

Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері, т.б. сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

         


Скачать


zharar.kz