Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің даму кезеңдері

Скачать

 Қазақ әдебиеті пәніннің мектепте дербес пән ретінде оқытылып, оқу жоспарына енуі 1930 жылдан бастап есептеледі. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Қазан төңкерісіне дейін де, кейінгі кезеңде де қиын да күрделі саяси -әлеуметтік қайшылықтармен бірге қалыптасып дамыды. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен танысу, сол арқылы еуропалық, дүниежүзілік өркениеттен хабардар болу Қазақстанда ағартушылық идеяның дамып, жетілуіне тікелей әсер етті.

         Ресейдің алдыңғы қатарлы ағартушыларының идеясымен танысып білу, сан қырлы мәдениетін меңгеруге талпынған қазақ зиялылары да еуропалық, дүниежүзілік өркениеттен хабардар болып, әлемдік деңгейдегі ағартушылық идеядан тыс қалмады.

         Кезінде өнерге, білімге жетік елдермен табысуды армандаған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:

         «Қазаққа ілгерілеу керек болса, бізге қайткен күнде де жетілген жұрттардың қатарына қосылып, білімін тез үйренуіміз керек»,деп жазып, оның жолын іздестіруге талпыныс жасағаны белгілі.


Скачать


zharar.kz