Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Әрбір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары:
- мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (V-ІХ) сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мүғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабақты оқушының әдебиет пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатына құру;
- жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру;
- әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін жаңа технологиясымен тиімді ұштастыра білу;
- өзі бекітілген сынып оқушыларының мінез-құлқы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі, т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде пайдалана білу;
- практика барысында пән бойынша ашық сабақтар, сынып жетекшісі ретінде ашық тәрбие сағаттарын өткізу.
- мектеп басшылығымен, педагогикалық практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланыста ынтымақтаса жұмыс істеу.
- педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша мектепте және университетте арнайы конференциялар өткізу, жетістік, кемшіліктер жайында төменгі курс студенттеріне насихаттау.