Скачать

Экономика және оның қоғамдағы ролі. Экономикалық теория ғылым ретінде  және оның әдістері.

Экономика «экономия» деген мағынаны білдіреді. «Экономика» термині Ежелгі Грецияда пайда болды.  Ғылым атауының авторы Ежелгі Грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады «ойкос»-үй, шаруашылық, «номос» - заң яғни шаруашылықты үйлерді жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана, ұлғайта білудің тәсілдері. Экономика саласын зерттеген ғалымдар:

1.     Аристотель-б.д.д  384-322 ж.- Ежелгі Грек философы, энциклопедиялық лқымысты, логика ғылымының және көптеген арнай білімдер саласының негізін салушы.

2.     Ксенофонт б.д.д 430-355 ж. Ежелгі Грек тарихшысы және саяси қайраткер.

3.     Конфуций б.д.д  5551-479ж. Көне Қытайдың идеялақ  ағымдарының біріне негіз салушы. Оның ілімі адамдарды сүйу тұжырымдамаларына құрылған.

4.     Джоуль Шерман – сенатор «Шерман заңы» деп аталатын заң жобасының авторы.

5.     Маршал Альфред – 1842-1924 ж . баға теориясының авторы және негізін салушы, экономика ғылымының классигі. «Сұраныстың икемділігі» терминіннің авторы.

6.     Гэл Бред  Джон Кеннед – америка экономисті. «Монополистік капитал» деген ұғымға сипаттама берген.

7.     Фридмен Мэлтон – экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаті (1976ж.)

8.     Адам Смит – Шотландия ғалымы («табиғат туралы зерттеу және халықтар байлығының себептері» деген еңбектердің авторы.)

9.     Карл Маркс – неміс ғалымы. Капиталдың авторы. Онда ол саяси-экономикалық пәні деп өндіріс материалдық қатынастарды айтқан.

Көп ғасырлар бойы «экономия» сөзі – үй шаруашылығын ұйымдастырып жүргізу ережелерін қамтыған бірақ мемелекеттердің бірлесуі жалпы ұлттық  мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінін анықталуын қажет  етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болды. Саяси экономияға айналды.  Грек тілінде «полис» -  мелекет, «ойкос»- үй шаруашылығы, «номос» - заң дегенді білдіреді. Саяси экономика ұғымын ғылымға енгізген Монкреттон болатын -  француз дворянині. Ұлттық экономиканы микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлуқалыптасқан.

Микроэкономика — бұл негізгі экономикалық единицаларды жұмыс істетудің ауқымы (фирмалар, үй шаруашылықтары). Онда тұрақтылық, тепе-теңдік басымырақ. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылығы рыногындағы шешім қабылдау және өзара байланыс процесін зерттейді. Микроэкономиканьщ негізі боларлықтай алғы шарттар — фирмалар мен үй шаруашылықтарының алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шекгеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Микроэкономика үлгісінде үй шаруашылықтары сатып алар кездерінде аса тиімділікті көздейді, ал фирмалар, өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуын ойлайды.

Макроэкономика — халық шаруашылығын толығынан қамтиды. Ол — жалпы экономикалық процестердің ауқымы (жалпы, онім, үлттық табыс, барша шығын). Ол өрлеуге, өсуге ұмтылысымсн сипатталынады. Макроэкономика әртүрлі елдерге және әрқилы кезегшерге байланысты табыс, баға, жүмыссыздық және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді жинайды. Сонан кейін ол мәліметтерді түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады.

Сонымен қатар макроэкономиканың зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын жетілдіру болып табылады. Мақроэкономика — экономика дамуының заңдылығын түсіндіріп және оның қандай бола алатындыгын көрсетуге тиіс.

Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері.

Экономика ғылымын зерттейтін құбылыстар әрқайсымыздың өміріне қатысты . Оның жағдайы барлық адамдардың ықпалын жүргізеді. Экономика проблемалары басты орында тұрады, сондай-ақ халықаралық қатынастарда маңызыды рөл атқарады. Экономикалық теория ерекше аспаптарға , терминологияға, мәліметтерге және ойлау барысына ие. Экономикалық зерттеу процесі кезінде қоғам алдында тұрған, экономикалық проблемаларды шешуге болатын жайыптарды қарастыра келе, экономикалық принциптер негізін қалыптастырады. Жеке адам, кәсіпорын, қоғам өздеріне қолайлы пайдалануларын зерттеу және түсіндіру әдістерін қарастырған. Сол үшін экономистер нақтылы экономикалық проблемаға қатісті фактілерді жинап, анықтығын. Мұндай жағдайларды олар теориядан фактілерге өтетіндері секілді, фактілерден теорияға қарай жылжиды. Экономиканың қандай болу керек екндігін байқату үшін, экономистер үлгілеумен айналысады. Экономикалық үлгі пайдаланылуы экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын қарапаймдылығы, айқын диаграммалар немесе формулалар болып табылады. Мысалы, көрші мемлекет-ге егін үсіп, соғып кеткен соң, ҚР астық бағасы алдын ала тұжырымдалып, сұраныспен қолданыс заңын ұсына алады. Мұнда бағаның көтерілетіндегінде шекім дауласпайды. Ал болжамның дәлдігін қолданылған үлгі сапасына байланысты болады. Бұл ретте екі әдіс қолданылады.

1. логикалық-дедуктивті әдіс- мәселені теория деңгейінен бастап шешіп содан соң фактіге жүгіне отырып әгі теорияны тексеру немесе жоққа шығару. Бұл тәсіл абстракция мен үлгіге негізделеді. Абстракция – дерексіздік, ол іске қатысы жоқ, экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау. Оның мақсаты экономиканың қарапайым схемасын жасап, оның негізгі буындарымен параметрлерінің өзара байланыс принциптерін табу болып есептелінеді.

2. эмпирикалық- индуктивті әдіс – фактілерді жинақтаудан бастап, зерттеулерге сүйенуді айтады. Сонан соң принциптермен қорытындыны шығару үшін оларды жүйелендіреді. Және талдайды бұл әдіс жекеден жалпыға өтеді. Оның мақсаты нақтылы экономикалық құбылысты талдау нәтижесінде зерттеу жүргізу және заңдылықты табу. Бұл 2 әдіс бір-бірін өзара толықтырып тұрады. Экономика принциптерінде қалыптасқан көзқарас экономикалық саясатты  жасау үшін жасалады. Экономикалық принциптер терминінің өзіне шығатын және өз ішінде біренше дәлелсіз сандық анықтасмалар бар қорытындылар. Экономикалық принциптер сондықтанда орташа мәлімет немесе статистикалық көрсеткіштерге сүйенеді. Әр түрлі тең жағдайдағы дорамал – барлық заттар айнымалы тек қазіргі сәтте қарастырып жатқан нысаннан басқалары өзгеріссіз қалады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, сатып алынған қаймақ бағасымен оның мөлшері арасындағы байланысты есептей келіп біз қаймақ бағасы өзгермелі екендігін жэорамалдаймыз. Бұл жағдайда талдауды қаймақтың бағасы қаймақты сатып алу қатынастарына аударып басқа  өзгермеліктерді елеусіз қалдырамыз.

Адам және экономика.

Адам ең басты өндіруші күш, өйткені ол жасап қана қоймай жүзеге асырады және өндіріс құралдарын пайдалану әдістерін анықтайды. Өз кезегінде өндірістің жаңа құралдарын тарату жұмыс күшіне жаңа талаптар қояды. Әр түрлі тараптағы тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған және белгілі бір есепке негізделген шаруашылыққа адамдардың күшін жұмсауын көрсетедін. Бір жағынан, ол энергияны, ресурстарды және т.б. шығындарды, екінші жағынан өмірдегі шығындарды соған сәйкес толтырғанда көрінеді . Мұндай жағдайда экономикалық  субъект (шаруашылық қызметтегі адам) шығынмен табысты салыстыру арқылы ұтыды іс жүргізуге тырысады. Адамдардың шаруашылық қызметі бұл 4 сатыға бөлінетін әр түрлі пайда болулармен үдерістердің күрделі кешені:

1. меншіңті өндіріс;

2.бөлу;

3.айырбастау;

4. тұтыну.

Адам баласының қажеттілігіне байланысты әр түрлі теориялар бар. Біз оны Маслоу теориясы бойынша қараймыз және оны 5 топқа:

1.физиологиялық (аштық, шөлдеу,т.б.)

2.қауіпсіздіктегі қажеттілік (қорқыныштан, ашу-ызадан, жанға батудан қызғану);

3.әлеуметтік байланыстағы қажеттілік (қарым-қатынас, достық, махаббат);

4.өзін-өзі сыйлау қажеттілігі (қателіктерді мойындау, қол жеткізу, қостау);

5.өзін-өзі көңіл қою қажеттілігі (түсіну, ойлау, өз мүмкіндіктерімен қабілеттеін іске асыру)

Бұл қажеттіліктерді өтеу әр елде әр түрлі болып келеді және де әр топтың айырмашылығымен мәні басқа.

Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болу керек. Экономикалық қорлар тауар өндіріп, қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи адам және адам қолымен өндірілген ресурстар. Барлық экономикалық ресурстар 2 бөлінеді:

1.     Материалдық немесе табиғи ресурстар (жер және капитал)

2.     Адамдар ресурстарпы (еңбек, кәсіпкерлік қабілет)

3.     Табиғи ресурстар- тауарлар мен қызметтерді жасар кездегі пайдаланылатын табиғи игілік (жанды табиғат, минералдар, орман ресурстары, ауа)

Жерді пайдаланғаны үшін төленетін бағаны – рента деп атайды.

Капитал немесе инвестициялық ресурстарға өндіріп және қызмет көрсетіп оларға түпкілікті тұтынушыға жеткізу кезінде пайдаланылатын фабрикалар, зауаттар, машиналар, саймандардың барлық түрлері және т,б, өткізу жүйесі кіреді.

Өндіріс және өндіріс құралдарын жинақталу процессін – инвестицияландыру деп аталады.

Адамдар ресурстары немесе еңбек – өндіріс процессі кезінде жұмсайтын дене және ақыл-ой күші. Еңбекке төленетін бағаны-еңбекақы деп атайды.

Кәсіпкерлік қабілет – іскерлік деп аталады. Ол адам бойындағы айрықша ресурс.

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорында шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуда. Шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориядан ой елегінен өткізуі қажет. Саяси жүйе мемлекет құрылысына тәуелді емес  әр түрлі қоғамдық формалары бар екенін көрстеіп отыр.

Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы айтылады. Қоғамдық өндіріс, өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың бірлігі. Апл оның орын алу дамуы белгілі бір факторларға байланысты:

А)субъективті факторлар;

Ә)объективті заттық факторлар немесе өндірс құал-жабдықтар

Еңбек дегеніміз мақсатқа сай атқарылатын қызмет адам мен табиғат арасындағы қарым қатынас процессі.

Бюджет-мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары кұрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билікпенжергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды—жалпықоғамдық кажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалык нысаны бола отырып, айрықшалықты коғамдық арналымды орындай отырып мемлекеттік бюджет экономикалық  категория ретінде болады.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріс пен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қогамдық өнмнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Инвестиция

Негізгі қоға қаржы жұмсау , өндірістің негізгі қоры қосалқы қорға резервтерге пайда дивидент және тағы да басқа табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлікті – инвестиция деп атайды.Инвестицияның материалодық, заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық заттық инвестицияға ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, машиналар, жабдықтар және ол аустыруға немесе техникалық паритер кеңейтуге материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны ол ақшалай капиталдың материалдық заттық инвестициясын жасауға бағытталған, инвестицияның тауарлар мен қамтамассыз етуге жұмсалған өндірістегі жалпы инвестицияны – өнім инвестициясы деп атайды. Ол негізгі капиталдың орталығын қолдануға бағытталған. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен құрылады . оның біреуі амортизация- ол негізгі өндіріс құралының ұдайы тозуы және оның құрылым өндірілетін өнімге көшіру процессі. Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдық қаржы жұмсау негізінде қорларды арттыру , өсіре беру, ғимараттар салу өндіру және қалдыру қосымша жабдықтар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Инвестицияның қызметі – инвестицияны жүзеге асыру процессі мен байланысты кәсіпкерлік қызмет.

Инвестиция ақша қаражаты ретінде бөлінетін салықтар, акциялар т.б. құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар,оның ішінде тауар мен несиелер, кез келген мүліктер немесе кәсіпкерлік қызметтүрлеріне пайда табыс және әлеуметтік нәтижеге жету шақтарында пайдаланылады.

Инвестиция түрлер бойынша тәуелді және тікелей, ануитеттік және порторельдік.

Венчурлық - Үлкен тәуекелген байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі, жаңа акциялар фирмасында шығарылған инвестициялар болып табылады. Ол өзімен несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік формасындағы капиталды ұштастырады.

Тікелей инвестиция дегеніміз шаруашылық субъектінің табыстар түсіруді, және осы субъектілер басқаруға қатысуқұқығын алу мақсатында капиталға жұмсалуы болып табылады.

Порторельдік-порторельді қалыптарға байланысты немесе құнды қағаздарды, активтерді  сатып алу болып табылады.

Экономикалық жүйелердің негізгі типтері және жіктелімі.

Экономикалық жүйе оның элементтері.

Жүйе грекше құрастыру, бөліктерді біріктіру, қосу. Заңдылықтардың бір бірімен байланысты құбылыстардың және табиғат пен қоғам жайлы білімдердің объективті бірлігі. Жүйе қасиеттері:

1. ол-элементтердің жиынтығы;

2.оған элементтердің арасында маңызды байланыстардың болуы тән.

3.оған белгілі бір ұйымдасу тән;

4.оның элементтерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде тұтас жүйеге тән емес интеграция.

Экономикалық жүйе дегеніміз – экономиканың өзара байланысты ж»не белгілі бір түрде реттелген элементтердің жиынтығы. Бұл біртұтас толықты құрайтын өзара әрекет ететін элементтердің күрделі жүйесі.

Экономика – күрделі көп жеңгейлі жүйе. Экономиканың бірнеше тұрақты деңгейі бөліп көрсетіледі. Қарапайым экономика кәсіпорындармен, үй шаруашылығы, рыноктар, ұлттық экономикалар жалпы әлемдік экономика. Негізінде экономиканың 3 жіктелімі бар:

1 – жіктелімі – ашықтық дәрежесі бойынша. Ол:

а) жабық экономикалық жүйе – барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір ел ішінде жүретін жүйе және онымен есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Б)ашық экономикалық жүйе – ел ішіндегі іскерлік операциялармен қатар халықаралық сыртқы экономикалық байланыстар енетін жүйе, ал онымен есеп айырысу шетелдік валюталарды пайдалануды талап етеді.

2-жіктелім – негізгі меншік қатынастарымен экономикалық байланыстар нысандары сияқты критериялар жатады. Осы критериялар бойынша 4 экономикалық жүйе бөліп көрсетіледі:

1)дәстүрлі -  қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде құралатын жүйелер жатады.

2)әкімшілік – әміршілдік жүйе – мемелекеттік меншікке, директивалық баға қалыптасуына, орталықтандырылғанжоспарлауға  негізделген жүйе ретінде сипатталады.

3)рыноктық экономикалық жүйе – қызмет өнімдерінің еркін айырбасына жеке меншікке, еркін баға қалыптасуына, бәсекелестікке негізделген.

4)аралас экономикалық жүйе – экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерін экономиканы мемлекеттік реттеумен ұйымдастыратын жүйе.

3-жіктелім – өнеркәсіптік төңкеріс және қазіргі ҒТП сияқты сипаттарға негізделген. Бұл жіктеу бойынша 3 экономикалық жүйе ажыратылып жүр:

А)индустрияға дейін – ауыл шаруашылығы, шаруашылық жұргізудің табиғи нысаны және қол еңбегінің басымдылығыменсипатталатын жүйе.

Б)индустриялық – ірі машиналық өндіріске негізделегндамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе.

В)индустриядан кейін – басты ресурсы – ақпарат, экономиканың жетекші саласы – өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты – адам және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады.

Кез келген экономикалық жүйде экономиканының негізгі 3 мәселесін шешеді:не? қалай? жүе не үшін?

Не?- берілген экономикалық жүйеде берілген бір уақыт  кезеңінде өндірілер мүмкін тауарлар мен қызыметтердің қайсысы өндірілер тиіс?

Қалай?-  өндірілеу мүмкін тауарлар мен өызметтердің таңдап алынғандары өндіріс ресурстарының қандай қосылысымен, қандай технологияны пайдалану арқылы өндірілуі керек.

Кім үшін? – қоғамның тауарларымен қызметтерден түетін жалпы табысы қалай бөлінуі тиіс?

Экономимкалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері пайдаланылатын ресурстардың сиректілігімен шектеледі. Ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таңдау жасау керек. Кез келген қабылданатын шешім әрқашанда таңдаудың бадама екендігімен байланысты.

Балама таңдау дегеніміз- шешімдер мен қызметтерді белгілі бір, мысалы, балама құны бойынша таңдау, яғни тауар немесе қызметті таңдау әрекеті осы тауар немесе қызметті алу үшін құрбан ету керек болатын басқа тауарлармен қызметтердің санымен анықталады.

Әрбір экономикалық жұйеде экономиканың басты 3 мәселесі шаруашылық жүргізу процессінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығынларымен нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындармен нәтижелер әр тұрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылады:

А)ресурстық (фактолық) тиімділік бұнда нәтиже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, кпитал, материалдармен қатынасы.

Ә)жалпы тиімділік бұнда нәтиже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасады.

Сонымен қатар экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәмілелері серияс ыболып табылады, олардың жүзеге асырылу трансакциялық шығынымен байланысты.

Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы специяфикациямен және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неңұрлым жақсы ұймдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші болады.

Экономикалық жүйе элеметтерінің экономикалық ықпал етуі институттра көлемімен жүзеге асырылады.

Институттар  - экономикалық жүйелер аясынедағы адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп ажыратып формаланған ережелермен формаланбаған нормалар.

Институттардағы таңдаудағы басты мақсат – тарнсакциялық шығындарды минимумға жіктеу болып табылады.

Экономикалық теорияның функциялары.

Экономикалық теория әлде біреулердің белгілі бір экономикалық қатынастарына, белгілі бір көзқарастарына сүйене отырып, біреулердің салыстырмалы түрде қандай саяси акцияны ұсыну керектігі немесе оның қандай болатындығына орай адамдардың экономикалық бағыттағы ғылыми түсінігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда, экономикалық теория әрбір азаматтың сайлау және дауыс беру кезінде басқару тұжырымының қайсысын қолдау керектігін айыруға комектеседі Экономикалық ғылымның бизнес үшін практикалық мәні зор. Нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің жалпы принциптерін жете түсіну фирмалардың менсджерлеріне озінің шаруашылық қызметтерінің стратегиясын жоспарлап және мейлінше мол табыс алу үшін тиімді шешім қабылдауларына көмектеседі Сіз бұл пәнді неғұрлым жақсы білсеңіз, солғүрлым озіңізге жақсы мансап та жасай аласыз. Өзінің барша практикалық пайдалылығы жөнінен экономикалық теория проблемаларды жеке бастық емес, қоғамдық көзқарас тұрғысынан зерттейді. Бұл пәннің - менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, валюта-несиелік қатынастадан және т.б. айырмашылығы, көбіне, оның академиялығында. Яғни, экономикалық ғылым дегеніміз — экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас тудыратын ғылым болып шығады Экономикалық мақсаттарды алға қою және оларды шешу кезіндегі жалпы бастапқы қадам — шектеулі жағдайлардағы қорлардың қозғалыс нұсқаларын тандау болып табылады.

Сіз өзіңіз тұрып жатқан қоғамның мүшесі бола түра экономикалық білімсіз өмір сүре алмайсыз. Тағам, баспана, киім, бос уақыттарды өткізу тәсілдері — осының бәрі тура немесе жанама түрде экономикалық күштермен анықталады. Экономиканы зерттеу осы күштерді жақсылап түсінуге көмектеседі және жайлы өмір сүруге жағдай тудырады.

Теледидар, радио, газет, журнал және т.б. жаңалықтарынан біз жұмыссыздық, инфляция, экономикалық өсу және еңбек өнімділігі, салық салу жөне республикалық бюджет, еңбекақы жөне табыс, төлем балансы мен халықаралық валюта жүйесі, бәсеке және антимонополия зандылығының сақталынуы және т.б. туралы білеміз. Осының бәрі "Экономикалық теория" курсында оқылады.Бұл дегеніміз, егер біз болып жатқан экономикалық процестердің мәнін білгіміз келсе, онда біз экономикалық теория негіздерін білуіміз қажет деген сөз.

Экономикалық жүйелер және проблемаларды шешудің тәсілдері.

Әрбір қоғам өзінің сирек ресурстарын тиімді пайдалануға тырысады, яғни ол жұмыспен толық қамтыған кезде және өндіріс толық қуатына жеткен кезде экономиканың берік орнығуына қамтамассыз етеді.

Экономикалық теорияның басты проблемасы адамзаттың шексіз қажеттіліін қамтамассыз ету үшін шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Экономикалық проблемаларды шешу үшін әрбір қоғам әр түрлі құрылымдармен механизмдерді пайдаланады. Шешу мәселесі:

1)Дәстүрлі – әдет-ғұрыпқа дәстүрлергенегізделеді. Өндіріс процессі айырбас бөлужәне тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйінеді.

2)Әкімшілік-әміршілік мемлекеттік монополиялық меншіктің және монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемділігімен сипатталынады.

3)Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік кәсіпорынның заңды мәртебе берілу қажеттілігін, жеке меншік құқығының анықталуына келісім шарт кепілділігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық проблемаларды шешуге негізделеді.

4)Арала экономикалық жүйе  - мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм келесідей проблемаларды шеше алмайды:

1)қоғамдық игіліктерді жасау;

2)әлеуметтік мәселелер;

3)экономикалық тұрақтылық;

4)жаңа технологияларды құру;

5)қоршаған ортаны қорғау және т.б.

Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипатталу мәселелр мемлекетпен шешіледі.Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр мемлекетте әр түрлі.


Скачать


zharar.kz