Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Скачать

«Бастауыш мектептегі дене тәрбие теориясы мен технологиясы» курсы теориялық және практикалық курстан тұрады, сондықтан барлық берілген өздік жұмыстарының тапсырмалары орындалуы қажет.

Студенттердің сабаққа қатысуы міндетті түрде болуы және себепті бола отырып сабақты болсатса да, ешқандай практикалық тапсырмалардан босатылмайды.

Студенттердің білімін бақылау, күнделікті, аралық және қорытынды бақылау формасынан тұрады. Күнделікті бақылаудың әрбір формасы 5 балдық бағамен бағаланады, тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ жұмыстары 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Оқу семестрінің соңында қорытынды формасы-емтихан.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде  бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмендегідей бағаланады

Кешігіп келді-0,5 (шегеріледі)

Лекцияға қатыспаса-1,5(шегеріледі)

Кешігіп тапсырылған жұмыс-1 (шегеріледі)

1-ші аралық бақылау өткізгенде студенттердің оқуының 7 апта бойы жинаған балдарының саны саналады.

2-ші (қорытынды) аралық бақылауды өткізгенде оқудың 15 апта бойы алған балдарының саны саналады. Егер 2-ші аралық бақылаудың бағасы 50% және одан да төмен болса, рейтінгті көтеруге мүмкіндік берілмейді. Осы жағдайда 2-ші аралық бақылау бағасы қорытынды аралық бақылау бағасы болып табылады.

Студенттің рейтингі 30%-тен асқанда ғана жіберіледі.

Қорытынды бағалау төмендегідей үлгімен жүргізіледі:

Аралық бақылау –60%

Емтиханға –40%

Курстың саясат пен процедурасын осы пәнді оқу үрдісі кезінде студенттерге қойылатын келесі әкімшілік талаптар көрсетеді:

Кешігіп тапсырылған жұмыс

Кешігіп келді

1.Курстың компоненттері мен оны оқудағы негізгі талаптар

-Студент сабақтан қалмай, лекциялық сабаққа және СОӨЖ-дерге белсене қатысу керек;

-Лекциялық сабақта конспектіні жазып, мұқият тыңдап, бөгет болмау керек;

2.Сабақтағы тәртіп ережелер

-қоңырауға дейін келіп, сабақтан қалмау керек;

-гардеробқа сырт киімді өткізу керек;

-сабақ үстінде ұялы телефонды өшіріп қою керек;

-мұғалімнен кеңес аларда қол көтеру керек;

-сабақ үстінде аудиториядан шығуға тыйым салынған;


Скачать


zharar.kz