Бақылау сұрақтары
1. А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша информатика пәнінің даму болашағы
неше кезеңге бөлінген?
2. И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
5 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.
Тақырыбы: Оқудың салт-дәстүрлі әдістері. Информатикадағы теория мен
практика, кері байланыс және басқару.
Жеке тапсырманың тақырыбы бойынша сөз сөйлеуді дайындау және бір тақырыпты оқып оқып білу мысалында сабақ үзіндісін демонстрациялап өту.
Жеке тапсырмалар.
1-тапсырма. Иллюстрация және демонстрация. Олардың ЭЕМ экранында қандай айырмашылықтары бар?
2-тапсырма. Бір тақырыпты оқып білу мысалында "сөз", "бақылау", "іс" түсініктерінің мазмұнын ашыңдар.
3-тапсырма. Теория мен практика. Мектептік информатикада бұл түсініктердің ұқсастығы немен көрсетіледі.
4-тапсырма. Анализ және синтез. Анализ және синтез ойлану операцияларына мысалдар келтіру.
5-тапсырма. Индукция. ЭЕМ-де жұмыс істегенде толық емес индукция бойынша ойлау мысалын келтіру. Бірнеше мысалдар көмегімен қандай бір түсінікті сипатттаңдар. Оларға қойылған талаптарды қисынға келтіру.