Курстық жұмыс мазмұны:
Кіріспе
І. Асқақ рух ақыны
1.1. Мағжан лирикасының өзіндік ерекшеліктері
ІІ. Мұқағали мұрасы – сөз маржаны
2.1. Мұқағали поэзиясындағы ұлттық бейне
2.2. Мұқағалидың ХХ ғасыр лиризміне қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сан ғасырлық даму жолдарын бастан кешірген, халқымыздың көркем
Әдебиет – халық өмірінің көркем бейнесі. Бұл заңдылықты
Әйтсе де бұл ғасырдағы қазақ ақындарынаң біршама легі
Жұмыстың жаңалығы: М.Жұмабаев пен М.Мақатаев поэзиясындағы ақындық шеберлігі,
Зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында салыстырмалы – типологиялық
Зерттеу нысаны: Зерттеудің дерек көздері ретінде ақындар поэзиясындағы
1.1. М.Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен
Құлдықтан теңдікке, езгіден еңсе көтеруге ұмтылған құбылыстардан туындаған
Кең жері күнен-күнге құрып жатыр,
Сұр жылан қанын-сөлін сорып жатыр.
Әуелде жұрт билеген адамдарды
Тәңірі күннен-күнге ұрып жатыр. [12.104.]
міне, әлі жиырмаға да жетпеген Мағжан әдебиеттің ауыр
Бұлбұл құс!Көзімде жас, кеудемде от
Толып, мен саған келдім, ішімде шоқ.
Дертіме сенен ғана дәрмен болар,
Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ.[14.57.]
Сонда, шынында да, Мағжан үшін ләззат мүлде болмағаны
Ойында ма бос өткен?
Қайғылы ауыр ойда ма?
Жүйрік тазы салу мен
Қыз ойнақ иә тойда ма? [15.11.]
Байқап отырғандай, өлеңнің екінші жолы «ләззат деген қайғылы
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла, [12.63.]-
деп аяқтайды.Ақын елдің қамын жеуден өткен ләззат жоқ
Жалпы, құдіретті табиғат – о баста Мағжан
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қарңғыда,
Япырым-ай, қалдық па, рас, тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағына өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? [12.102.]
Ақынның жүрегінен шыққан өлеңі қаншама ауыр болса да,
Біз біріміз де өз жеріміздің патриотымыз, өз еліміздің
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп-сұр көр,
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсініп,
Менің бір қарт анам бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол анамда сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ Құрандай,
Білгені – қазан-ошағы,
Жабайы ғана жарым бар.
Неге екнін білмеймін,
Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген,
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін!
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қысы – ақ кебін, жазы – сары,
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік – сахарасы –
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! [16.43.]
Міне, ел мен жерімізді дәл осы Мағжандай, бар
Ел мен жерге деген шын сүйіспеншілікте күпсіп сөйлеу
Мағжан ұғымындағы Сарыарқа біздің ұғымымыздағы Сарыарқа емес, одан
Еділ, Жайық, Сырдария-
Белгілі жұртқа ескі су.
Тәтті, дәмді, тармақты
Ұзын Ертіс, Жетісу.
Осы бес су арасы
Сарыарқа деген жер еді.
Туып - өскен баласын
«Айбынды ер Алаш» [15.247.] - дер едім.
Бұл сөзге таласудың жөні жоқ. Енді біз бес
Дала, Дала, Сар дала!
Жапан түзде бір қала...
Шілде.Оттай ыстық күн,
Дала - өлік.Жоқ бір күн,
Жер де жатыр тұншығып.
Жол жыландай иірілген,
Шаң ерініп, үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Көкте жалғыз бұлт жоқ,
Көктің түсі қызғылт көк,
Дүниені тылсым билеген.
Ыңыранғандай әлдекім,
Жылай ма екен әлде жын?
Перілер ме күйлеген? [14.69.]
Бұл көріністер мол сырға ие болып, жол, дала,
Ызғарлы жол долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді. [13.46.]
Мұндағы «екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер
Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек
Сол сұлу, сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиналғандай.
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері су сылдырап құйылғандай.
Бір улап, көз қарасы бір айнытқан,
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Лебізі- Жібек лебі, жұмақ желі,
Кәусардай тартқан адам қалар қанбай.
Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай.
Ноян жайында оның хал-күйі туралы:
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті. [16.64.]
Қыздың сұлулығы мен жігіттің жалын атқан ішкі сезімін
Осындай бәйшешектей екі жас өмірдің жан ашуынан, қызғаныш
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды,
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді.
Жақындап келіп қалып ағасына,
Түсіннен шошыды да, тоқтап тұрды...
Дегенше, қалды тартып батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті,
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
Жын шуы басқандай боп естімеді.
«Жан көке, аға!»- деген сөзді Баян.
Садағын сол секундта тартты тағы
Бір ашып, бір жұмбай да, көзді Баян
Үстіне денесінің інісінің
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті...
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті. [13.98.]
Поэмада бұл трагедиядық жайды әрі қарай суреттеу Мағжан
Биік романтикалық сарынға құрылған аса көркем поэмадан екі
Тіл байлығының қайнар көзі көп. Солардың бірі –
«Қара» сөзі ақынның поэтикалық тілінде әр түрлі реңк
1. «Қара» - сын есім, заттың түр-түсін білдіреді,
«Қара» сөзі көркем әдебиет тілінде түрлі тіркестермен («қара
2. «Қара» дерт, қасірет мағынасында:
Зор қуаныш қара түн өткеніне,
Алтын таңды ашық күе жеткеніе.
Осындағы «Қара түн» қасіретті, қайғылы оқиғаның өткенін сипаттап
3. «Қара» түрлі тіркесте келіп ел басындағы қайғылы
Алтын күн аспандағы қайдан білсін,
Қаптарын қапылыста қара бұлт.
4. «Қара» адамдардың қайырымсыздығын көрсетеді:
Мейірімді ием, таза, нәзік әйелді,
Қара жүрек қазаққа неге жараттың?
5. «Қара» адам басына күдік, уайым түскенді аңғартады:
Қара бұлтжауып ойымды,
Жылаймын, күлем, зорлаймын.
6. «Қара» адамның ниетінің қандай екнін сездіреді:
Тас жүрек көңілі қара жауыз жаудың,
Қолынан құлдық, қорлық уын ішіп.
7. «Қара» табиғатқа тән құбылыстың шынайы көркем суретін
Жиіленді қара орман,
Қарағай, қайың, аралас.
8. «Қара» соғыс қасіретін білдіруде:
Күн батысты шаң басты,
Шаң емес қара қан басты.
9. «Қара» өмір, заманның теріскей жақтарын түсіндіруде:
Өмір – зәндем қара бұлтты қара түн.
Естимісің қара өмірде жылы үн.
10. «Қара» адамның бір сәттік сезімінің құлдырау кезеңін
Жүрегі қара тас болып,
Айрылып естен азамат.
«Қара» өзін ақын осылайша құлпыртып түрлі мағыналық реңкте
Халқының қасірет уын бүкіл жанымен, қанымен ішкен Мағжан
2.1. Қазақ поэзиясында М.Мақатаевтың орны ерекше. Мұқағали ұлт
Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда [6.178.]–
Ақын бұл жырында қазақ халқының салт – дәстүрі
Мақатаев поэзиясынан танылатын тағы бір қасиет – ұлттық
Сабырмен сабақалып дәуірлерден,
Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген[7.48.] –
деп қазақ халқына тән ұлттық мінез арқылы ұлттық
Сәуір айы – малшыға сары уайым,
Малмен бірге бағады ауа райын[8.83.]
деп Мұқағали жырында шопан қарттың жорамалдық қасиеті ауа
Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болсаң,
Өнердің не екенін білмес едім [9.156.]–
деп жырлайды. Күмбірлей төгілген күйдің әсері, өнерімен таң
М.Мақатаев ана тақырыбына да қалам тербеген. Ақынның анаға
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем? [6.205.]
Өлең жолдарынан қазақ халқына тән ұлттық ерекшелік байқалады.Ақ
М.Мақатаев қай тақырыпқа қалам тербесе де өлең жолдарында
«Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді»
Майданға көкең кеткенде,
Осылай бәрі деп еді.
Әлди, әлди, бөпем-ау,
Бәрі де бекер екен-ау!
«Сабыр да түбі – сары алтын»
Сарғайып қашан жетем-ау?! [6.5.]
Қазақ халқында бесік өзінің қасиетімен ерекшеленеді.
2.2. Мұқағали Мақатаев поэзиясыда ерекше орын алатын тақырыптардың
Ақынның туған жер табиғатының сұлулығын көруі, сезінуі, жырлауы
Апыр – ай,
Туған жер – ай!
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім,
Кіндігімді байлаған қазығым – ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім... [7.12.]
Немесе:
Аһ,далам, айхай далам, сағым далам,
Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған,
Аспан құлап кетсе де тарынбаған,
Бір ғаламат бойыңда сабыр бар-ау,
Аһ, далам, айхай далам, сағым далам. [7.13.]
Осы жолдар арқылы Мұқағали қазақ лирикасында даланы өзгеше
Табиғатты көркем туындыға тиек еткенде, әрбір суреткер оған
Табиғат,
Жанымды алсаң,
Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім. [7.34.]
деп Мұқағали тебіренгендей, әр ақын өзін табиғат-ананың бір
Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, өзінің табиғатқа деген
Тау дейтін алып жүрек Ана туған.
Мен-таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,
Қуат алып қыранның қанатынан. [8.65.]
Немесе:
Талай да талай шынды астым,
Тастағы гүлмен мұңдастым.
Қарағайлармен құрдаспын,
Қайыңдармен сырласпын.
Тайсалмай өзім тауда өстім,
Таласар, кәні, бар ма ешкім? [9.45.]
Осылай бірде еркелесе, бірде еркін көсіліп, табиғатқа поэзияға
Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылыған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран. [7.178.]
дейді. Ол тау табиғатын терең түсінгендіктен жансыз нәрсе
Мұқағали поэзиясының табиғатпен тұтастығы ақын даналығының әрі ажырамас
Ақындық ізденіс жолында Мұқағали өзіне дейінгі поэзиямызда бар
Мен де жалғыз,
Аспанда ай да жалғыз.
Тып-тылсым
Тыңдап тұр ма айналамыз?!
Мен – жерде, Ай – аспанда,
Екеу ара
Үн – түнсіз сырласамыз, ойланамыз, [8.15.] -
деп аспандағы қол жетпес айды, жерде тұрған өзімен
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері.
Қырлар да мынау ойлар да,
Жап – жасыл болып гүлдеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап – жасыл шыбық талдағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ алмады,
Сонау бір үйді, шеттегі...
Табиғат пен адам тағдыры. [6.72.]
Көктемді кім жырламайды, бірақ Мұқағали талайлардың жүрегіне жара
Мұқағалидың жаз туралы өлеңдеріне көз жіберейікші :
Жарықтық
Жаздың таңы-ай!
Жадырап, қанатымды жаздым талай.
Жарықтық,
Жаздың таңы-ай белден асқан!
Баурын жерге басқан, шөлден аспан.
Қия алмай жаз төсегін, жар төсегін
Қиылып бозаруда жер мен аспан. [8.102.]
Көз алдыңа сиқрлы сұлу әлем елестейді. Ақын өзге
Енді қыз тақырыбына жазылған « Анау-аспан, мынау- бақ»
Аспан жердің арасын
Бақты кезіп, тал-қайың,
Дәрігер- қыс алуда.
Жалаң аяқ жылап жүр.
Табиғаттың жарасын
Қу бұтағын құшақтап,
Ақ дәкемен таңуда.
Түксиеді кәрі емен.
Таңдырып ап маңдайын
Қыс - тазалық ,
Қыс – аппақ,
Тағы көйлек сұрап жүр.
Әрі өкініш, әрі өлең... [9.14.]
Өлеңнің поэтикалық күш – қуаты, өлең тамырының соғысы
Ал, күзді бейнелеудегі ақынның қолданған көркемдік әдісі өзгеше.
Тағы да күз, тағы міне,
Сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы
Дейтін тозақтың,
Ой хой, шіркін, тағы да бір
Күзді міне ұзаттым... [9.14.]
Немесе :
Сен менің тынысым ең, тұрмысым ең,
Сен үшін өмір сүріп тырысып ем.
Жыл құсы мен оралған жаным менің,
Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.
Қызылы жоқ қырманда – күзде міне
Қайтқан құстың қараймын тізбесіне, [7.97.] -
деп өз сағынышын, күрең күзді өмірін мұңдана еске
Мұқағалидың табиғат лирикасының тақырыбы әр алуан, баяу нақышы,
Қорытынды
Екі ақының ұлттық болмысы танытуда тақырып жағынан ұқсастық
Қуат алып Абайдың тіл күшінен
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден[16.42.]
деп жырлаған Мұқағали Абай дәстүрін әрі қарай жалғастырды.
М.Мақатаев өмірді Абайша толғап, Абай дәстүрін жалғастырғанымен, қазіргі
Ұлы Абайдың :
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Түспеді ер жеткен соң уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. [30.264.]
Деген өлең жолдарының «қолымды мезгілінен кеш сермедім» тармағын
Өмірге ерте құлаш сермегенмен,
Өзімшіл жас жүректі тербегенмен.
Өсиетсіз, сүйеусіз, самарқау жас,
Өте алмассың өткелсіз көлденеңнен[14.52.]
деп жырлайды.
Ұлы Абай арманы «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп
М.Мақатаев Абай ойын дамыта отырып, қазаіргі заман ағымымен
М.Жұмабаевтың «Шын сорлы» өлеңінен Абайдың атақты «Қысына» ұқсастық
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бр сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес, [8.63.]
дейді Мағжан Абайға арнауында.
Жалпы, әр дәуірде өмір сүрсе де ақындар тағдыры
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы 2004ж
Т.Медетбек «Баба дәстүр мұрагері кім?» Алматы 2001ж
З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы 2004ж
З.Қабдолов «Көзқарас» Алматы 1996ж
Қ.Әбдезұлы «Әдебиет және өмір» Алматы 2002ж
М.Мақатаев «Өмір - өзен» Алматы 2005ж
М.Мақатаев Шығармалар жинағы Алматы 2007ж
М.Мақатаев Шығармалары Алматы 2006ж
М.Мақатаев «Аманат» Алматы 2002ж
10. М.Мақатаев «Соғады жүрек» Алматы 1982ж
11. М.Мақатаев «Шуағым менің» Алматы 1975ж
12. М.Жұмабаев Шығармалары Алматы 1995ж
13. М.Жұмабаев Көп томдық шығармалар жинағы Алмата 2005ж
14. М.Жұмабаев «Жан сөзі» Алматы 2005ж
15. М.Жұмабаев «Сүй, жан сәулем» Алматы 2002ж
16. М.Жұмабаев Таңдамалы Алматы 1992ж
17.М.Мақатаев «Жырлайды жүрек» Алматв 1989ж
18. М.Мақатаев «Өлеңдер» Алматы 1989ж
19. М.Мақатаев Шығармалары Алматы 2001ж
20. Қазақ тілі мен әдебиеті 2001 №2
21. Қазақ тілі мен әдебиеті 2004 №5
22. Егемен Қазақстан 2001 31 қазан
23.Жұлдыз 2001 №2
24. Қазақстан мектебі 2001 №3
25. Жалын 2001 №3
26. Таң Шолпан 2001 16 шілде
27. Қазақ әдебиеті 2004 16 шілде
28. Қазақ тілі мен әдебиеті 1998 №12
29. Азия транзит 2001№7
30. А.Құнанбаев. Қара сөз. Семей.2001ж