Жалаулы
Өсер елдің қай сәтте де бірлік
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды
1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы
Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше «ерлік» көрсеткен
Айрықша Алтынкүрек желі небәрі бірер күн
Біле тұра айтпағаннан жаманы жоқ. Желтоқсан
Асанова Ляззат Алтынайқызы Алматы облысы Панфилов
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова
Ляззаттың анасының айтуы бойынша «Ляззат жанұядағы
Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар
Желтоқсан көтерілісін зерттеген коммисия қорытындысы бойынша
Қайрат абақтыда отырған мезгілде қазақ тілінің
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен...»
Осылайша, жиырмасыншы ғасырдың біртуар ұлдарының бірі
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді масылдар.
Бұл Қайраттың «Өкініш» атты өлеңінен үзінді.
«Бұл дүниедегі зор бақыт еркіндік екен
«Біз қазақпыз мың өліп, мың тірілген»
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алыңға
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға,-деген болатын желтоқсан көтерілісінің
Қайрат өзі үшін, халқы үшін жасқанбастан
Қайрат бұл дүниеден ықтиярсыз көшкенімен, оның
Ешкімді аямай, жолындағының бәрін жаппай қиратып,
Желтоқсан көтерілісі жиырма жылдан бері айтылып
Мені мына бір жайт таңғалдырады: қазақ
«Тәуелсіздік тәтті сөз ғана емес, ұлттық
Он сегізінші ғасырда Сырым Датұлының, он
Өмір-өзен. Сол өзеннің толқындары бізді әйгілі
«Желтоқсан елге мереке шығар, ал маған
Сонымен не керек, іздеп алматыға бардық.
Ертеңінде кездесуге бардық. Ұлымның үстіне ала
Желтоқсанды біреу «мейрам» деп жатады, біреу
Ұлым тірі болмағасын бізге бәрібір сияқты
Қайрат Рысқұлбеков:
Кездесеміз әлі де
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді масылдар.
Айналайын, ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңе тіл қата алмай достарым,
Қайғы мұңлы өмірімді бастадым.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным.
Қош болыңдар, ағайын туыс бәріңде,
Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де...
Ақтық сөз
(Қ.Рысқұлбековтың сот залында оқыған «ақтық сөзі»)
Ұлы Ленин бабамыз,
Қатарға тең деп тартқан соң.
Компартия басқарып,
Достық отын жаққан соң,
Аға дедік орысты,
Адалдығы жаққан соң.
Ал енді қазір неткен күн!
Орыстан ынсап кеткен күн.
Тізесі қатты батқан соң,
Шыдамастан ақыры
Қарғыс атқан алаңда,
Қарғыс атқыр туған күн.
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесең даусың жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барасың,
Қатарым жусап қалғанда,
Қыршынымнан қиылып,
Солармен бірге өлсемші-ай!
Артта қалған ата анам,
Арулап қолдан көмсеші-ай!
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма
Бара қалсаң сәлем айт
Елдегі құрбы досыма.
«Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма:
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан
Титыққа орыс жетпесін,
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін.
Салт санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Ел көркейтер азамат,
Қызғаныштан тозбасын.
Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлыптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.
Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Үміт еткен Мәскеуден
Қарадай көңілің қалмасын.
Ленин салған сара жол
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың ьолсын әрдайым
Мойныма алып жаланы
Мен болайын құрбаның.
Бас аяғы сол болсын
Басыңа түскен қатердің,
Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты құрбандық»,
Атам десең, атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол,таңдарым.
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата анам,
Ел жұртым, саған аманат!